Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдары

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді ,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені , еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.  Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп,отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көзқарас қалыптастыру. Ұлттық бірың...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдарыОқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдары

Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолдары

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға көп жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді ,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені , еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндет - Отан тарихын оқушы санасына сіңіріп, ел тарихын жете меңгертіп,отанына деген патриоттық сезімін ұялатып, азаматтық көзқарас қалыптастыру. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - жаңа технология бойынша талапкердің білім сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бағалайтын мемлекеттік жүйе. Тестілеу оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауды бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және барлығына бірдей ортақ құрылған стандартты тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан тарихы аса күрделі, қайшылығы мол, есте сақтауға қиын соғатын пәндердің бірі. Оқушылардың ҰБТ тапсырар кезде хронология, мәдениет - қоныстар, айлар мен жылдардан қателіктер жіберіп жататыны белгілі. Кейбіреулерде теріс түсінік қалыптасқан пәнді тест тапсырған кезде жаттап алсаң болды-деген, бірақ ҰБТ тапсырған кезде ана жауап та дұрыс, мына жауап та келетін сияқты көрініп шатасып жатады. Бұл жерде мақсат сол жаттағаныңды ұмытпай есте сақтай білу, ұмытпау.

Оқушыларды кешенді тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушылардың қиналмай жаттап ұмытпаулары үшін алдымен тест тапсырмаларын мағнасына қарай іріктеп, салыстыра оқытып, жаттату. Бұл жерде оқытудың екі тәсілі бар:

1-ші жалпы тас дәуірінен бастап қазіргі таңға дейінгі тапсырмаларды ретімен оқыту

2-ші жалпы тест тапсырмаларын салыстыра отырып, іріктей отырып, мағынасына қарай жаттату.

ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғадейiнгiбiлiмберудідамытутұжырымдамасыныңжобасында "Жоғарыбiлiмдiдамытудыңнегiзгiүрдiсiмамандардаярлаусапасынарттыру, қарқындығылыми - зерттеуқызметіменықпалдастырылғанинновациялықбiлiмдiдамыту, жоғарыоқуорындарызерттеулерiнiңәлеуметтiк сала мен экономиканыңқажеттiлiктерiментығызбайланыстыбiлiм беру жәнетехнологиялардыжетiлдiруболыптабылады" депатапкөрсетiлгендей, қазiргiбiлiм беру саласындағыбастымәселе: әлеуметтiк - педагогикалықұйымдастырутұрғысынанбiлiммазмұнынажаналықенгізудiңтиiмдiжаңаәдiстерiнiздестiру мен олардыжүзегеасыраалатынболашақмамандардыдаярлауболыпотыр.

Ұлттық бірыңғай тест - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ - бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.

Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты - мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратыны айқын. Ұлттық бірыңғай тест орталығының оқушыдан жан-жақты, терең білімді талап ететіндей етіп құрастырған тест жинақтарынан басқа ір мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестке дайындау тәжірибеге тоқталсақ:

Оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызып, тарих әлеміне кіргізу керек.

Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу.

Тест жұмысын үй тапсырмасын тексергенде немесе жаңа сабақты бекітуде қолдану.

Тест құрастыру нұсқаулары мен талаптарын басшылыққа ала отырып, бөлім, тарау, тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастырамын және жауап кілтін дайындау.

11 класқа келгенде ҰБТ-ға дайындықты жоспарлы түрде жан-жақты жүргізу.

Класс оқушыларына арнап, ҰБТ-ға дайындық дәптерін ашып, қатемен жұмыс жүргізу.

Шығармашылық ізденіске баулу мақсатында оқушыларға да тест құру тапсырмасын беру.

Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету- мұғалімнің ең басты міндеті. Тест тәсілдері оқушыны ынталандыратындай, қызықтыратындай, ойландыратындай болуы керек. Енді осы әдіс- тәсілдерге тоқталсақ:

Толықтыруды қажет ететін тест

Жабық тест

Сәйкестендіру тестісі

Тұлғаны танып біл

Ашық тест


Әдіс-тәсілдер

Тарихи терминдермен жұмыс

Хронологиялық тест


Қатемен жұмыс

Сызба-нұсқа кестемен жұмыс


Сөзжұмбақпен жұмыс

Электронды оқулықпен жұмыс

Картамен, картинамен жұмыс


Соңғы жылдары елімізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ енгізілген. Бұл оқушыны өз еңбегңне шығармашылықпен қарауына мәжбүр етеді.

ҰБТ-ға пайдаланған емтихан материалдары мемлекеттік стандарт жүйесінде жасалды. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы бойынша 5 - кластан басталуы керек. Әр тарауды қайталау үшін, оқушылардың білімін тексеріп, бақылау мақсатында тест алынып отырылады. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Қай тақырып бойынша қателер болғанын, қанша оқушы ол сұрақтардан қателескенін білудің мұғалім үшін маңызы зор. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері артты, оқытудың тиімділігіне қол жеткізілді, есте сақтау қабілеті артты, шығармашылық әрекеті қалыптасты.

Оқушылардың білімін бақылауда тесттің бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

Пайдаланатын тест түрлері:

Дұрыс жауап таңдау тесті.

Толықтыру тесті.

Сәйкестендіру тесті.

Баламалы тест.

Хронологиялық тест.

Тест тапсырмаларын түрлендіріп алудағы мақсат:

Оқушылардың өткен тақырыптарды қайталай отырып тестпен жұмыс істей білетіндіктерін байқау және білімдерін тексеру.

Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, есте сақтауын дамыту, өз беттерінше жұмыс істетіп, өз білімдерін тексеруге дағдыландыру.

Оқушыларды ізденушілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

1. Дұрыс жауап таңдау тесті-бұл тест түрі қазіргі кезде барлық тесттерден жиі және ҰБТ өткізуде, оған дайындауда қолданылып жүргендігін білеміз. Осы тест түрі бойынша берілген тапсырмаларды ұсынып отырмыз (мысалы)

1. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:

A) Ќ.И.Сәтбаев. B) И.М.Губкин. C) Н.С.Курнаков.D) А.Панкратова.E) А.И.Миронов.

2.Түркістан-Сібір темір жол ќұрылысында еңбек еткен адамдар саны:

A) 100 мың. B) 150 мың. C) 200 мың. D) 220 мың. E) 300 мың.

3.Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:

A) 1928 жылы. B) 1929 жылы. C) 1930 жылы. D) 1931 жылы. E) 1932 жылы.

4.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:

A) Т.Жүргенов. B) О.Қожанов. C) С.Садуақасов. D) Т.Рысқұлов. E) О.Жандосов.

5.Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

A) «ЖЭС».B) «Әскери коммунизм».C) «Азыќ-түлік салғырты».

D) «Индустрияландыру».E) «Кіші Ќазан».

6.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

А) 1726жылы В) 1729жылы С)1731жылы D) 1733жылы Е)1735жылы

7.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:

А) I Петр В) Анна Иоанновна С)Елизавета Петровна D)I Павел Е) I Александр

8.XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:

А) Батыр сұлтан В) Тәуке хан С) Абылай хан D) Әбілқайыр хан Е) Сәмеке хан

9.Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды

А) 1756 жылы В) 1757 жылы С) 1758 жылы D) 1759 жылы Е) 1761 жылы

10.Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы

А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж

2. Сәйкестендіру тесті тірек сызбалары арқылы бағытпен нұсқау арқылы белгіленеді. Бұл тест түрін көбінесе орта буын оқушыларымен жүргізген тиімді, оқушылардың қызығушылығы артып, есте сақтау қабілеттері дамиды.

Кесте толтыру немесе сәйкестендір деп аталады

Петропавл бекінісі

1752 жыл

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы

1723 жыл

Ертіс шебі

1684 верста

Абылай хан Қытай билігін мойындады

1757 - 1760 жж

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған шаруалар көтерілісі болған аймақ

Сырдария өзенінің бойы

Кіші жүзде хандық билік жойылды

1824 жылы

И.Завалишин

Батыс Сібірді сипаттау, Мәскеу, 1867 жыл

Әмен Байбатырұлы

1812 жылғы Отан соғысына қатысқан жауынгер ақын

Кенесары Қасымұлы

1802 - 1847 жж өмір сүрген

Округ

- 20 болыстан тұрды.

Сәйкестендіру тестісі оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады. Бұл жұмыста тарихи оқиғалар реті сақталмай беріледі. Оқушы дұрыс жауаптарын сәйкестендіріп орындау керек.

Тарихи терминдермен жұмыс


Тарихи терминдермен жұмысқа ерекше көңіл бөлген жөн. Оқушылар бірқатар тарихи терминдер, тарихи ұғымдар, түсініктермен танысады.

3.Баламалы тест бұл сұрақтың жауабы «иә» немесе «жоқ» сөздері арқылы белгіленеді.

* Қазақ хандығын алғаш құрған Керей мен Жәнібек

* Әмір Темір Отырарда қайтыс болды ма?

* Алтын Орданы құрған Батый

* Алғашқы түсірілген көркем фильм «Қыз Жібек»

* «Кіші Қазан» идеясының авторы Голощекин

Толықтыру тесті. Бұл тест бойынша берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына дұрыс жауабы қойылады.

Қабанбай батырдың зайыбы, әскери серігі___________Малайсары батырдың туған қарындасы.

«Ресей-кең байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ-артымызда______!»

Тұңғыш 1991 ж 2 қазанда ұшқан ғарышкер қазақ жігіті______

Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны____

Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық____________

Абдаллах ханның Хақназарға сыйға берген жері____________

Жоңғар хандығының тарих сахнасынан жойылған жылы_________

Хан тағына сайлануға құқылы Шыңғыс ұрпақтары________________

«Шыңғыснаманың» авторы___________________________________

1916 ж ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшысы_____________

4.Сандар сөйлейді.

60 - 70 %

1 - 4 %

1873 жыл

12 %

1893 жыл

17,8 %

XIX ғ 90 ж бастап

16 жасқа дейін

14 %

1880 жыл

2,7 %

1890 жыл

4,7 %

1896 жыл

6,4 %

3 айға

1849 жыл

150 жұмысшы

1888 жыл

1891 жыл

1890 жыл

1893 жыл

1895 жыл

1899 жыл

Ұсынылып отырған әдісті қолдана отырып мұғалім оқушының тақырыпты толық меңгеруіне , есте сақтау қабілеттерінің артуына жол ашады., оқушының өзіне деген психологиялық сенімділігін қалыптастырады.

Қазіргі уақытта заман талабына сай сапалы білім беруде және ҰБТ-ға дайындауда жоғары нәтижеге жету үшін мұғалім өзіне тиімді әдіс-тәсілдер іздейді. Біздің ұсынып отырған әдіс -тәсілдеріміз солардың бір ғана үлгісі.

ҰБТ-ның құндылықты мақсаты Қазақстанның интеллектуалдық элитасын қалыптастырып, білім беру жүйесін жетілдіру болып отыр.

Қорыта келгенде оқушылармен кешенді жұмыс жүргізгенде ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Мұндай тапсырмаларды құрау үшін мұғалім бүкіл тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс. Ең бастысы, өзі біліп қана қоймай білгенін оқушыларға бере білуі керек.

© 2010-2022