Үздік оқушы 5-6-7-8 сыныптар

«Үздік оқушы»   Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын арттыру.   Көрнекілігі:  қанатты сөздер, плакаттар, шарлар   І. Кіріспе сөз- Армысыздар , ардақты ұстаздар  мен оқушылар ! Қайырлы күн, қатысушылар мен жан-күйерлер ! «Біле бер қанша білсең,тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле» деген ұранмен бүгінгі мектепішілік 5-8 сынып оқушылары аралығын... 1 Қазақ тілі 10 20 30 40 50 2 Математика 10 20 30 40 50 3 Тарих 10 20 30 40 50 4 География 10 20 30 40 50 5 Информатика 10 20 30 40 50 6 Орыс тілі 10 20 30 40 50     Қазақ тілі 1.Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім) 2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология) 3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?                                     (Тыныштық заман) 4.Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог) 5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)   Математика 1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут) 2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (3... 1. Балаларды жазалауда қолданатын геометриялық фигура ? (бұрыш) 2. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға) 3. Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын   ( мақта) 4. Қалай 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады ?  (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек) 5. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай ? 6. Сызғыштың 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады ?  (5 бұрышы) 7. Одан ала берсең, ол үлкейе б...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Үздік оқушы»

Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, плакаттар, шарлар

І. Кіріспе сөз
- Армысыздар , ардақты ұстаздар мен оқушылар ! Қайырлы күн, қатысушылар мен жан-күйерлер !

«Біле бер қанша білсең,тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле» деген ұранмен бүгінгі мектепішілік 5-8 сынып оқушылары аралығында «Үздік оқушы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынымыздың ойдағыдай өтуіне барлығыңызда бір кісідей атсалысады деген ойдамыз. Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар мүшелерімен танысып алайық

1.

2.

3.

4.


Сайыс VІІ бөлімнен тұрды.
1. «Сәлем- сөздің анасы»

Аты-жөні

Туған жері

Мақсаты

Тілек

2. «Білімді мыңды жығады»

5-8 сынып оқушыларына 10 сұрақтан

3. «Шығармашылық шыңында»

Қарасу дегенде көз алдыңызға не келеді ? ( жоба қорғау)

4. «Ғажайып бестік»

Пәндер бойынша сұрақтар

5. «Білімдіні сынап көр»

Логикалық сұрақтар

6. «Білімің -ұшар қанатың»

(Қарасу елді мекеніндегі танымал адамды зерттеу)

7. «Сиқырлы шырпылар»

(сіріңкеден фигуралар құрастыру)

1 тур «Сәлем- сөздің анасы» кезегіне келдік. Ал, кезек біздің ойыншыларымызға жетті, таныс болайық.

5- сынып оқушылары:

1. Салахият Әділет

2.

6-сынып оқушылары:

1. Бақтығалиев Айбек

2. Қайреденов Мирас

7-сынып оқушылары:

1.

2.

8-сынып оқушылары:

1.

2.

2 тур «Білімді мыңды жығады» /8 оқушыға арналған/
1 минут аралығында жылдам дұрыс жауап беру қажет. Шапшаңдық пен тапқырлық керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады

Білім - теңіз, мектеп кеме жүзіп келем,
Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.
Шалқытып, шарықтатып, асқақтатып
Ой тербелей, тоқтамас алып кемем.

5-сынып оқушыларына
1. Қар жана ма? / ИӘ. ҚАЛАУЫН ТАПСА, ҚАР ЖАНАДЫ/
2. «Қара Көже» атанған кейіпкер қай шығармадан? /«Менің атым Қожа» Б. Соқпақбаев/
3. Қазақ әліпбиінде қазаққа тән неше дыбыс бар? /9/
4. «Ханнан қырық туғанша, қарадан бір - ақ тусайшы» кімнің өлеңінен үзінді?/МАХАМБЕТ/
5. Ең кіші жай сан / 2 /
6. Қышқыл, жасуша, метафора, квадрат - қандай сөздер?/ТЕРМИН/
7. Әлемдегі Екінші Ұстаз. /ӘЛЬ - ФАРАБИ/
8. Бір қазанға қандай бастар сыймайды?/БІР ҚАЗАНҒА ЕКІ ҚОШҚАРДЫҢ БАСЫ СЫЙМАЙДЫ/

9. Кімдер бір - біріне бөле болады? /АПАЛЫ - СІҢЛІЛІ ҚЫЗДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ/

10. Фонетика нені зерттейді? /дыбыс, әріп, әріп айтылуы мен жазылуын/

6-сынып оқушыларына
1. Ердің сыншысы -... /ЕЛ/
2. Қазақ тілінде қанша даусты дыбыс бар ? /12/.
3. Қазақ хандығын құрған кімдер ? (Керей мен Жәнібек)
4. «Итмұрын» жасалу жолына қарай қандай сөз? /БІРІККЕН СӨЗ/
5. «Биік» сөзінің антонимі /АЛАСА/
6. «Аягөз» өлеңінің авторы. /Д. БАБАТАЙҰЛЫ/
7. «Мынау - Күршім өзені» сөйлеміндегі баяндауыш қайсысы?/КҮРШІМ ӨЗЕНІ/
8. Кім қартаймайды? /АНАСЫ БАР АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ/
9. 5 ке қарама-қарсы сан /-5/
10. Қодар, Бекежандар қандай кейіпкерлер?/ЖАҒЫМСЫЗ, ЖАНАМА/

7-сынып оқушыларына
1. Дауысты дыбыс нешеу?/12/

2. Қандай кілт аспанда болады? / БІЛІМ КІЛТІ АСПАНДА/
3. ҚР - дағы Тілдер туралы заң қашан қабылданды? /22, 09, 1989 ж./
4. «Түйе үстінен сирақ үйту» тұрақты тіркесінің мағынасы./олақ, ебедейсіз, қолынан түк келмейді/
5.Ұсақ тірі ағзаларды зерттейтін ғылым? /микробиология/
6. Қазақ тіл білімінде еріндік дауысты дыбыстар нешеу? / /
7. Микроскопты кім ойлап тапқан? /Янсендер/
8. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі... /диалог/
9. Тыныс белгілер ережелерін зерттейтін сала. /пунктуация/
10. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?/микология/

8-сынып оқушыларына

1. «Биікте тау бүркіттер қалықтап, саңқылдап, көкке ойнап, шарықтады» сөйлеміндегі пысықтауышты тап. /биікте, көкте/
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кездегі топтасу жүйесі? (Тобыр)
3. Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі кімге арналған?/Исатайға/
4. Жұлын мидың қай бөлігінен бастау алады? /сопақша ми/
5. Адам йод жетіспеушілігінен қандай ауру туғызады? алыптық, ергежейлік, эндемиялық зоб/
6. Тірек қимыл - жүйесіне нелер жатады? / сүйектер мен бұлшықеттер/
7. «Кімдер сендерді балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын», - өлеңінің авторы. /С. Торайғыров/
8. Толықтауыштың мағыналық түрлері. /ЖАНАМА, ТУРА/

9.Бұрышты өлшейтін құрал ? /транспортир/

10.Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі? (Тамыр).

ІІІ тур. «Шығармашылық шыңында»

Шарты: Бұл турда жоба қорғайды, жоба қорғауға 10 минут уақыт беріледі. Қарасу дегенде көз алдарыңызға не келеді ? Басқа жерге қалай жарнамалайсыңдар. Ұпай аз бір оқушы ойыннан шығады.

IV тур. «Ғажайып бестік»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Шарты: қазақ тілі, математика, тарих, география, информатика пәндері бойынша сұрақтар берілген әр ұяшықтың артында. Ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап берсең сол ұяшықтағы сан ұпай саны боп есептеледі.

1

Қазақ тілі

10

20

30

40

50

2

Математика

10

20

30

40

50

3

Тарих

10

20

30

40

50

4

География

10

20

30

40

50

5

Информатика

10

20

30

40

50

6

Орыс тілі

10

20

30

40

50

Қазақ тілі

1.Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)

2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология)

3. "Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" тіркесінің мағынасын айт?

(Тыныштық заман)

4.Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)

5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)

Математика

1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

3. "Миллион" деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)

4. Қандай сандардың көбейтіндісі 1-ге тең ? (кері сандардың)

5. Бір жазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер ? (параллель)

Русский язык
1. Сколько в русском языке падежей? /6/
2. Как называется слово или сочетание слов, называющее лицо, к которому обращена речь? /обращение/
3. И шоколадка и планета /Марс/
4. Что находится между небом и землей /Союз и/
5. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств: восторга, удивления, страха /междометие/

Тарих

1. Тарихтың атасы?(Геродот)

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

3. 316-шы Панфилов дивизиясының басшысы, Мәскеу үшін шайқасқан батыр? (Б.Момышұлы)

4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

География

1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

2. Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

3. АҚШ-тың неше штаттан тұрады ?(50)

4. Ең терең көл? (Байкал)

5. Ауганстанның астанасы?(Кабул)

Информатика

1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

2. Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)

4. "Компьютердің атасы" деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)

5. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)

V тур «Білімдіні сынап көр»

Ең қиыны жарыстың бестік келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып алмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді..
дей келе біз келесі кезең «Білімдіні сынап көр» кезеңін бастайық.

5 оқушы қатысады, логикалық сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Ұпай аз 1 оқушы ойыннан шығады

1. Балаларды жазалауда қолданатын геометриялық фигура ? (бұрыш)

2. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)

3. Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын ( мақта)

4. Қалай 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады ? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек)

5. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай ?

6. Сызғыштың 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады ? (5 бұрышы)

7. Одан ала берсең, ол үлкейе береді ? ( шұңқыр)

8. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар ? (10)

9. Адамның алғашқы көлігі не ? (балалар арбасы)

10. Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде : жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін,-деді. Балықшы неше балық ұстаджы ? (10 балық)

11. Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап кетті ? (электр поезында түтін болмайды.)

12. Тәрелкеде 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады ? (бір бала тәрелкесімен алады)

13. Көшеде 2 әкесі, 2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр ? (3)

14. 6 аяқ, 2 арқа, 1 бас бұл не ( орындықта отырған адам)

15. Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі ? ( барлық айда)

16. Үстел үстінде 4 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? ( 4 )

17. Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған. Ол қандай төл ? ( тайлақ)

18.

19.

20.

VI тур «Білімің - ұшар қанатың»

Шарты: Үй тапсырмасына кезек келді. Қарасу елді мекеніндегі танымал адамдарды зерттеу, жарнамалау. 10 ұпаймен бағаланады. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

VII«Сиқырлы шырпылар» сіріңкеден фигуралар құрастыру

Шарты: Сіздердің алдарыңызға сіріңкелерден құралған фигура беріледі. Тапсырмалары әртүрлі тез, шапшаң орындау керек. Берілетін уақыт 5 минут. 5 ұпаймен бағаланады.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары жақсы шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ойынның шешуші сәті: Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде. (Жеңімпазды анықтап, марапаттау. )

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Бүгінгі көріп тамашалаған « Ең үздік оқушы» атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдагандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қош, сау болыңыздар! Назар аударғандарыңызға рахмет.


© 2010-2022