Даярлық тобындағы аналар мерекесіне арналған Аяулы ана, ару бүлдіршін ертеңгілігі

Тақырыбы: «Аяулы ана, ару бүлдіршін». Мақсаты: Балаларды  мейірділікке, аналардың  өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,       сүйіспеншілікті  арттыруға,  үлкенге  ізет, кішіге  үлгі  бола  білуге үйрету.    Бала бойына  ізгілік,  инабаттылық  сияқты  қасиеттерді  қалыптастыру. Керекті  құрал-жабдықтар: шарлар, бағалар көрсететін таяқшалар, балалар залда жарты    шеңбер құрып тұрады. Ертеңгіліктің барысы:  1-бөлім-концерттік  бағдарлама. 1-жүргізуші:  Шуақты  көктем  келді  гүлін  алып,            ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Аяулы ана, ару бүлдіршін».

Мақсаты: Балаларды мейірділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Керекті құрал-жабдықтар: шарлар, бағалар көрсететін таяқшалар, балалар залда жарты шеңбер құрып тұрады.

Ертеңгіліктің барысы: 1-бөлім-концерттік бағдарлама.

1-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де гүлі аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

2-жүргізуші: «Ана» - дейміз бәрімізде аңқылдап,

«Ана»- дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген - бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген - алтын қазық, алтын бақ!

1-жүргізуші: Құрметті аналар мен әжелер,

2-жүргізуші: қадірлі ұстаздар мен қызғалдақ қыздар!

1-жүргізуші: Баршаңызды көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған аналар мерекесімен

Хормен: Құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Хор: «Ақ мамам»

1-ші топ-

Балалардың аналарына арнаған тақпақтары:

Анасов Али : Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Гүлназ : Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Ғ. Әли Есімде ең алғаш,
Еркелеп келгенім,
Ерте-кеш демалмас
Анамсың сен менің.

Абылай: Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан

Ілияс: Мамам, мамам, ақ мамам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанда барамын.

А.Нұржан Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзiн тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.

Айару: Айналайын анашым,
әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Дамир: Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың

Қайтып мені көргенде

Шын сағынып қаласын

2-ші топ.

Балалардың әжелеріне арнаған тақпақтары:

Арслан: Әже деген көп шығар,
Әжемдей кісі жоқ шығар?
Мейірімді сондай бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Алихан: Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Әжем менің тамаша!

Марал: Менин ажем али де
Уксамайды кариге.
Шай кайнатып береди
Керек болса барине.

Нұралы: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Манаш: Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Сабина: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

1-жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейді,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейді.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,

Қол соғып қарсы алайық «Үнді биін»

3-ші топ.

Балалардың аналарына арнаған тақпақтары:

Ерасыл: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

Нұрым: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Наз: Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай,
Оқытушы боламын.

Таңшолпан: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Нұрасыл: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Ернұр: Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем?

4-ші топ.

Каусар: Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.

:Назира: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

А- деген ол аналар ғой, ардақты

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты
Асанәлі: Б- деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі


К.Нұржан: Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

1-Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші ұлдар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты.

Би: «Біздің жігіттер»

Балалар сыйлықтарын беріп әжелері мен аналарының құлақтарына жақсы көретіндерін айтады

2-ші бөлім: «Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайыс.

2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Ана тойын бастайық.

Осы тойға арналған,

«Аяулы ана, ару бүлдіршін»- сайысын бастайық.

1-жүргізуші: олай болса құрметті сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Қатысушылар:

1. Асанхан Наз анасы Бақыткүл

2. Сәбитбек Айару анасы Тоғжан

3. Қоңысқара Таңшолпан анасы Бақыткұл

4. Бекболат Гульназ анасы Айжан

2-ші жүргізуші: Келді міне бүгін сыналуға,

Сынап үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ қазы әділ баға-

деп әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Әділ қазылар алқасы:

  1. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Құлмағанбетова Ақжамал Байжұмановна

  2. Директордың бастауыш сыныптары бойынша орынбасары Аманбаева Нұргүл Жоламановна

  3. Ата-ана комитетінің мүшесі Жұмабаева Анжела Батырғалиқызы

Ал енді сайыстың ережесімен таныстырып өтейін:

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1 кезең: «Сәлем-сөздің атасы» таныстыру.

2 кезең: «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы.

3 кезең: «Сән үлгісі» авангард киім?

4 кезең: «Көңілді аспаздар» суреттегі салаттың жасалуын айту.

Ең жоғарғы ұпай 5 балл.

1-ші кезең:

2-жүргізуші: «Сәлем-сөздің атасы» деп аталатын 1-ші кезеңді бастаймыз.

2-ші кезең:

1-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі мерекелік сайыста,

Өнерлерін көрсетуге жан салыпты-деп аналар мен ару

бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаймыз.

3-ші кезең:

2-жүргізуші: Ал халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

4-ші кезең:

1-жүргізуші: «Ас қадірін білмеген аштан қалар,

Ат қадірін білмеген жаяу қалар», демекші келесі сайысымыз

«Көңілді аспаздар» деп аталады.

Аналар суреттегі салаттарын қорғайды.

Әділ қазылар алқасы шешім қабылдағанға дейін Қонысқара Таңшолпанның орындауында әсем ән: «Ертегілер»

2-ші жүргізуші: Әділ қазы шешеді

Істің ақ пен қарасын.

Бүгінгі міне сайыстың,

Әділ берер бағасын- деп сөз кезегін төрешілерге береміз.

1-жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен сайысымыз аяқталды.

Құрметті көрермендер даярлық «Б» тобының дайындаған ертеңгілігі аяқталды келесі кездескенше

Бірге: Сау болыңыздар!



© 2010-2022