Қош келдің Наурыз ! тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз Мейрамына арналған мерекелік бағдарлама сценарийі

1-жүргізуші (Салтанат):

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

2-жүргізуші (Жантөре):

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық. №1 8 сынып қыздары би «Тойға шашу» ( шашу шашады)

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Бізге қонаққа « Бәйшешек» , «Наурызша», «Қызғалдақ», «Рауғаш» ауылдарының өкілдері келіп отыр. Қарсы алайық!

(Ортаға әр ауылдан 4-5 өкіл шығып бас иеді, 8 «А» - «Бәйшешек» ауылы, 9 «А» - «Наурызша» ауылы,10 «А» -«Қызғалдақ» ауылы, 11 «А» -«Рауғаш» ауылы)

Бүгін осы төрт ауылдың өкілдері мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.

(Ауылдың өкілдері шығып кетеді)

2-жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым - бабамның сөзі, Наурызым - анамның сөзі, Ғасырдан

ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Айбар ( Төле би рөлінде):

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Талғат (Қазыбек би рөлінде):

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Али (Әйтеке би рөлінде):

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

1 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Сайысымыздың әділ өтуін бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. Әбдіғамидова Райхан Нарынқызы- Аудандық білім бөлімінің әдіскері

  2. ------------------------------------------------------------------------

  3. ---------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші: Назарларыңызға Таргынбеко Асет пен Алмағанбетов Русланның орындауындағы -----------» әнін ұсынамыз

1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз. Әрбір ауылдың өкілдері өздері дайындаған ұлттық киім үлгілерін ортаға шығарса екен: (қазақ күйі қойылады)

«Бәйшешек» ауылы (8 «А») - Қыз баланың ұлттық киімі

«Наурызша» ауылы (9 « А») - Әженің және немерелерінің ұлттық киімі

«Қызғалдақ» ауылы (10 «А») -Атаның ұлттық киімі

«Рауғаш» ауылы (11 «А») -Ер баланың ұлттық киімі

(Барлығы ортаға шығып бір айналып өтеді)

Көрініс. 4 сынып

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін. (Қолдарын ұстайды)

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып«Ұлттық тағам» дайындау кезеңін бастайық. Әділ-қазы алқасы әрбір ауыл өкілдері дайындап әкелген ұлттық тағамдарға баға беріңіздер (Ортаға әр ауыл өздері дайындаған тағамдарын алып шығады . Тағаммен бірге ауылының атын жазып қою керек)

Әділ қазылар ұлттық тағамды бағалағанша біз өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық:

Тарғынбеков Әсет пен Қабдырахманова Әсемнің орындауында «АЛЛО» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

1-жүргізуші. Ауылдарымыздың өнерлі майталмандары өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық!

(Төрт ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. (Сән көрсеткен оқушылар )

Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

1 жүргізуші: 9 сынып оқушыларының орындауында «Жаным сол» әні.

Би бастауыш сынып оқушылары

2 жүргізуші: Келесі кезеңде ауылдар белгілі бір салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: 9 «А» -«Бесікке салу», 8 «А»-«Тұсау кесер», 11 «А»- «Беташар», 10 «А» -«Сәбиді қырқынан шығару»

2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылар қорытынды сөзін дайындағанша 5 сынып оқушыларының орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші: Алиев Сурадж, Ангальд Антон, Алмағанбетов Русланның орындауыдағы әнді ұсынамыз

1 жүргізуші : Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз (марапаттау)

Яков Яковлевич орындауында « « әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Сіз боп, біз боп жалпымен,

Қадірімен,парқымен

Наурыз тойын өткердік

Ата дәстүр-салтымен.

2-жүргізуші:

Жалғасумен жылға жыл,

Шабыт берсін жырға жыр.

Өнер сүйер өрендер,

Рахмет мың да бір!

1-жүргізуші:

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл.

Бақ дарысын бәріңе!

2-жүргізуші:

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа,

Аман-есен жетейік

Келер Наурыз тойына!

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!



© 2010-2022