Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиеле ме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле баяндама

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,

өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле».



Байқасаң қазақтың өзінде бар,

Дүниенің генийлігі, пайғамбары.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Дана Қорқыттан - данышпан Абай және одан берідегі ірі ойшылдың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жоғарыдағы сөздері қазақтың өзіндік ұлттық болмысын даралайды. Көршілес ұлттардың аралас- құраластығында жұтылып кетпей, қайталанбас қасиетін сақтап қалуы, сөйтіп, ғасырдан- ғасырға жалғасудың шарты бұл. Өзіне-өзі менсінбей қарайтын халықтан сорлы жоқ шығар.

Халықтық тәрбие, біздің ойымызша, этнографиямен шектелмеуі керек. Халық даналығы баланың жан- дүниесіне мән береді. Еркіндігін орынсыз шектемеуді, баланы жасытпауды есте ұстайды. Бабалардыңосы салтынан ұлтымыздың өр мінезді азаматын тәрбиелеуді үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін сүюі, ерлігі жапондықтар мен американдықтардан бір де кем емс еді ғой. Соның сыры неде? Мұны да зерттеп білу керек-ақ. Бесік жырынан бастап, шешендік сөздер, тыйым сөз, түс жору, атқа міну, қыз айттыру салт-дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиенің берері мол.

Халықтық тәрбиенің бір бұлағы - шешендік сөздерде.

Қазақ халқының қарым-қатынас мәдениеті аса жоғары болған. Туысқан-бауыр, ата мен бала, құда-жекжаттың, қыз-жігіттің, қайын мен жеңгенің бір-біріне деген сый-құрметі қазақ баласының ұғымына кішкентайдан сіңірілетін өзінше бір мектеп. Оны сол ортада өспеген адамның біліп, түсінуі қиын. Бұл жөнінен де қазақтың шешендік сөздері ақылшы бола алады.

Балаға: Өз атаң, нағашы атаң, кіндік атаң, өкіл атаң, сүндет атаң, пір атаң, қайын атаң, - деп жеті атасын үйретіп, «Жеті атасын білген ер жеті рудың қамын жейді» деген қазақтың халықтық тәрбиесінің кеңпейілділігіне, адамгершілігіне тәнті боласың.

Қазақ кісілігінің түп тәрбиесі мен тұтас мектебі мақал-мәтелдерде жинақталған.

  1. «Заманың түлкі болса, тазы боп шап.»

  2. «Қылышты сұғып байқа өз санына,

Өз саның ауырмаса, біреуге сал.»

  1. «Таспен атқанды аспен ат.»

  2. «Еңбек қыл да, міндет қыл.»

  3. «Талаптан, нұр жауады талапты ерге.» т.б

Жетпіс жыл бұрын жазылған ақын ойларының бүгінгі күнге қабыспай тұрған жерлері де табылар, бәлкім, бірақ жалпы алғанда, оқушысын ойландырары сөзсіз.

Халық тәрбиесінің тағы бір бастауы - тыйым сөздерде. «Табу» (тыйым) деген ұғымды батыс ғылымына енгізген 18 ғасырдағы ағылшынның теңіз саяхатшысы - Д.Кук.

Қазақтың тыйым сөздерінде де халықтық тәрбиенің негізі жинақталған. Мысалы, «Әйел адам ер кісінің жолын кесіп өтпейді» - дейді. Сол арқылы, ер-азаматқа отбасының, елінің жауапкершілігін міндеттеп, әйелге азаматын құрметтеуді тапсырады. «Молаға қарай қолыңда шошайтпа», «Төрге қарап жүреңнен отырма, ырысың кетеді», «Адамға қарап керілме,» «Жатқан кісінің үстінен аттама». Т.б.

Сені жан- дінімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды... Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.


© 2010-2022