- Преподавателю
- Классному руководителю
- Қ. Мырзалиев «Ана»
Қ. Мырзалиев «Ана»
Раздел | Классному руководителю |
Класс | - |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Муканова Г.Н. |
Дата | 08.04.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
18 .04.2014ж | жұма | 2-сабақ |
Сабақтың тақырыбы: | Қ.Мырзалиев «Ана»
| |
Жалпы мақсаты: | Оқушыларға Қ.Мырзалиевтің «Ана» өлеңі туралы мәлімет беру, ананың рөлі туралы білімдерін толықтырады. Ана сөзінің мағынасын, оны қалай құрметтеу керектігі жөнінде білімдерін жүйелейді. Өлеңді оқи отырып, өзінің шығармашылық қабілетін ұштайды. | |
Оқу нәтижелері: | Оқушы өз ойын ашық және еркін айтуды үйренеді /барлығы/. Ананы құрметтеуді, осы қасиеттерді өмірде қолдана алуға бейімдейді. Теориялық білімдерін ұштайды. | |
Түйінді идеялар: | Оқушы өздігінен талдай алады. Бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастырады. Поэзияны сүюге талпынады. | |
Сабақ кезеңдері: Кіріспе Уақыты: 7 минут Тұсаукесер Уақыты: 7 минут Негізгі бөлім Уақыты: 15 минут
Қорытынды: 5 минут
Үйге тапсырма: 1 минут Дереккөздер:
| Ұйымдастыру кезеңі: І. Психологиялық дайындық
Өткенді қайталау Үй тапсырмасын тексеру. Тақтада ілулі тұрған критерий шкаласы бойынша бағаланады тілін, ойын анықтай отырып, бағалау /смайликтер мен мадақтау/. Слайд көрсету Жаңа сабақ. І. «Қызығушылықтарын ояту» мақсатында Т.Серіковтың «Анашым» әні тыңдалады . Оқушылар көздерін жұмып, еркін отырып, әнді тыңдайды. Әннен соң әр оқушы әннің мағынасына қарай өз ойларын ортаға салады. /балалар пікірін тыңдау/ - Оқушылар, бүгінгі біздің тақырыбымыз Қ.Мырзалиевтің «Ана» өлеңі (оқушылар дәптерлеріне жазады) II. Тыныштық сәті. - Қ. Мырзалиевтің «Ана» өлеңін мәнерлеп оқып беремін. III. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі: I топ «Ана - қымбат жан» парағын толтыру. Ол ардақты. Ол ақылшы. Ол дана. Ол тірегіміз. II топ. «Бақытты жанұядағы - Ана бейнесі» (сурет салу) III топ. Ана туралы мақал - мәтелдер жазу. IV топ. «Ана» туралы ән шырқау. ФБ жүргіземін. Оқушыларды смайликпен және қол соғып, шапалақпен бағалап отырамын. Рефлексия немесе кері байланыс: Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар: - Қ. Мырзалиев кім? - «Ана» өлеңінің мазмұны қандай? - «Ана» образы өлеңде қалай суреттелген? - «Мен анама тілеймін!» әр оқушы өз анасына арнап тілек айтады. «Ана» өлеңін мәнерлі жаттау. Қазақ әдебиеті: 5 сынып Алматы «Атамұра» баспасы 2010 ж. Авторлары Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. Мектептегі мерекелер № 3 2011 ж., Қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 10 2013 ж. Әдістеме құралдары.
| |
|
|