Урок на тему Ахмет Байтурсынов

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов

1 ж. Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кешімізге жиналған қауым. Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140-жыл.

2.ж. Ахмет Байтұрсынов қырымен сыры мейлінше мол адам. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Өмірімен шығармашылығы жайында оқушыларға

сөз кезегін берейік.

(1. номер) Өмірбаяны мен шығармашылығына оқушылар тоқталады.

1 ж. Ахмет Байтұрсынов ақындығының қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарының шығармаларын беріле оқыған.

2 ж. Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

(2. номер) Алдарыңызда 9 б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен

«Құмырсқа мен шегіртке» мысалынан үзіндіні тамашалаңыздар.

1 ж. Иә, аудармалардағы әр түрлі аңдар, түрлі адамдарды

бейнелейді емес пе?

2 ж. Дұрыс айтасың, адамдардың мінезін Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап осы мысалдары арқылы жеткізген.

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім «Сенде қатарыңнан қалыспа»-дей келе

кезекті тамаша әнге берейік.

(3 номер) « »

1 ж. Бұл сөзімді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Бүгінге жарамаса, кейін жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан азда болса белгі қалар.

2 ж. Кезекті Ахаңның өлеңдеріне берейік.

(4 номер) Өлеңдер оқылады.

1 ж. Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап.

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қашан ашылмақ.

Сіздердің қошеметпен ортада «Қара жорға» биімен 5 -сынып ұлдары.

(5 номер) Би

1 ж. Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап

ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді.

2 ж. ............... байқап қарасақ кітаптарда бір мысал бірнеше рет аударылыпты. «Бақа мен өгіз» мысалын Абай атамыздың да еңбектерінен, Ахаңның еңбектерінен де оқып жүрміз.. Ендеше Ахмет Байтұрсыновтың нұсқасында жазылған «Бақа мен өгіз» қойылымынан үзінді тамашалаңыздар.

(6 номер) Көрініс.

1 ж. Ахмет Байтұрсынов тарихтағы орны ерекше жан. Табиғатынан аса дарынды, талапты. Халқының болашағын нұрлы етуді армандаған. Енді Ахмет Байтұрсыновтың мұрасының негізгі арнасына тоқталайық.

(7 номер)

2 ж. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқанына бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

1 ж. Ахмет Байтұрсынов балалар әдебиетіне көп көңіл бөлген.

5 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен Алдар Көсенің басынан өткен оқиғаларынан « Әмиян» деп аталатын үзіндіні тамашалаңыздар.

«8 номер» Көрініс « Әмиян»

2 ж. Елін, жерін сүйген Ахмет Байтұрсынов 64 жыл өмірінде халқына қалдырған мұрасы аса зор.

1 ж. Қазақ балаларының бірнеше буыны сауатын Ахмет Байтұрсыновтың Әліпбиімен ашты. Ағамыздың зерттелмеген, білмеген саласы кемде-кем.Бір басында зерттеушілік, ұстаздық, ағартушылық, ақындық даналық сияқты қасиеттер тоғысқан аға бейнесі әдебиет төрінде алтындай жарқырап тұратыны бізге мақтаныш. Төл әдебиетімізді өзінше түрлеген қаламгердің есімі біздің яғни халқының есінде мәңгі сақталады.

Осымен Ахмет Байтұрсыновтың 140-жылдығына арналған кешіміз аяқталады.

Сөз кезегі мектебіміздің директоры Байғонысова Фарида Алпысбайқызына беріледі.

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!


© 2010-2022