Тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Тақырыбы: Су – тіршілік көзіМақсаты: 1. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен танысып, тәжірибе жасау арқылы еритін және ерімейтін заттардың бар екенін білуге машықтандыру.2. Су жайлы алған түсініктерін одан әрібайқағыштығын, қызығушылықтырын дамыту.3. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Міндеттері: 1. Жазу, шығармашылық дағдысын қалыптастыру2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.3. Өз беттерінше жұмыс ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Су - тіршілік көзі


Мақсаты: 1. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен танысып, тәжірибе жасау арқылы еритін және ерімейтін заттардың бар екенін білуге машықтандыру.
2. Су жайлы алған түсініктерін одан әрі
байқағыштығын, қызығушылықтырын дамыту.
3. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Жазу, шығармашылық дағдысын қалыптастыру
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
3. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге
дағдыландыру.
4. Топта бірлесіп жұмыс жасау.

Көрнекілік: Әр топқа жазылған тапсырмалар, ережелер, табиғат көрінісінің суреті, кесте

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. (дүниетану, қазақ тілі, ана тілі, бейнелеу өнері)
Сабақтың барысы:
**Таңертеңгілік жиын
І. Ұйымдастыру кезеңі. - Кілем басына жиналу.
*Тілек айту. - Оқушылар бір - біріне тілек білдіру.
ІІ. Келісім шартқа отыру:
- орталықтарға берілген тапсырмаларды жүйелі орындау;
- ұйымшылдық;

Сергіту жаттығуы.
Күн шықты,
Жел тұрды
Аспанды бұлт жапты
Жаңбыр жауды.
Найзағай шарт етті.
Біз бұға қалдық.
ІІІ. Орталықтарға бөлініп отыру:
Өнер орталығы
Жазу орталығы
Шығармашылық орталығы
Ғылым орталығы

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Сұрақ - жауап.
1.- Қыста мұз үстінде сырғанақ тебесіңдер, ол мұз қайдан пайда болды?
2 - Көктемде жер бетінде қандай өзгерістер болады?
Көктемде жер бетінде қандай жылғалардан жан - жаққа су ағады?
3.- Ол сулар қайдан болады?
4. - Неге суды тіршілік көзі дейміз?

IV. Орталықтың шартын түсіндіру:
Орталыққа бөліну.
Орталыққа берілген тапсырманы қорытындылау. Гүлдер арқылы орталыққа бөліп отырғызу.
Ғылым орталығы (раушан гүлі)
Шығармашылық орталығы (райхан гүлі)
Өнер орталығы (бәйшешек гүлі
Жазу орталығы (қызғалдақ )
Әр орталықтың тапсырмасымен таныстырып өту.

Ғылым орталығы
а) Тәжірибе жасау арқылы көкөніс құрамындағы судың бар екенін дәлелде.
ә) Суда еритін және ерімейтін заттарды тәжірибе арқылы түсіндіріп көрсет.
Шығармашылық орталығы
* «Су - тіршілік көзі» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
* Неге теңіз және мұхит суларымен өсімдіктерді суаруға, ал адамдарға ішуге болмайды? Дәлелде.
Өнер орталығы: Жұмбақтарды шешу. Жұмбақтың шешуін қатыстырып сурет сал. Топпен сурет салу.

Жазу орталығы:
Суретке қарап судың пайдасын анықтап жаз.
«Сулы жер - нулы жер» мақалдың мағынасын ашып жаз.
Орталықтарға сұрақтар:

- Мен күніне қанша су пайдаланамын?
- Су шығынын қалай азайта аламын? Бұл қаншалықты қажет?
Есіңе сақта!
Шүмекті жаппай тіс тазалауға 6 - 8 литр су жұмсайсыз.
Егер де сіз су құбыры шүмегін тіс тазалағанша жауып қойсаңыз, онда сіз 4 литр су үнемдейсіз.
Егер сіз тісіңізді күніне екі рет тазаласаңыз 8литр суды үнемдейсіз.

Сұрақ - жауап арқылы судың жағдайларын пысықтау. Сызбаны толықтыру.
- Су қандай зат? (қатты, сұйық, бу)
- Судың түсі қандай? (ақ, түссіз, мөлдір, иіссіз)
- Судың пішіні бар ма? (қандай ыдыста болса да сондай пішінді болады)
- Пайдасы бар ма? (тазалық, сусын, тіршілік көзі)
Судың пайдасы - Тазалық, сусын, тіршілік көзі
Судың күйі - Қатты, сұйық, бу
Судың көлемі - Пішінсіз, қандай ыдыста
болса да сондай
пішінде болады
Судың қасиеті - Түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз

Өтілген материалдарды пысықтау:
Орталықтардың жұмысын бекіту.
(Кестені бірлесе отырып толтырады)
Мен күніне қанша су
пайдаланамын --------------------------- Су шығынын қалай азайта аламын ------ Бұл қаншалықты қажет
а) тамақ дайындау және ыдыс жууға -
ә) кір жууға -
б) шомылу және жуынуға -
в) әжет ыдыс шаюға -
г) ылғалды үй жинауға -

Кілем басына жиналу:
- Қандай сулар ішуге пайдалы?
- Судың тазалығын сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізу керек?
Судың адам өміріне, жан - жануарларға, өсімдіктерге өте қажет екенін білдік. Суды ластанудан сақтау әр адамның міндеті. Қоқыстарды суға тастауға болмайды. Судың тазалығын сақтасаң, оның ішіндегі жануарларды, өсімдіктерді сақтағаның.
Жүректен жүрекке
Кез - келген қонақтарға сыныптас достарыма зор денсаулық тілеймін
Балаларыңызға күн көзіндей шуақ тілеймін
Ашық аспан
Бүгінгі сабағымыз сәтті өтті
Сәттілік тілеймін!
Ашық аспан астында бақытты өмір сүрейік!
Отанымыз тыныш болсын!
Әрқашан күніміз сөнбесін ашық аспан астында күн шуағындай бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін!
"Судай мөлдір, сүттей ақ» болуларыңызға тілектеспіз!

© 2010-2022