Ойын арқылы тілдерін дамыту баяндама

Бұл баяндама қазақ тілі сабағында оқушылардың тілдерін ойын арқылы дамытуға арналған     Орыс тілінде дәріс беретін дәрісханада қазақ тілінің оқыту мәселелерінің көптеген жақтары әлі шешуін таппай келе жатқанын білеміз. Соның ішінде қазақ тілінің қарым – қатынастық мақсатта оқыту – осы тілде дәріс беретін оқытушылардың негізгі міндеті және бұл ең маңызды мәселенің тиімдісі.Орыс тілді ортада қазақ тілінен сабақ берудің өзіндік қиыншылықтары аз емес. Себептері сан қилы: тілдік орта жоқ, сабақтан б...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі әдебиеті мұғалімінің сабақта ойын арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.

Ж.К.Темирбаева

Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 ЖОББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Орыс тілінде дәріс беретін дәрісханада қазақ тілінің оқыту мәселелерінің көптеген жақтары әлі шешуін таппай келе жатқанын білеміз. Соның ішінде қазақ тілінің қарым - қатынастық мақсатта оқыту - осы тілде дәріс беретін оқытушылардың негізгі міндеті және бұл ең маңызды мәселенің тиімдісі.

Орыс тілді ортада қазақ тілінен сабақ берудің өзіндік қиыншылықтары аз емес. Себептері сан қилы: тілдік орта жоқ, сабақтан басқа жерде олар қазақ тілінде сөйлемейді.

Қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында орыс тілді оқушыларды қарым - қатынас жасай білуге жетелеу мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Мұндай міндетті шешудің жолдарыноойластырып, сабағында оны тиімді қолдана білу үшін оқытушының көп ізденері айғақ. Осындай мақсатты шешу жолында оқытушы көбіне ойындарға, жүгінгені абзал. Себебі, мұндай ойындар оқушының ой - өрісін дамытып, сабақты жандандырып, тіл үйренушінің пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Әрі ойынның бұдан маңыздырақ жағы да бар. Ол ең алдымен -қатысымдық. Жақсы ұйымдастырылған ойын тілді меңгеру үшін барынша жағдай жасайды.

Ойынның мәні:

а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қызығушылықтарын арттырады;

ә) қажетті сөздерді неғұрлым көп меңгерсем, дұрыс жауап берсем деген ойды туғызады;

Б) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады;

В) тіл үйренушінің қазақ тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады.

Сөйтіп, ойын -дұрыс сауатты сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылатып, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.Ал шәкірттер білімінің сапасы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеп, біліктіліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты.

Қандай сабақта да дәріс алушыларды ізденіске баулу -оқытушының басты мақсаты болмақ. Ал тіл үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі-ойындарды пайдалану. Оны тиімді пайдалана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, екеу ара қарым - қатынас негізіндегі сөйлеу тілін байытуға ықпал етеді.

Тіл үйретудің басты мақсаты ретінде адамдармен қарым -қатынас жасай білуге баулу іс алынады. Демек, оқытудың ең басты формасы тыңдау да емес, айту да емес, немесе оқу да емес, оқушылармен дәріс алушылар арасындағы және дәріс алушылардың өзара арасындағы кәдімгі күнделікті белсенді, әрі жанды қарым-қатынас болып табылады.

Әр түрлі оқу орындарындағы тілді үйрету ісінде ойындарды пайдалану (Артыкова. Жанпеисова, Филотов т.б.)

Ал, А.Н. Леонтьевтің анықтамасы бойынша «Ойын әрдайым өзгерісте болады. Мұндай жағдайдағы ойынға тән сипат -шарттылық және байсалдылық. Адам ойында өз күшін сынап көреді, онда адамның өзін -өзі тану процесі жүреді. Ойын оқу процесін жүзеге асыратын форма ретінде танылады».

Ойындар белгілі бір талап-тілектерге жауап беруге тиіс. Онсыз оқытушының табысқа жетуі мүмкін емес. Сондай-ақ ойындар дәріс алушылар үшін қызықты болуы шарт. Ойын ұйымдастыру алдында оқытушы оны алдын ала қай мезгілде, тіпті кімдермен, қандай әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізетінін жоспарлап, мұқият дайындалуы тиіс. Сонымен қатар, оларды әңгімеге тартар кезде бұрыннан қолданылған және жаңадан қолданылатын тілдік материалдарды барынша тиімді пайдаланылатындай дәрежеге құру керек. Мұнда оқытушы көп көзге түспеуі керек. Оқытушы рөлі ойынды ұйымдастыру, өткізу барысында үнемі өзгеріп тұруы қажет. Яғни, әрбір ойын белгілі бір мақсатты, мүддені көздеу керек. Ойынға көшпес бұрын оқытушы бүгін қандай материалға сүйенетінін, қандай қиыншылықтарға кездесетінін де түсіндіруі қажет. Ойынның тәртібі мен мақсатынан да хабар ете отырып, оларға не істеу керектігін, олардан не талап ететінін әбден ұғындыру керектігін баса айтқан жөн. Кейде ойынның кейбір үлгілерін көрсете кеткені тиімді. Ойын барысын жіті қадағалап отыру керек. Сондай-ақ, диалогтар мен сахналық маңызы бар ойындарды ойнау қызықты. Оқытушы ойын кезінде шәкірттерді еркін ұстап, қысылмай отыруын қамтамасыз етуге міндетті. Сонда ғана дәріс алушы өздерінің автор болатынын ескеріп, өз қалауы бойынша ойын білдіре отырып, тілдік әдістерді, оның формаларын өзі таңдап алады. Оқытушының тілінде шұбар сөздер. Диалектизмдер болмауы тиіс. Ол әдеби тілдің нормасымен сөйлеуге міндетті. Өзінің пәнін оқытушы жетік білген жағдайда ғана сабағын қызықты етіп оқыта алады.

© 2010-2022