Тәрбие сағаты Ай қане, қыздар!

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі»
Мақсаты:
а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
ә) Балалардың өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге, бір - бірін сыйлауға, жеті аталарын білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
б) салт - дәстүрді құрметтеуге ақыл - ойларын, әдет - ғұрпын, ауыз - әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту.
Көрнекілігі: Қыз баласының тәрбиесіне байланысты мақал - мәтелдер, магнитофон, шар, плакаттар.

Сабақтың жүргізілу барысы:
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Ана, бала көзінің ақ пен қарасы,
Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары, санасы.

2 - жүргізуші: Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, ал оқушыларымызға оқуда озат болуларына тілектеспіз!
Қыздар деген қызыл гүл ғой
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген қазақтың, асыл арман ақ таңы!
1 - жүргізуші: Аңсап келіп алыстан мекен жайды,
Туған жерге бозторғай құшақ жайды.
Қуанышпен ән салып шартарапқа,
Көркін жырлап көктемнің қалықтайды.
2 - жүргізуші: Қыздар, қыздар, қыздар - ай,
Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып.
Самал тербеп көк майса құлпырады,
Табиғаттың тұрғандай нұры тасып.
- дегендей бүгінгі 7 «а» сыныбында қыздар арасында өтетін «Қыз өссе - елдің көркі» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Арулар - асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар - асыл жандар,
Арулар - асыл жарлар.
2 - жүргізуші: Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қам, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.
2 - жүргізуші: енді қыздарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1 - сайыс: «Мен қазақ қызымын»- өз»н - өзі таныстыру.
2 - сайыс: Үй тапсырмасы «Салт - дәстүр». Бұл кезде әрбір сайыскер салт - дәстүрдің бірін көрініс түрінде көрсетеді. Сондай - ақ «Ас адамның арқауы»- ұлттық тағам түрін дайындауы керек.
3 - сайыс: «Таң қалмаңыз», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таң қалдырарлықтай сыйлығын ұсынады.
4 - сайыс: «Сән үлгісі»
5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
1 - жүргізуші: Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2 - жүргізуші: Бүгінде озық дәстүр, салт - сананың,
Берік ұстап сүйетін, от панасын
Арулар өтсін өзін таныстырып,
Қуантып, жолдас - жора, ата - анасын.
Ортаға кыздарымызды шақырамыз.

2 - жүргізуші: Қыздарымызды келесі сайысқа дайындалуларын сұрап, қошеметпен шығарып салайық.
1 - жүргізуші: «Анашым» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Үй тапсырмасы. Салт - дәстүрді қаншалықты меңгергенін білу үшін бірінші сайыскер кыздарымызды.

1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: Жұмабекова Жанботаның орындауындағы шығарманы тамашалайық.
1 - жүргізуші: 3 - сайыс «Таң қалмаңыз!», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таңқалдырарлықтай сыйлығын ұсынады.
Ортаға кыздарымызды шақырамыз..
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: 4 - сайыс: «Сән үлгісі»

1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: 5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
2 - жүргізуші: «Балдырған» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Қыздар сыны мінекей,
Келіп жетті мәреге
- дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.
2 - жүргізуші: Біздің қыздар ақылды да қайратты,
Өнерлі де - білімді
Осымен «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!

© 2010-2022