«Қош бол, құтты Әліппем»

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көксу ауданы Балпық би ауылы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Жамауова Раушан Жамауовна






«Қош бол, құтты Әліппем»

Мақсаты: Оқушылардың ең алғаш сауат ашқан сүйікті кітаптары әліппені

қалай меңгергендіктерін, әріпті қалай танығандықтарын

қорытындылау.

Көрнекілігі: Үлкен көлемде жасалған «Әліппе» және «Ана тілі» мұқабасы,

мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, шарлар, т.б.

Музыка ойнайды

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

«Әліппені бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпесс із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Музыка ойнайды ,жүргізуші шығады:

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, аяулы ата-аналар! Күні кеше ғана қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттап, әліппені қолға алған бүлдіршіндеріңіз , бүгін міне хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені де бітіріп отыр.

Әрине, бұл сіздер үшін де, біздер үшін де үлкен қуаныш. Олай болса «Қош бол, құтты Әліппем» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар.

-Ән шашу.4ә сынып оқушысы өзінің Отан туралы әнін 1 сынып оқушыларына арнайды.

Жүргізуші:

Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңдар!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр- әніміз.

Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығады,
Барлық маман мектептен аттанады.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!

Али Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Әліппемен қоштаспақ

Өсті білім, бойымыз.

Хормен: Құтты болсын тойымыз!!!

Сабина Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық.

Еркебұлан

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым - білім жолына,

Енді қайық саламыз.

Дана : Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жаза аламыз.

Әйгерім : Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа

әңгімелерді бөгетсіз-ақ оқи аламыз.

Әсем : Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсеге үйрендік. Сурет салуға, ән

айтуға, есептеуге, би билеуге, еңбек етуге.

Жүргізуші : Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті - Әліппе.

Жүргізуші: Хор: Әліппе.

Жүргізуші:

Білім-оймен арымыз
Рухани нәріміз
Әне, әліппе келеді
Қол соғайық бәріміз.

Мұғалім:

-Кел. төрлет Әліппе құтты орныңызға отырыңыз!

Әліппе ортаға шығады.

Армысыздар, жас достар

Армысыздар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

«Әліппең» келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жүргізуші:

-Рахмет әліппе , бізбен бірге балалардың өнерін тамашалаңыз.

Данагүл : Ең алғаш алғанымды әліппені,

Қызығын қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалармеді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Жәнібек : Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпын.

Дәрмен : Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа,

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

Ерасыл : Ана, әке атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бәрін нағыз жақсының,

Сенен білдік Әліппе.

Ахмедияр: Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл берді Әліппе,

Ақылшы сен мұғалім.

Оқушылар тақпақтарын айтады.

Санжар : Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Хормен: - Рахмет, ұстаз алғашқы!

Жүргізуші:

Әнші балапан. Орындайтындар: Жұмаш Анель, Рафикова Айгерім,

Мұғалім:

-Балалар ,әліппенің бізге әкелген тапсырмалары бар екен,кәне бәріміз бірге сол тапсырмаларды орындайық.

Әліппе: Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы, кім дейміз?

Хормен: Әдепті

Әліппе: Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы, кім жейміз?

Хормен: Үлгілі

Әліппе: Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы, кім дейміз.

Хормен: Ұқыпты

Әліппе: Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса, кім дейміз?

Хормен: Шыншыл .

Әліппе: Міне, дұрыс! Кәне, енді әндеріңді де тыңдайық.

Жүргізуші: Ән .Достық. Орындайтындар :

Жүргізуші:
Ақылшы жанға cepік, жол бастаушы
Асыл ой қазынасы, өмір көркі
Түзу отыр партада
Қыры батпас арқаңа
Аянба, шомыл көк терге,
Әдемі жазғай дәптерге
Досыңдай жүрер күнде еріп
Шәкіртке cepік күнделік
Оқулық бір-ақ жылға ма?
Бүктеме, сызба тырнама!
Қарындаш, қалам сен ал да,
Салып қой, кешке «пеналға».

Мұғалім:

Балалар, бұл тәлім өлең бәрімізге қатысты. Олай болса, келе жатқан жаңа жыл мерекесіне шырша жасау үшін ойыншықтар керек емес пе?.
Ал, ендеше жаңа жылдық ойыншық жинау ойынын арқылы балаларымыздың білімін тексеріп көрейік.
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?/2/

Дауысты дыбыстар ше?/2/

Дауыссыз дыбыстар ше?/3/

3. «Ребус шешу » ойыны

Жүргізуші:

Ал ,кәнекей ,балалар олай болса жұмбақ шешіп көрелік.

4. Жұмбақ шешу.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (сағат)

Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)

Үйреткен әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап? (әліппе)

Мұғалім: Кәне ,балалар есептер шығарып көрелік.
6. Математикалық сандық. (есептер шығару)

-Міне балалар жаңа жылдың шыршасы да дайын болды, биылғы жаңа жылымыз қандай жыл?

-Маймыл жылы

Мұғалім:

-Олай болса ,балалар биылғы жыл сендерге бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, әкелсін деп тілеймін.

Жүргізуші:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым
-Балалар сендердің жамандықтарыңды жасырып, жақсылықтарыңды асырып жүрген ата-аналарың, қатарларының теңі болып, көйлектері көк, тамақтарын тоқ болулары сол кісілердің арқасы. Ендеше осы ата-аналарымызға да лебізімізді білдірейік.

Хормен:

-Бас иеміз құрметпен

Жүргізуші:

-Аналарымызға арнап ,Биші болам өскенде әнін арнаймыз.

Орындайтын:Жанатұлы Ахмедияр

Жүргізуші: Енді бір сәт «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалайық.

Көрініс: Мақта қыз бен мысық.

Жүргізуші:

Міне, балалар Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Ендеше осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен, «Әліппемізбен» қоштасатын уақыт болды. Олай болса Әліппені шығарып салайық.

Әліппе: Айналайын балғындар,

Менен білім алдыңдыр.

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам.

Рахмет айтып шаттанам

Риза боп аттанам.

Аттанатын жолым бар.

Оқумен өсіп толыңдар

Аман - есен болыңдар.

Хормен:

Қош бол, құтты Әліппем,

Жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

-Нұрахметқызы Қалжанның орындауында Әліппе әнін тыңдаңыздар.

Жүргізуші : Балалар енді біздің алдымызда біз сүйіп оқитын кітабымыз

Ана тілі тұр. Енді Әліппенің орнына Ана тілін оқитын боламыз.

-Кәне ана тілін қол соғып қарсы алайық.

Хормен: -Хош келдің ана тілі

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім - ұраным

Ана тілім - құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кеңдігім.

- Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты әңгімелер, ертегілер айтып беремін. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.Мені бар ынталарыңмен оқуға уәде бересіңдерме?

Оқушылар: Уәде береміз!

Жүргізуші: Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашаққа бастаған дана тілім.

Мұғалім: -Мінекей, құрметті қонақтар балаларымыз әліппені ойдағыдай аяқтап отыр . Сондықтан , Қымбатты оқушыларым, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей келе әліппе оқулығын жақсы бітіргендерің үшін диплом ұсынбақпын.

Жүргізуші: Жүздерінен көрем шаттық арайын

Болсын солай, әр бір күнін, әр айын.

Тойларыңыз құтты болсын ағайын

Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі, әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға әнмен шашу шашпақ балалар

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім : Осымен «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

-Ортамызға Шырша жыры әнімен Нұрахметқызы Қалжанды шақырамыз.

Ұстаздардың құттықтау сөзі

Ата-аналардың құттықтау сөзі.


© 2010-2022