Классный час на тему Жасы үлкенді қадірлесе, құт болар

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:Халық даналығы арқылы отбасындағы туыстар сыйластығы , кішіге ізет ,үлкенге құрмет сияқты ата-бабамыздан келе жатқан қасиеттерді одан, әрі дамыта түсу

Көрнекіліктер:слайдтар

Нақыл сөздер :

«Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың»

«Кәріге құрмет - балаға міндет»

«Атаңа не қылсаң , алдыңа сол келер»

Өтілу барысы:

Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1-топ «Даналық» тобы

2-топ «Имандылық» тобы

3-топ «Ізгілік» тобы

1.Кіріспе сөз: Пайғамбарымыз Хадис шарифінде : «Ата - ананы құрмет ету-Алланы құрмет ету» деген .Баланың борышы ата-ананы ренжітпей, көңілінен шығу.Егер адам намаз оқып, ораза тұтып, зекет беріп , қажылыққа барды делік , бірақ ата-анасына қарсы келіп , қол көтеріп құрмет етпесе , Алла тағала оның істеген құлшылығын қабыл етпейді екен.

2.Өмірдерек

Ата-әжелерінің суреті слайд арқылы көрсетіледі .Оқушылар ата-әжелері туралы жинаған өмірдеректерін әңгімелейді.

3.Атадан қалған асыл сөз.

Әр топ өз білгендерінше айтады.

4.Жеті атаңды білесің бе?Жеті ата қалай таралады?

Топ оқушыларынан жеті аталары туралы сұралады.

5. Әңгімелесу сұрақтарға өз пікірлерін білідірту

«Қарттар үйінің көбейіп кетуі сізді ойландыра ма?

Әр топ өз ойларын ортаға салады.

6.Өсиет . Қариялар оқушыларға өсиет айтады.

7. Тренинг «Жүректен -жүрекке»

Оқушылар ата-әжелеріне сүйіспеншіліктерін білдіріп ақ тілектерін айтады.

8. Қорытынды .

Қария сөзіне диаграмма құру.Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты постер қорғайды.

© 2010-2022