Классный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнан

Сабақтың тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан!»Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу; Дамытушылық:оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, тілеулес адамдарға деген ізгі ниеттерін дамыту; Тәрбиелілік:оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімін нығайту. Сабақтың көрнекілігі: Ұлы адамдардың ойлары, ұлағатты сөздері, дос...
Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанКлассный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнанҚандыағаш қ №2 орта мектебі


«Іздегенде табылатын

қасыңнан!»


Өткізген: Абдирзакова А.Ш

6 «Б» класс





2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Дамытушылық:оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, тілеулес адамдарға деген ізгі ниеттерін дамыту;

Тәрбиелілік:оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімін нығайту.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы адамдардың ойлары, ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, тірек сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері. Балаларды шеңбер құра отырып және қолдарынан ұстауын өтіну. Оқушылардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» (көршісінің атын айтады) дейді және қатар отырғанның қолын қысады. Жақсы көруді қабылдаушы оған күлкімен жауап береді және көрші оқушыға қайталайды.

ДосІІ.Ұйымдастыру кезеңі: Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адам

Мен өте жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын бірге болатын

Сенімді адам

  1. Адамдар арасынағы байланыс



  1. Достықты шеңберге теңедім



  1. Жүрек



  1. Гүл

Классный час на тему Іздегенде табылатын қасыңнан

ІІІ. Дәйексөз.

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты: бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? - деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет:

  • Достықтың екі түрлі болады: бірі - адал достық, екіншісі - амал достық.

«Енді оны алай ажырата аламыз» дегендерге:

«Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады», - деп жауап берген екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

«сөйлемді аяқта» тренингі

Екі топқа сөйлемдер беріледі. Топтағы әрбір оқушы сөйлемді жалғастыру керек

А) әрбір адамға дос керек, өйткені . . .

Ә) сыйластық бар жерде ...

Жағдаяттан шығу

  1. Сенің досың екеуің сайысқа қатыстыңдар. Сен сайыста жеңімпаз боламын деп талпынып едің, бірақ өкінішке орай досың жеңімпаз атанды. Сенің көңіл күйің қандай болады?

  2. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алады. Сынып жналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

  3. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп, соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

  4. Сіздің сыныбыңыздағы бір баламен ойнағысы және қарым-қатынас

жасағысы (араласқысы) келмейді. Тіпті сенің достарың оны мазақтауды қалайды. Ал, сен не істер едің?

Мұғалім:

-Досқа дегене сыйластық сезімі-әр адамның бойында бар қасиет. Ол-адам бойында Алла тағала оны жаратқанда-ақ қалыптасқан. Сыйластық сезім достар арасында да берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрмет сезімі зор болса,ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі.

ІV. Әңгімелесу.

«Жақсы дос-жан азығы»

«Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді. Жігіт қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ, менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.

Қолбасы:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.

Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен».

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жену қиын екен деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді».

1)Мына аңыз әңгімедегі достықты қандай достық деп бағалайсың?

2) «Дос қияметтік» деген сөзді қалай тұсінесің?

3)Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едін?

4)Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

V. Топпен ән айту. Мұғалім оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып Жан Досым өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.

1)Іздегенде табылатын қасыңнан

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан

Жан досым, үстем болсын мерейің

Әрқашан жеңісіңді көрейін

Сырымыз да бітпесін

Жырымыз да бітпесін

Жырымыз да бітпесін

2)Қос бұтағы секілденіп ағаштың

Қатар тұрып гүлімізді сан аштық

Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық

Адассақ та бірге жүріп адастық

3)Өмір өзі арқамызға жүк салып

Бәрімізді қияларға жұмсады

Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз

Қатар жанған екі шамға ұқсадық

VІ.Жағдаятты талдау Төмендегі жағдаятты оқып талдаймыз.
Сабақ бітуге , қоңырау шалынуға жақын қалды. Арман ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, көзінің астымен мұғалімге қарап қояды.
Мұғалім: Арман сен үйіңе қайтпайсың ба?
Арман ең соңғы оқушының сыртқа шыққанын күтіп, жауап қатты:
-Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай..
Мұғалім: Айта ғой , не айтпақшы едің?
Арман: Сыныптағы Айбек досым бар ғой..
Мұғалім: Иә, не болды?
Арман: Ол.. ол анасы сырқаттанып. Шамасы , ақшадан қиналып жүр ғой деймін.. Мұғалім: Солай ма?


Арман: Мен оған көмектессем деп едім, бірақ ол менің бұл көмегімді білсе қабылдамайды.( төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып талдаймыз)
- Арманның Айбекке деген қандай ниетін байқадыңдар?
- Оқиғаның соңын қалай аяқтар едіңдер?
- Егер оқиғадағы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Оқушылар кейіпкерлердің әрқайсысына мінездеме беріп, олардың орнына өздерін қою арқылы оқиғаның түйінін жасайды.
Жүректен жүрекке Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында оларға әріптер таратылады. Олар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс .
Үлгі: А-әрпі
-Сен досыңды қалай жақсы көресің?
-Адалым, ардағым …
-Өмірде дос болмаса не болар еді?
- ажарсыз, армансыз…
С-әрпі
-Досыңды неліктен жақсы көресің?
-Сырлас, сымбатты болғандықтан…. (Оқушылар өз пікірлері арқылы сабақты қорытындылайды.)

VІІ. Үй тапсырмасы. Дәптермен жұмыс, оқулықтағы мәтінді оқу.

VІІ. Жүректен жүрекке. Музыка ырғағымен «Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау». Жүргізуші сиқырлы таяқшаны отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны соған береді, ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға береді (мысалы, сенің дауысың қандай керемет Абай, сен сондай мейірімдісің Айым, сен сондай ақкөңілсің Дамир т.б.). Бір-біріне рахмет айтысады.

VІІІ. Қорытынды.

1. Қиын кездерде көмек көрсетіңдер.

2.Досыңды алдама, оған адал бол.

3.Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

4.Досыңды барда да сына,жоқта да сына.

5.Досыңның кемшілігін кешіре біл.


© 2010-2022