Аялы алақан 8наурыз мерекесіне арналған шара

Тақырыбы: Аялы алақан Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту.Көрнекілігі: «Шуақты көктем келді гүлін алып,                       Көктемнің мерекесі бүгін анық.                      Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,                      Ана деп бас иеді күллі халық. »«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»Сайыс жоспары:1.    Топтың өзін таныстыруы.2.    «Ата дәстүрі- асыл қазына». (Сұрақ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аялы алақан

Мақсаты: Оқушыны халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде мұғаліммен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту.

Көрнекілігі: «Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық. »

«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»

Сайыс жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыруы.

  2. «Ата дәстүрі- асыл қазына». (Сұрақтарға жауап беру)

  3. «Тәтті ән мен әсем күй». ( Өнерлерін көрсету)

  4. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз». (Қолөнер бұйымдарының үлгісін жасау)

  5. «Аталар айтқан асыл сөз».(Мақал жалғасын табу)

  6. «Ас - адамның арқауы». (Ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу)

7. Ойын «ойыны» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

Сайысқа 1-4 сынып оқушылары мен аналар қатысады. Әр сыныптан құралған топтың құрамында: оқушы, анасы. Сайысқа қатысқан төрт топ:

  1. «Бәйшешек»

  2. «Қызғалдақ»

  3. «Жауқазын»

  4. «Раушан»

1-жүргізушінің кіріспе сөзі:

  • Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар. Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт тілеймін!

«Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшін де,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»- дей келе бүгінгі ертеңгілігімізге келіп отырған аналарымызды көктемнің көгілдір мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін оқушыларды ортаға шақырамыз..

Оқушылар ортаға шығады


1. Әр топ өздерінің орындарына жайғасқаннан кейін, кезекпен әр топтың өзін таныстыруы.

ІІ. «Ата дәстүрі- асыл қазына» шарты бойынша әр топқа 7 сұрақ беріледі. 7 саны әрқашанда қазақ халқы үшін қасиетті сан ғой . Осы сұрақтың 1 мин. ішінде нешеуіне дұрыс жауап беріледі, сол есепке алынады.

1топқа - 2 топқа-

1.Абай Құнанбаев кім? 1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Құрмалдық деген не? 2. Шілдехана деген не?

3.Қазақтың хандарын ата. 3.Қазақтың батырларын ата .

4.А.Байтұрсыновтың өлеңін айту 4.М.Мақатаевтың өлеңін айту

5.Көбейту -компоненттерін ата 5.Қосу - компоненттерін ата

6.Жылқы малының атаулары 6.Қара малдың атаулары

7.Қандай санды оңынан да 7.Ең үлкен алты таңбалы санды

солынан да оқыса, ата.

сол сан атауы шығады.

3 топқа- 4 топқа -

1.Ахмет Байтұрсынов кім? 1.Мұқағали Мақатаев кім?

2.Тасаттық деген не? 2.Бастаңғы деген не?

3.Қазақ билерін ата. 3.Қазақ күйшілерін ата.

4.Ы.Алтынсариннің өлеңін айту 4.А.Құнанбаевтың өлеңін айту

5.Азайту - компоненттерін ата 5.Бөлу - компоненттерін ата

6.Киіз үйдің құрылысының атауы 6.Туған туыстардың атаулары

7.Бірінші буыны сан есім, екінші 7.5 қаз ұшып келедіаңшы үшеуін

буыны, заттың атын білдіретін атып алды, нешеуі қалды?

сөзден құралған оңтүстіктегі өзеннің атауы

ІІІ. Абай атамыздың сөзімен айтқанда

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен әсем күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»-

кезекті өнер сайысына береміз. Әр топ өзінің кезегінде ән айтып, би билеп өздерінің өнерге икемділігін байқатады.

ІV. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз»

Әр топ өздеріне берілген оюлармен қолөнер бұйымының үлгісін жасап көрсетуі қажет және қолөнер бұйымы туралы айтып түсіндіреді.

V. «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінде мақал-мәтелден сайысқа түседі. Мақалдың басы айтылып, соңын өздері жалғастырады.

1 топқа:

1.Ұяда не көрсең, ( ұшқанда соны ілерсің)

2. Атаңа не қылсаң, (алдыңа сол келер)

3. Әдепті елдің қыздары, (қырмызы асыл жібектей)

2 топқа :

1 . Әдептілік белгісі- ( иіліп сәлем бергенің)

2. Анаға қарап, қыз өсер, ( әкеге қарап, ұл өсер)

3. Барған жеріне тастай бат, ( судай сің)

3 топқа:

1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, ( әдепсіз бала ата- анасын қақсатар)

2 . Әке көрген оқ жонар, ( шеше көрген тон пішер)

3. Қыз өссе елдің көркі, ( ұл өссе жердің көркі)

4 топқа:

1.Әдепті бала - арлы бала, ( әдепсіз бала сорлы бала)

2. Қыз туса , ( өрісің кеңиді)

3. Қызым саған айтам, (келінім сен тыңда)

VІ. «Ас- адамның арқауы»

бұл бөлімде ұлттық тағам түрлерінің біреуін, олардың жасалуын түсіндіріп өтті.

VІІ. «Аялы алақан ойыны» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу


  • Қорытынды. Сайыс шарттарына сай, жинаған ұпай санымен топтардың жетістіктерін айтып, марапаттау

Жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ жаулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсаң, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс.

Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

Бүгінгі 8 наурыз халықаралық мерекелік шарамыздың

2 бөліміне назар аударып қабыл алуларыңызды өтінемін.


Хор: «Ана туралы жыр».

Айымгүл: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

Толқын:

Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты

- Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін дейді

Әйелдер бір -бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса, бірде- бір жан қалмаған екен. Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.Сөйтіп аналардың асқан ақылдылығының арқасында бір халық жаудан аман қалған екен.

Гүлзат:

Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ана алдындағы парызынан құтылмайсың деген екен . Бәріміз де ана алдында борыштармыз, ана алдындағы борышты өтеу бізге міндет. Сол себепті аналар сіздерге бас ие отырып келесі әнімізді арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Мейірлан: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Айдос :Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Болатбек: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Райымбек: Ана ол біздің елге атақты адам.

Кішісі де,үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да

Ана деп біздің халық текке айтпаған

Салтанат: Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бір ғана сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайынан алақаның.

Өмірге Ана-бақыт,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен,талай көсем,

Талай ер,талай дана,талай ақын.

Жомарт: Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің

Ұсынамыз біз бүгін,

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Ұсынамыз ұсынамыз

Жырдың сұлу шоқ гүлін

Жанболат: Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Салауат: Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Әжемізге мың алғыс!

Жандарбек: «Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат,

Тілегінде марқабат

Апаларға мың алғыс

Жақсыберген: Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым күнім»- дейтін,

Салтанат: Әлемдегі ақылды адам-

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

.Менің анам алтын

Менің де анам алтын

Аналарды құрметтеп

Қол соғыңдар жалпың

Ән шашу "Анашым"

Айымгүл: Халқымның әні қандай, жыры қандай

Шешеннің нәрі тамған тілі балдай

Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын

Ал биі нәзікжанды балқытқандай!

Қазақ биі - «Қара жорға»

Гүлзат

- Біздің өміріміздегі қымбат жандардың бірі - ұстаз! Үйде ата-анамыз,

мектепте мұғалім бағыт-бағдар береді. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, адам жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялайды.

І-Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

3 бөлімде балалар аналарына әзірлеген сыйлықтарын ұсыну, мерекелік дастархан







© 2010-2022