Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту арқылы тұлғаның адамгершілік-рухани және азаматтық патриоттық қасиеттерін қалыптастыру

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.А.Фазылова,Ж.А.Тойбекова.

ГУ «№93Гимназия», «Қарағанды гуманитарлық колледжі».

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту арқылы

тұлғаның адамгершілік-рухани және азаматтық патриоттық

қасиеттерін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасыны азаматтық білім беру мазмұнының жаңаруы арқылы адамгершілік-рухани тәрбиеленуі,дамуы және өміріндегі ірі өзгерістер болашақ азаматтардыдың тұлға болып қалыптасуына жауап беретін педагогика ғылымның алдына жоғары талаптар қоюда. әлем бойынша әр типті оқу-тәрбие мекемелеріндегі білім беру ізгілендіру мен гуманитарландыруға жаппай бет бұруда. Мемлекетімізде қазіргі кезенде сапслы білім берумен қатар болашақ жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындауда. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезенде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие-даму ретінде қарастырылуда, яғни педагогикалық қарым-қатыныста адамдық сапаларды сақтау және қалпына келтіру. Тәрбие жұмысы - педагогтардың нақты міндетті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті. Осыған орай оқыту мен тәрбиені ұйымдастырушы және осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен жағымды қарым-қатынасты реттеуші ретінде сынып жетекшісінің ролі көтерілуде. Бүгінгі жағдайда сынып жетекшісі жұмысының мазмұны өзгеруде, педагогтік мамандыктың мәні, онын мақсат, міндеттері жаңаша тұрғыдан қарастырылуда. Қазіргі кезендегі ғылым педагогқа адамға басқа көзқараспен қарауды ұсынады, мектептегі жұмыстарға, соның ішінде сынып жетекшісінің жұмысына деген тың пікірлер кең таралуда. Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. әрбір - тұлға, өзінше бір әлем, педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. В. А. Сухомлинский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ» - деп жазған. Бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің, әсіресе сынып жетекшісінің алдыңдағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Тұлғаның мәнін айқындау;

  • Тұлғаның түрлі қырының пайда болуын, психикалық үрдістің өту ерекшеліктерін;

  • Психикалық кұйдің өзгешеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеу;

  • Тұлғаның даму зандылықтарын тану.

Толыққанды тұлғаны дамыту үшін тәрбиені ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастағы деп түсіну қажет. Осылай түсінілген тәрбие ғана баланың өмірінде кездесетін мәселелерді батыл шешу, кейбір адамгершілік сыналар жағдайларда дұрыс бағытты тандау дағдыларын қалыптастырады. Тәрбие - бұл тұлғаның (өз бетімен не сынып жетекшісімен бірлесе отырын) адамгершілік, нағыз адами өмірді саналы тұрде іздеуі. Оқушылар көптеген сұрақтарға жауаптар іздейді: Мен кіммін? Мен қалай өмір сүремін? Не үшін осылай істеуім керек? Маған өмірде не керек? Өзімнен не күтемін? Басқалардан не қажет? Арықарай қалай жылжуым керек? Онда тәрбие кең мағынада тұлға бойында басқа адамдардың өміріне сәйкес өз өміріне шығармашылық,рухани-адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады.

Тұлғаның дамуы дене, адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесінің, сондай-ақ адам тұлғасының рухани дамуы негізінде іске асады.Тәрбие үрдісі оқушылардың адамгершілік құндылықтарды меңгеруге бағытталуы тиіс, яғни пәндері керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы-оқушылар жанды-жақты,жаңа заман,жаңарған ақпараттық технологияны меңгерген,өз елінің патриоты болып тәрбиеленген тұлға екенін терең түсінулері керек.

Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының табысты болуы көбіне жылдан-жылға күрделі әрі зор жауапкершілікті талап ететін - сынып жетекшісіне, оның жеке тұлғалык сапасына, қызметінің мақсаттылығы мен нәтижелігіне байланысты болады толы.Тұлғаның адамгершілік-рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиеленуіне ұстаз бен ата-ананың ролі ерекше.Сондықтан,қазақ халқы «Ұлттық педагогиканың қайнар көзі-отбасы»-деп тегін айтпаған.

Оқушыларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет.Бұл жағдайда оқу-тәрбие оқушы бойында жоғары адамгершілік қасиеттер мен белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстаным дарытатын қосымша білім беру мазмұнын жетілдіру.Бұл мақсатқа негізделген көзқарасты,сенімді,парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді,ұлттық сананы,қарым-қатынасты дамытуға,құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі-деген анықтама берілген.Қазақ энциклопедиясында, «Адамгершілік тәрбиесі-тәлім-тәрбиенің ықпалыды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың,этикалық білімділігі,адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы»,-деп ұғындырылады.

Л.Х.Салимованың айтуынша: «Адамгершілік тәрбие-жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруге,оларда адамгершілік сезімдерді дамытуға,адамгершілік сан мен сенімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді,іскерліктерді шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс.Бұл үрдістің негізгі мақсаты- жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі жетілдіру.

Адамгершілік тәрбиелеу жеткіншектер үшін маңызды және тартымды. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, іс-әрекеттер барысында мынандай шарттарды орындауына байланысты:

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескеу;

  2. Іс-әрекеттің қоғамға пайдалы болуын ескеру, ұжымның бірлнсіп әрекет етуіне мән беру;

  3. Берілген нәтижеге жету ұжымның көңіл-күйіне байланысты екенін ескерту;

  4. Оқушылардың бір-бірін түсінуіне қамқорлық жасау.

Қазіргі педагогикада жеке тұлғаның адамгершілік тәрбинлігінің өлшемдерін анықтауда бірнеше кзқарастар бар. Мәселен, Е.В.Бондаревская, И.С.Мариенко, Б.Т.Лихачевтың еңбектерінде адамгершілік тәрбиелігінің өлшемі ретінде жеке тұлғаның қоршаған шындыққа (әлеуметтік орта, еңбек іс-әрекеті, ұжым және т.б) қарым-қатынасы саналады.

Н.И.Монахов, Н.И.Болдыраев болса, оқушының адамгершілік тәрбиелігін жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде қарастырады. Өйткені, адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері болып табылады.

Е.С.Богданова, Н.А.Каировтар оқушылардың адагершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез-құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады.

1.Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі практикалық іс-әрекетінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар, олардың эмоциялық және интеллектуалдық жағын да қамтыған жөн.

2.Адамгершілік тәрбиесі-адамгершілік мінез-құлық , сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу.

3.Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру.

4.Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.

5. Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінігі енгізінде анықталады.

Жалпы әлеуметтік тәрбие үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырылады. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі жеткіншек ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізуден көрінеді. Ал оның теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз етеді

Орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың іргетасын нығайту мақсатында ең алдымен,адамгершілік ізгілік,имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінгені мәлім.Бұл үшін психология,педагогика ғылымдарыныңжетістіктерін пайдалана отырып,дені сау,ұлттық сана-сезімі жоғары,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті,еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу-міндетіміз.Мұндай мақсатты жүзеге асырушы басты тұлғаның бірі-сынып жетекшілер. Сынып жетекшісінің тұлғалық ерекшеліктерін санап беру өте қиын, себебі олар көптүрлі өте күрделі. Ұйымшылдық қағидашылдық, әдепті талап етушілдік, әділдік, дүниеге деген кең көзқарас пен үйлескен бірізділік, өмірге және әр тәрбиеленуші тұлғасына деген ерекше қызығушылық пен терең білімдік сияқты қасиеттер ғана жетістіктерге жеткізеді. Бүгінгі күнгі тәрбие қайта қуру заманына дейін жетекші роль атқарып келген бұрынғы дәстүрлі әдістер, құралдар мен жұмыс формаларына негізделе алмайды, бірақ тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету, өкінішке орай өте баяу, әлсіз дамуда, әрі барлық кезде уақыт талабына сәйкес жауап бере алмайды. Көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты, жекенген себептерге болмаса отбасының көпшілігі бала тәрбиесімен өз мәнінде айналысуға дайын емес. Көп жағдайда педагогтардың іс-әрекеті, әсіресе сынып жетекшілерінің деңгейлері оқу орындарында басшылыққа алынған тәрбие жүйелерінің талаптарына қажетінше сәйкес келіп, қанағаттандыра алмайды. Ал, бұл дегеніміз - тәрбие үрдісін жүйе ретінде қабылдауға, өз іс-әрекетін талдауға және әріптестерінің қызметімен үйлестіруге, өзекті мәселені шешудің түйінін таба білуге, әдетке арналған, тәрбиелік әсері жоғалған, бір сарынды, қалыпты стереотиптерден бас тартуға даяр болу деген сөз. Қазіргі кезде оқушылар зердесінің жоғары дәрежеде болуы - педагог тұлғасына қойылатын талаптар деңгейін жоғарылатады: сынып жетекшісісі бәрінен-бұл зердесі жетілген педагог болуы қажет.

Осы ой-пікірлерді жинақтай келе,мынандай нәтиже күтуге болады.Сонымен,тәрбие деп жалпы азаматтық құндылықтардың жеке адамның құндылықтарына айналуының ұйымдасқан үрдісі деп айтуға болады. Жеке тұлғаны адамгершілік - рухани қалыптастыру жолдары қазіргі заман талабына сай келешек ұрпақтың өз елінің патриоттары болып өсуге ықпалын тигізеді.Ел болашағы-білімді, саналы, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын білетін ұрпақ деп танып,Елінің рухын биік ұстайтын азаматттар тәрбиелеу деп білеміз.

Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан мектебі. №1.2002жыл.

2.Қазақстан мектебі. №2.2002жыл.

3.Бастауыш мектеп. №2. 2003жыл.

4.Бастауыш мектеп.№6. 2004жыл.

5.Ұлы педагогтардың пікірлері.












© 2010-2022