Көркем әдебиет Қолғап өлеңі

Көркем әдебиет Ә. Дүйсенбиев «Қолғап» өлеңі. Мақсаты:  Өлеңмен таныстыру,қолғаптың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлең мазмұнын түсіне отырып, жаттауға үйрету. Балалардың тіл байлығын,ой-өрісін кеңейту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қолғап, Суреттер Сөздік жұмыс: аяз, тоңды, ойылып кетті, біз. Билингвалды компонент: қолғап-рукавицы, перчатки. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларға жұмбақ жасыру     Ағайынды бесеуі,     Бірге киінеді, бірге шешінеді.    Ол не? -Қолғап. -Дұрыс айтасыңдар, қолғапты қай мезгі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көркем әдебиет

Ә. Дүйсенбиев «Қолғап» өлеңі.

Мақсаты: Өлеңмен таныстыру,қолғаптың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлең мазмұнын түсіне отырып, жаттауға үйрету. Балалардың тіл байлығын,ой-өрісін кеңейту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қолғап, Суреттер

Сөздік жұмыс: аяз, тоңды, ойылып кетті, біз.

Билингвалды компонент: қолғап-рукавицы, перчатки.

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларға жұмбақ жасыру

Ағайынды бесеуі,

Бірге киінеді, бірге шешінеді.

Ол не?

-Қолғап.

-Дұрыс айтасыңдар, қолғапты қай мезгілде киеміз?

-Қыс мезгілінде киеміз.

-Не үшін киеміз?

-Қолымыз тоңбас үшін киеміз.

Балалар, дұрыс айтасыңдар, қыстық яғни қалың қолғапты күн суықта киеміз.Кейбір қолғапты күн жылыда да киеміз . Үй соққанда, ағаш жарғанда т.б. Неліктен деп ойлайсыңдар?

-Қолымыз таза болу үшін, қатты заттар батпас үшін.

-Дұрыс, балалар және қолымызға қатты заттар батып, ойылып кетпес үшін киеміз .

-Қолғапты неден жасайды?

-Қандай түрлері бар?

(балалардың жауабы)

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар.

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсың,

Саналарың тынықсың.

-Бүгін Ә. Дүйсенбиевтің «Қолғап »өлеңімен танысамыз.

Қолғап

Жоғалыпты қолбағым,

Тыз-тыз етті қолдарым,

Сорып аяз тастады,

Естен кетпес тоңғаным

Қолғаптық жіп шығарып,

Тоқыды әжем біз алып.

Мен отырмын ұяттан,

Тоңғандай боп , қызарып.

Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлең-шумақтың мазмұнын әңгімелеу.

-Өлең не жайлы жазылған?

-Қолғап туралы.

-Осы өлеңді кім әңгімелеп айтып береді?

Мысалы: Дархан далада ойнап жүріп, қолғабын жоғалтып алды.Оның қолы қатты тоңды.Ол тоңғаннан кейін үйге кіріп, әжесіне қолғабын жоғалтып алғанын айтты.Әжесі қолғапқа жететіндей жіп алып қолғап тоқып берді. Дархан әжесінен қатты ұялды.

Әр баланың құрастырған әңгімесін тыңдау.

Дидактикалық ойын «Бөлшектен бүтін құрастыру»

Шарты: Қиылған қолғап, малқай т.б. қыстық киімдердің суреттерін құрастырады.

Қорытынды: -Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Қолғап туралы. Қолғаптың пайдасы туралы түсіндік .

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлең мазмұнын түсінеді.

Игереді: Қолғап түрлерін ажыратуды.

Меңгереді: Қолғап қолымызға жылулық беретінін ,адамдарға пайдасынын бар екенін.

© 2010-2022