Баяндама: «Толеранттылыққа тәрбиелеу бойынша оңды іс-тәжірибелер мен кездесетін қиындықтар»

Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну.          Міндеттер: ·        балалар мен жас өспірімдердің және жастардың    түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай  алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде  ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды  ұйымдастыру;  ·        жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі  мен өз денсаулықтары  мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; ·        жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

йцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсмитьбюйцукенгшщзхъчсмитьбюйцукенгшщзхъфывапролджэячсукенгшщзхъфывапролджэячс





Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі





Баяндама: «Толеранттылыққа тәрбиелеу бойынша оңды іс-тәжірибелер мен кездесетін қиындықтар»


13.08.2013


(облыстық тамыз маслихаты)










З.М. Ескалиева-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Толеранттылыққа тәрбиелеу бойынша оңды іс- тәжірибелер мен кездесетін қиындықтар

1995 жылы 19 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының шешімімен Толеранттылық ұстанымдарының декларациясы бекітілді. Толеранттылық- бұл бейбітшілік сүйгіштік, этникалық, діни, саяси конфессионалдық, тұлғааралық әралуандыққа төзгіштік, "басқаның" теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау.

Мақсат - жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну.

Міндеттер:

  • балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

  • жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

  • жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;

  • балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау.

Белгілі педагог-ғалым В.С.Кукушин толеранттылық қалыптастырудың басты бағыттары деп төмендегілерді көрсетеді:

  • Халық және адам құқы мен еркіндігі, нәсіл және діни конфессиялар туралы ғылыми білімдер жүйесімен таныстыру;

  • Жалпы адамзаттық және азаматтық сезімдер мен сана қалыптастыру;

  • Түрлі ұлт және дін өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

  • Өркениетті әлемде миграцияның үздіксіз тарихи үрдіс екенін түсіндіру;

  • Әрбір жеке басқа этникалық өзіндік ерекше көзқарастардың тән болуы табиғи құбылыс екенін ұғындыру;

  • Әр халықтың да өз этнопедагогикасының болатынын және оның өкілінің оны құрмет тұтуы заңды құбылыс екенін түсіндіру;

  • Оқу-тәрбие үрдісін, оқулықтар мазмұнын этнопедагогикалық, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген материалдармен байыту;

  • Әлемдегі діндер тарихымен таныстыру, кез келген діннің жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу деген ортақ мақсатты көздейтінін, әркім өз дінін ұстануға құқылы екенін саналы сезіндіру қажет.

Жоғарыда аталған белгілі ғалымдар ұлтаралық толеранттылықты тәрбиелеу технологиясын төмендегілерге теңестіреді:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын өзгерту (этномәдени және планетарлық құрауыштармен толықтыру);

  • Мектептік білім беру парадигмасын өзгерту (гуманистік парадигманы белсендіру);

  • Сабақтан тыс жұмыстарға жаңа реңк беру (мазмұнын этнопедагогикаландыру )

Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыруды түрлі арнайы курстар не факультативтік сабақтар кіріктіру арқылы жүзеге асырған оңды болмақ деп есептеледі. Осы мәселеге қатысты сауалнамаларға материалдар іріктеу барысында төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алуды ұсынылады:

  • Сауалнама мазмұны оқушыларға түсінікті және бір мәнде қабылдануы тиіс.

  • Сауалнама мазмұны оқушының басқа дін, ұлт, өмір салтына, мінез-құлыққа, құндылыққа, пікірге, нәсілге қатысты көрінетін өзгешеліктерге деген қатынасын білдіретіндей болуы керек.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушылар толеранттылығының қалыптасуының 4 деңгейі белгіленген:

  • интолеранттылық деңгейі жоғары

  • интолеранттылық деңгейі жоғары емес

  • толеранттылық деңгейі жоғары

  • толеранттылық деңгейі жоғары емес

  • Интолеранттылық деңгейі жоғары - басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және қабылдамау.

Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқықтылығын түсінгісі келмейді.

  • Интолеранттылық деңгейі жоғары емес - мәдениет өкілдерінің құқықтарын сөз жүзінде мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ сонымен қатар жекелеген әлеуметтік топтарға жағымсыз қатынасын ұстайды.

  • Толеранттылық деңгейі жоғары емес - мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді, түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ солай бола тұра, өз бетімен күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге қабілетті емес.

  • Толеранттылық деңгейі жоғары - басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды.

Бұл өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез келген мәдени дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениетпен өзіне қандай да бір пайдалы және құнды нәрселер таба біледі.

Тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностикалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан мектеп психологы түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт. Бүгінгі таңда ондай әдістемелер ғылыми негізделген де, мәселен, П.В.Степановтың әдістемесін пайдалануға болады ( төменде ұсынылады). Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды. Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған-туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді.

Ата-ана - толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.

Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.

Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.

Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Мұнда да мектеп психологы мен сынып жетекшінің көмегінсіз болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт. (слайдта көрсетілген)

Мектепте оқушылар мен ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргіздік. П.В. Степановтың «Егер сіздің аяғыңызды басса .....» әдістемесін оқушылар арасында пайдаландық. Толеранттылық және интолеранттылық деңгейін анықтау мақсатында 8-11 сыныптан 30 оқушыға сауалнама өткізілді. Оқушылар арасында өткізілген бұл сауалнамалар нәтижесінде оқушылардың толеранттылық деңгейі жақсы деңгейде екені байқалды.

Осы орайда оқушылардың басқаның көзқарасына деген шыдамдылығын және оған құрметпен қарау деңгейін анықтау үшін «Толеранттылық» тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл тестте оқушылардың қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар қолданылды. Оқушылардың берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенмен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі болатындай мінездер танытатындарын жасырмады.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор. Ата-ана мен балалар арасындағы толеранттылық қарым-қатынас жасау мәселелеріне келетін болсақ, баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек. Ол үшін біз ата-аналарға арналған А.Ю.Монахованың «Өз балаңызды түсінуге тырысаcыз ба?» атты тестті құпия түрде өткіздік. Жалпы бұл сауалнамаға 28 ата-ана қатысты. Бұл тесттің нәтижесінде ата-аналардың 80%-ы бала құқығын мойындаушы, жеке тәжірибеге, тіпті қателерін түсініп, оның өзі істеген әрекеттері үшін жауап беруге үйретуші ата-ана екендері анықталды.

Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларға арналған Н.И.Дереклееваның «Толеранттылық - адамгершілік мәдениетінің бөлігі ме?» атты сауалнаманы өткіздік. Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тәрбие туралы мәселелер қамтылған, сонымен қатар, мектепте қандай ұлт өкілдері оқитынын анықтау үшін 7-9 сынып оқушыларына да зерттеулер жүргізілді. Осы сауалнамалар нәтижесінде толеранттылық деңгейі жоғары - 8 ата-ана, толеранттылық деңгейі жоғары емес - 11ата-ана, интолеранттылық дамуы жоғары деңгейде - 4ата-ана, интолеранттылық даму деңгейі жоғары емес - 5ата-ана екені анықталды. Соңында сауалнаманың нәтижесі бізді қатты қуантты, өйткені ата-аналар да, оқушылар да өзге ұлттарға сыйластықпен және мейірімділікпен қарайтындығы көрінді

Оқушылар арасында толеранттылық жөнінде тәрбие беру түсініктері мен білімдерін жетілдіру мақсатында келесідей жаттығулар өткізілді:

«Сиқырлы үстел, не болмаса, Мен қандай жақсымын», «Алты түрлі түсті қалпақтар», «Екі портрет», «Бізді Сізбен біріктіретін ...».

Сондай-ақ оқушылармен қатар олардың ата-аналарымен де бірнеше жұмыс түрлерін өткіздік. Солардың бірі ата-аналарға арналған «Ой жинақтау» тренингі.

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Бұдан бөлек оқушы толеранттылығының қалыптасу деңгейін олардың мінез-құлықтарын бақылау, рөлдік ойын барысындағы эмоционалдық күйіне, проблемалық пікірталастар, топтық рефлексия, шығармаларын талдау, сауалнамалар арқылы білуге де болады.

Сауалнама парағы
(В.П.Степанов бойынша) Сізге ұсынылған бір қатар көзқарастардың қайсысымен келісетініңізді, қайсысымен келіспейтініңізді анықтауыңызды сұраймыз. Келісу не келіспеу деңгейіңізді төмендегідей бағалаңыз.

  • ++ әбден келісемін (әрине, келісемін);

  • + аздап келіспеушілік (келісетін шығармын);

  • 0 жауап беруге қиналамын.

  • - аздап келіспеушілік (келіспейтін шығармын);

  • - - мүлдем келіспеушілік

Әділетті болуға тырысыңыз. Өз бағалауыңызды сауалнама сұрағының қасына жазыңыз.

  1. Әр түрлі пікірлер жүретін топ ұзақ өмір сүре алмайды.

  2. Өркениетті елдер, мәселен Ресей, Қазақстан - Африка елдеріне көмектеспеуі тиіс, олар өз мәселелерін өздері шешсін.

  3. Азшылық көпшіліктің пікірін еркін сынай алуы, жақсылықтың белгісі.

  4. Байлардың балалары өз ақшаларына болса да, ерекше мектептерде оқуға құқылы болмауы тиіс.

  5. Артта қалған оңтүстік елдерден келгендерді белгілі бір арнайы аудандарда бөліп ұстап, оларды жеке мектептерде ғана оқытып, басқа адамдармен қарым-қатынасын шектесе дұрыс болар еді.

  6. 6. Жас адамның сақал қойып, шашын өсіруі кімге болса да жағымсыз.

  7. 7. Біздің елімізде тұратын аз ұлттар Қазақстан мемлекетінікінен бөлек өз дәстүрлері мен салттарымен байланысты ерекше заңдарына құқылы болуы тиіс.

  8. 8. Барлық қайыр сұраушылар мен үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастарды күштеп ұстап алып, жұмысқа салу қажет.

  9. 9. Адамдар тең болып жаралмаған: кейбіреулері басқаларға қарағанда ерекше екені рас.

  10. 10. Қара нәсілді адамды ақ нәсілділерге жетекші немесе басшы етіп қою әділетсіздік белгісі.

  11. 11. Қара нәсілді адамдардың сырт көрінісі қандай да бір белгісімен болса да, нормадан ауытқушылық болып табылады.

  12. 12. Қазіргі терроризмнің шығу себептерін батыс мәдениетінен іздеу керек.

  13. 13. Қайыршылар тұратын аудандарды жақсарту - бұл мемлекеттік ақшаны текке төгумен пара-пар.

  14. 14. Еврейлер де кез келген ұлт өкілдері сияқты қоғамға пайдалы азаматтар.

  15. 15. Тіпті ең бір түрлі адамның өзі ақылға қонбайтын ерекше қызығушылығы бар адам да өз көзқарасы мен өзін қорғауға құқылы болуы тиіс.

  16. 16. Қара нәсілді адамдар ақ нәсілді адамдардан экономикалық дамуы жағынан артта келе жатқанына қарамастан олардың ақыл-ой қабілеттерінің арасында ешқандай айырмашылықтың жоқтығына мен сенімдімін.

  17. 17. Өз елінен басқа да елді көбірек жақсы көріп, сол елге көбірек көмектесетін адамды жазалау керек.

  18. 18. Біз өз қаламызға басқа ел өкілдерінің көшіп келуін

  19. шектемеуіміз керек.

  20. 19. Азия және Африка елдерінің адамдары Қазақстан азаматтығын алса да басқа қазақстандықтармен бірдей жақсы жұмысқа және жоғары мемлекеттік қызметке тұра алмайды деген сөз әділетсіз айтылған деп есептеймін.

  21. 20. Барлық шешендер табиғатынан бірдей.

  22. 21. Түрлі нәсілдер мен ұлт өкілдерінің арасында таланты мен қабілеттерінің арасында айырмашылық бар.

  23. 22. Мен ұсқынсыз, салақ адамдарды көрсем, оларда жұмысым болмауы тиіс - өйткені бұл олардың жеке басының мәселесі деп ойлаймын.

  24. 23. Құрметтеуге лайық емес ұлттар мен халықтар бар.

  25. 24. Басқа дін өкілімен дос болатынымды көз алдыма елестетуім қиын.

  26. 25. Біздің еліміздегі адамдардың түрлі, тіпті қарама-қайшы көзқарастарды ұстануы - Қазақстан үшін пайдалы.

  27. 26. Бөтен немесе таныс емес сөздерді қолданатын жазушылар менің жүйкемді тоздырады.

  28. 27. Адамдарды оның ұлтына емес, оның адамгершілік және іскерлік сапаларына қарап бағалау қажет.

  29. 28.Тек бір ғана дін ақиқат дін бола алады.

  30. 29. Бір реткі қылмыс жасаған адам, кейін жағымды болып өзгере алмайды.

  31. 30. Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуы - оның мәдениетін байыта түседі.

  32. 31. Менімен келіспейтін адам, әдетте менің жүйкемді тоздырады.

  33. 32. Мен біздің барлығымыз үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін анық білемін, сондай-ақ басқалардың да оны солай түсінуі тиіс деп есептеймін.

  34. 33. Жарыңды өз ұлтыңнан таңдағаннан жақсысы жоқ.

  35. 34. Менің өзге елде біраз өмір сүргім келеді.

  36. 35. Қайыр тілеушілердің барлығы жалқау, екі жүзді және өтірікшілер деп есептеймін.

  37. 36. Басқа мәдениет өкілі, өзге дәстүрді ұстаушы немесе басқа дағдылары бар адам қоршаған ортадағыларды сақтандырып, қорқыныш сезімін ұялатады.

  38. 37. Ұлттық ерекшелігіне қарай кез келген құқығын төмендетушіліктің барлығы дерлік заңсыз деп табылып, қатаң жазалануы тиіс.

  39. 38. Азшылық топ өкілін немесе басқалардан өзгеше адамдар құқын қорғау аса маңызды.

  40. 39. Біздің елімізге қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін бәріне баратын неғұрлым төзімді адамдар қажет.

  41. 40. Кез келген ұлтаралық қақтығыстарды келіссөздер мен түсіністік табу арқылы шешуге болады.

  42. 40. Кез келген ұлтаралық қақтығыстарды келіссөздер мен түсіністік табу арқылы шешуге болады.

  43. 41. Біздің еліміздегі болып жатқан қыдмыстардың көпшілігін сырттан келгендер жасайды.

  44. 42. Кішірею -әлсіздік танытумен пара-пар.

  45. 43. Үкімет елімізге экономикалық жағынан артта қалған елдерден келіп жатқан босқындар легін тоқтатуы тиіс, өйткені ол қылмыстың көбеюіне жол береді.

Нәтижені өңдеу

  • Егер респондент жауабы (++) болса - 2 балл;

  • (+) болса 1- балл;

  • (0) болса -0 балл;

  • (- ) болса 1 балл;

  • (- - ) болса 2 балл алынып тасталады.

Нәтиже таңбаларды ескере отырып баллдар санының қосындысына тең болады.

Сонымен қатар,

3,7,14,15,16,18,19,22,15,17,30,34,37,38,39,40 сұрақтарда таңба ауыспайды.

Ал 1,2,4,5,6,8,9,10,11,12,13,17,20,21,23,24,26,

28,29,31,32,33,35,3,641,42,43,44,45 жауаптарда таңба кері таңбаға ауысады.

Қорытынды төмендегідей болады:

  • - 90- нан - 45 - инотолеранттылық дамуы жоғары деңгейде.

  • - 45-тен 0-ге дейін - инотолеранттылық даму деңгейі жоғары емес.

  • 0-ден 45-ке дейін - толеранттылық деңгейі жоғары емес.

  • 45-тен 90-ға дейін - толеранттылық деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

(оқушылармен өткізілген сауалнама корсеткіші слайдта көрсетіледі)

Жоғарыдағыдай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мектепте, отбасында оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.

Бұл баланың өзіндік әрекетін қалыптастыру әдістері:

Өз рухын өзі көтеруі

Өзін-өзі жетілдіру

  • Өзіндік талдау

  • Өзіндік сын

  • Өзін-өзі тану

  • Өзін-өзі тазарту

Өз білімін өзі көтеруі

Сезімі мен ақылын (санасын) өзі реттеу

  • Өзін-өзі тәрбиелеу

  • Озін-өзі оқыту

  • Өзін-өзі билеу

Өз тәртібін өзі қалыптастыруы

Ерік-жігері мен мінез-құлқын өзі қалыптастыруы

  • Өзін-өзі шектеу

  • Өзін-өзі бақылау

  • Өзін-өзі ынталандыру

Бұдан күтілетін нәтиже:

Санасында демократиялық ізгілік белгісі орныққан, кикілжің жағдайынан шешіммен шыға алатын, басқа ұлтты адамдардың құқықтары мен өмір салтын мойындайтын, айналасындағы адамдармен түсінісе, еркін пікірлесе алатын, агрессияға жол бермейтін психологиялық сауатты, білімді, толерантты тұлға қалыптасады.

Төмендегі слайдтардан мектебімізде осы саланы дамытуда атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесін тамашалай аласыздар.

Сіздерге қиын да қызық, жауапты да абыройлы қызметтеріңізге табыс, береке-бірлік тілеймін!







© 2010-2022