Класный час Әдептіліктен озбайық (6сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тақырыбы: Әдептен озбайық



Сыныбы: 6 «д»

Өткізген күні:



2015/2016 оқу жылы

Сабақтың мақсты:

Білімділік: Оқушыларды әдептілікке, үлкенді құрметтеуге әрқашан әдептен озбауға баулу.

Тәрбиелілік:Балаларға әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Оның өмірдегі маңызына тоқталып өту.

Дамытушылық: Әдептілік -ізгілік өмір талабы. Суреттер, сахналау арқылы балаларды дамыту.

Сабақтың міндеттері: Сабақта балаларға еркін сөйлеуге, ойын ашық айтуға және тынығып сабақтан үлгі аларлықтай болуы.

Сабақтың әдісі:сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, түгендеу,

  2. Шаттық шеңбері: Бәріміз бірге тұрып «Келші келші балашым» әнін орындау.

Сөзі:Қ. Ыдырысовтікі

Әні: Е. Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын кудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судыңда.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар деп ойладым.

  1. Ойланайық пікірлесейік: (сұрақтарға жауап беру)

  1. Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?

  2. Әдептілік адамның іс -әрекетінде қандай көрініс табады?

  3. Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

  4. Әдептілік -әдемілік дегенді қалай түсінеіңдер?


  1. Оқысаңыз балалар...

Оқушыларға «Әдеп » Ы. Алтынсариннің әңгімесін окыту.


  1. Нақыл сөздер: берілген нақыл сөздерді оқу дәптерімізге жазып аламыз және оларға қортынды жасау, бүгінгі өмірден мысал келтіру.

Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж. Баласағұни.

Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,

Пайда түгел екі бірдей жалғанда

Екінші -ұят, сосын шындық - үшінші,

Үшеуімен ел көгер (түсінші!)

Биязыны халық сүйіп, ұғады.

Ісі түзу кісі төрге шығады.

Ж. Баласағұни.

7. Сергіту сәті: Әдептен озбайық (сахналық ойын)

Бұл ойынның шарты бойынша 4 оқушы щығады олар картчкада берілген жағдаятты өздері қойылым ретінде қойып береді ол жердегі оқушылар әдептілікті және сыпайылықты сонымен қатар үлкенге құрмет көрсетуді уағыздайды және өрескел қылықты баланың мәнезін көрсетеді. Ойынның ең басты маңыздылығы ешқандай сөйлеместен ыммен көрсете білуі қажет.

Жағдаят: Арман, Даурен , Олжас автобуста отыр, Арман сырқаттанып кележатыр еді. Автобус аялдамасында бір қария автобусқа мінді. Қарияға орын берген ешкім болмады, есік алдында тұрып қалған қарияға Арман орын береді. Қария қалтасынан кәмпит және тоқаш шығарып берип Арманға ымм ишарамен өз алғысын білдіреді. Аялдамадан 3дос бірге түсіп қалады арман тоқаштарын достарынада үлестіріп береді. Достары өздерін ыңғайсыз сезініп тоқашты алуға батылдары бармай тұрып қалады.

Не себепті Даурен мен Олжас тоқашты алуға ыңғайсызданып қалды?

Армандікі қаншалықты дұрыс ол ауырып отырсада неге орын берді?

Сендер Арманның орнында болсаңдар достарыңыз бен бөлісер ма едіңіз?

8. Адасқан антонимдер:

Еңбекқорлық -Жалқаулық

Көпшіл -Жасықтық

Жақсылық -Жамандық

Шыншыл -Алдау

Байсалдылық -Сабырсыздық

Кішіпейілділік -Тәкаппарлық

Төзімділік -Шыдамсыздық

Ержүректік -Қорқақтық

Намысшыл -Арсыз

Адал -Арам.

9. Оқушылар М. Мақатаевтің «Көшеде» өлеңін мәнерлер окимыз жане өлеңді өмірмен салыстырамыз. Өлең соңындағы сұрақтарға жауап берейікші.

Көшеде

Мен жолымды берейін, өт, қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың?

Анасының бергенін саған берген,

Аруағынан айналдым текті Ананың!

Жалған -ай

Жарсымды -ау ізет деген!

Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.

Қасиетін халқының сыйламайды,

Атасының дәстүрін күзетпеген.

10. Үй жұмысы: «Тістелген алма » Ел аузынан әңгімесін үйден оқып оған байланысты бірнеше мақал -мәтелдер мен салыстырып дәптерге түсіріп келу.

11. Жүректен -жүрекке «Менің періштем» менің колымдағы сандықша есімдеріңіз жасырылған оны алып біз бір *-біріміздің періштесі боп оған тілек айтамыз!

12. Оқушыларды мадақтау. Бағалау. Сау болыныздар балалар келесі кездескенше.


© 2010-2022