НАУРЫЗ - ҰЛЫС БЕРЕКЕМ ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз- ұлыс берекем

Мақсаты:

Білімділік: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

Түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Көрнекілік: заттар, тағамдар

1 жүргізуші

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін.

Мереке басы болсын мерекенің,

Ардақта Наурыз тойы- салтыңды елім.

2 жүргізуші

Той деп көңіл шіркін тасады,

Той деп халқым шашу шашады.

Ауылымызда болар тойымызда,

Әнші, күйші күйге бүгін басады.

1 жүргізуші

Жиылыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен- кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрелетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап мынау біздің төрімізге.

2 жүргізуші

Көктемнің жан сергітер самалы есіп,

Келіп тұр наурыз тойы қағып есік.

Қырандай қиырларға қанат сермеп,

Жасай берсін туған ел- алтын бесік!

Апа:

  • Гүлсезім, Саяжан жиһаз- мүлікті шығарып, шаңын сүртіңдер.Береке от басынан басталады демекші, ұлыстың ұлы күні наурызды таза үйде қарсы алайық.

Гүлсезім: Жыл басы жақсы болса, аяғы да жақсы болады ғой, апа.

  • Иә, шырағым.

Саяжан: Апа, Қыдыр ата 21 наурызда таңғы сағат 3-те үй- үйді аралайды дейді.Сол рас па?

  • Рас, айналайын.Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге енсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле -жаладан аман болады.

  • Қыдыр ата келеді.

  • Үмбет: Армысыз, Қыдыр баба!

  • Қыдыр баба: Бар бол, жарқыным! Жанарыңда нұр ойнаған қай баласың, қарағым?!

  • Үмбет: Көңілі жарқын, ниеті ақ, ұзында өші, қысқада кегі жоқ, досына құшағы ашық, дархандығына дос дос қана емес, дұшпаны да ғашық қазақ деген халықтың ұланымын, әз Баба!

  • Қыдыр баба: Бәрекелді, бәрекелді, өренім! Алатаудың мұзбалақ қыранындай даусың саңқылдап тұр екен! Тек ұзағынан болғай, самғар аспаның кең болсын, ұлым! Иә, не тілейсің, жас ұлан?

  • Үмбет: Өз көңіліме салсам, алып ұшқан жүрегім күллі дүниедегі жақсылық атаулыны құшқысы келеді. Игілік атты барлықтың бауырымда болғанын қалар едім, әз ата! Бірақ менің Қазақ халқы атты ұлы анам, Қазақ халқы атты ұлы әкем бар. Сол екі бірдей ардағым аман болсын деп тілеймін, Баба!

  • Бекарыс: Кеңдігі ұшқан құстың қанатын,

  • Жүгірген аңның тұяғын тоздырған,

  • Көгінде қыран, жеріде ұлан ойнаған,

  • Теңдік пен татулықтың киелі бесігі,

  • Қазақстаным - Отаным аман болсын деп тілеймін Баба!

  • Қуаныш: «Ырыс алды - ынтымақ», «Татулық түбі - береке» деуші еді үлкендер. Халқым үшін ынтымақ пен береке, татулық сұраймын, қасиетті Қыдыр баба!

  • Сержан: «Бірлік түбі - тірлік», «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, ынтымағы күшейген озады» деуші еді үлкендер. Халқым үшін бірлік тілеймін, әз Баба!

  • Дарын: Қатерлі қиын жолдардан,

  • Алмағайып сындардан,

  • Қиясы қиын шыңдардан,

  • Тайдырып алмай тағасын,

  • Жыртқызып алмай жағасын,

  • Халқына болып шам-шырақ,

  • Болашаққа бастаған,

  • Президентім жасасын!

  • Қыдыр баба: Қабыл болсын тіегі ұландардың,

  • Тағдырын бер оларға қырандардың.

  • Елім, жерім, Отаным дейді олар,

  • Болашақ иесі бол замандардың.

  • Жалыны бар алаулаған жанарда,

  • Сұңқар ұлан қатарынан қалар ма?

  • Дәл осындай ұлдары бар қазақтың

  • Бақыт оты тек биікте жанар да!

  • Баладай таза жүректерің,

  • Отаның болсын тілектерің,

  • Жасөспірім, көк шыбық өрендерім,

  • Қабыл болсын тілеген тілектерің! Әумин!

  • Қыдыр баба: Уай, аузын ашса, көмекейі көрінетін ақ жүрек, адал қазақ халқы! Сен көрмеген тағдырдың теперіші мен бұралаң, бұлтарысы көп заман талқысы аз болған жоқ, Өз алдына ер болып, туыңды тіктің. Досың сүйінді, дұшпаның күйінді. Күллі әлемге паш етіп, Сарыарқаның төсіне салтанатты Астанаңды қондырып, қарыштап қадам басып, болашаққа бет түзепсіңдер!

  • Барар бағыттарың бұлтсыз ашық,

  • Жайдары жаздың күніндей болсын.

  • Ел-жұрттың тыныштығы мен ынтымағының

  • Қаймағы бұзылып, іргесі сөгілмесін.

1 жүргізуші:

Қасындағы жас өрен,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндіктері қалқиып.

Келіншек шығар кейкиіп,

Сәукелесі саудырап.

Қыз шығады жымиып,

Екі көзі жаудырап.

1 қыз

- Армысың, қайырымды Күн-Ана!

2 қыз

- Кеудесі түкті Жер- ана, құт дарыт, жарылқа!

3 қыз.

- Армысыздар,ата-баба, жас ұлан!

(Музыка ойнайды. Қолдарында күріш, сүт, су құйылған ыдыстары бар)

1 қыз

- Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз құтты болсын! (Кесеге сүтті құяды)

2 қыз

- Жыл бойы жауын- шашын көп болсын! (Кесеге суды құяды)

3 қыз

- Қамбамыз дәнге толсын. Нан болса ән болады. (Кесеге күріш салады)

(Қыздар ыдыстарды алып үстелге қояды)

1 жүргізуші

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Наурыз тойын барша жұрт ,

Шашу шашып қарсы алайық.

(Шашу шашылады)

Би биленеді. «Бипыл»

Апа:

  • Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.Қарақтарым келіңдер, наурыз көжені пісірейік.

Саяжан:

  • Қалай? Оған не саламыз, апа?

Гүлсезім: Наурыз көже - Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

«Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен көрініс.

Автор: Шеткері тұрған үлкен ақ ордаға Алдар жабықтан сығалайды. Қазақы үйдің түрінде сақалын сипап ыайбай отыр, бәйбшесі қамыр ысып отыр, қызы Бізбике қаздың жүнін жұлып отыр.

Алдар: -Ассалаумағалейкум!

Шығайбай: Е, Алдар, не көріп, не білдің? Әңгіме айта отыр.

Алдар: Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?

Шығайбай: Естігенің өтірік болады, көргеніңді айт.

Алдар: Бай-еке,, кеше мен ауылдан шығып, жолмен келе жатсам, алдымнан жуандығы бәйбішенің астындағы қамырдың жуандығындай жылан шыға келді.

Бәйбіше: Ой тіліңе шоқ түссін, қамыы несі-ей?!

Алдар: Содан ана тоқалдың астыдағы қойдың басындай таспен бір пергенімде ой Аллай, тура ана бәйбішенің артындағы қамырдай мыжылды да қалды.

Өтірік айтсам, ана қызыңыздың астындағы қаздай жұлынайын.

Бәйбіше: Ой тіліңе шоқ түссін! Шоқ түскір! Қарашы-ей, мынаның көргішін - ай!

Шығайбай: Ой бұл қу бәрін біліп келіп отыр, шығарыңдар, астардағыны.Етті қазанға сал, бәйбіше! Әйтеуір бір пісер! «Піс қазаным 5 ай!»

Алдар: -Отырайын, он ай!

Автор: -Міне, осылай Алдар мен Шығайбай жантая кетеді. Әйелдер мен қызы жатып қалады. Көп уақыттан кейін бай да, үй-іші түгел ұйқыға кетеді. Осы сәтті пайдаланып Алдар көсе ақырын тұрып, қазандағы піскен етті басқа ыдысқа салып алып, орнына көн тулақты кесіп-кесіп салып қояды. Сөйтіп Шығайбайдың сараңдығын осылай жеңген екен. Содан бері Алдарға Шығайбай қатты ашулы екен.

Ата:

  • Алдаркөсе, Шықбермес Шығайбай, келіңдер біздің дастарқанға жайғасыңдар. Ұлыстың ұлы күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш деген, бір- бірлеріңді кешіріңдер.

  • Жақсылыққа жақсылық- жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық- ер жігіттің ісі. Бұл өмірде кешірімді болайық.

Апа:

  • Қыздар-ау сыртта жүрген бала-шағаға наурыз көже таратыңдар.Ақтан бәрі дәм татсын.

(Залға наурыз көже таратылады)

Ән шырқалады.

Ата-аналармен ойын ойналады:

  1. Ұлттық ойындарды атаңыз.

  2. Наурыз неше түрлі тағамнан дайындалады. Олар қандай тағамдар?

  3. Төрт түліктің иелері қалай аталады? (Шопан ата, Қамбар ата , Ойсылқара, Зеңгі баба)

  4. Қазақтың қандай салт - дәстүрін білесіз? (бесікке салу, қыз ұзату, тұсаукесу)

  5. Қазақ халқының сүт тағамдарын ата. (қымыз, айран, шұбат, ірімшік, т.б.)

  6. Қандай тыйым сөзді білесің? (Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма )

  7. Наурызға ақ тілегіңізді айтыңыз?

1-жүргізуші:

-Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.Ата, дастарқанға бата беріңіз.

Ата:

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оң қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Қыруар малың өріске толсын.

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген батам.

(Барлығы орындарынан тұрады)


© 2010-2022