Тақырыбы: Жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін!

Тақырыбы:  Жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін! Мақсаты:  Ана ұғымының тереңдігін, қасиетін маңызын ұғындыру. Аналарымызды ялау, қадірлеу, қастерлерлеу қасиетін қалыптастыру. Ана алдында тұрған үлкен борышымызды ұмытпау. Үлкенге деген құрметті бойларына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. 1ж. Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі, қадірлі сөз – Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көз қарасы арқылы, барлық сүйіспеншілік, мейірі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін!Тақырыбы: Жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін!

Мақсаты: Ана ұғымының тереңдігін, қасиетін маңызын ұғындыру. Аналарымызды ялау, қадірлеу, қастерлерлеу қасиетін қалыптастыру. Ана алдында тұрған үлкен борышымызды ұмытпау. Үлкенге деген құрметті бойларына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

1ж. Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі, қадірлі сөз - Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көз қарасы арқылы, барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын бере білген аналар үшін, жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол - 8 Наурыз мерекесі.

2ж.

Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты біздің аналар, ұстаздар, ару қыздар. Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келіпсіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!

  • Қазіргі Аршын мен Арайдың орындауындағы тамаша ән өздеріңіздің құрметтеріңізге. Қабыл алыңыздар.

1ж.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма, аналар!

2ж.

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе - Отан ғана.

  • Мөлдірдің орындауындағы өлең жолдары өздеріңіздің құрметтеріңізге. Қабыл алыңыздар.

1ж.

Тіршілік щыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

«Анама» деп салған әні

Аналар бір сіздерге арналады.

  • Амангельдің орындауындағы «Мама, мама» әнін қабыл алыңыздар!

2ж.

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды,

Аяулы ұстаз - ана, ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайынатыңды қайталаймын,

Еске алғандай таң сайын әнұранды.

  • Келесі құттықтау сөз кезегін сынып жетекшіміз Әсем Бейбітбековнаға береміз.

  • «Ананың аялы алақаны» ойын. Ата - аналар мен оқушылар қатысады.

  • Олай болса аналарымыздың құрметіне тағы тамаша ән Аршынның орындауында «Анашым» әні.

1ж.

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

2ж.

Ана деген - асыл жандар болаттай.

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай,

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды танытпай.

  • Келесі құттықтау сөз кезегі ата - аналарымызға да келіп жетті.

(сыныпағы қыз балаларға мерекелік сыйлықтарын тапсыру.)

1ж.

  • Тамаша әнге де кезек келіп жеткен сияқты. Аршын мен Перизаттың орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

(әуен ойнап жатады, оқушылар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына ұсынады.)

Қорытынды:

1ж.

Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол - адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығатын жан. Сондықтан дүние жүзінің ойшылдары: 8Наурызды - халықаралық әйелдер күні деп белгіледі. Бұл күні жақсы тілектер айтылады, бірақ осындай тілектерді күн сайын айтсақ та, қуантсақ та жарасар.

2ж.

Ардақты аналар, қыздар, ұстаздар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден шаттық нұры кетпесін!

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









Сынып сағаты.

6 - сынып



Өткізген: Аубакирова Асем Бейбитбековна















2014 - 2015 оқу жылы.





© 2010-2022