«Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен                                  шығармашылығы Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Қ.Аманжоловтың өмірі туралы мағлұмат беру, Қасымның жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау, өлеңдерінің идеялық мазмұнын мәнерлеп оқыта отырып талдау. Дамытушылығы: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойларын еркін айтуға, іздемпаздыққа баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру. Тәрбиелігі: туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін қалыптас...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» АШЫҚ САБАҚ

ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ


«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

_________ Бисалиева Ж.Е.



«Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы»


АТТЫ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДАМАСЫ


«Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» АШЫҚ САБАҚ




Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

оқытушысы: Бексариев Н.С.



Орал - 2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қ.Аманжоловтың өмірі туралы мағлұмат беру, Қасымның жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау, өлеңдерінің идеялық мазмұнын мәнерлеп оқыта отырып талдау.

Дамытушылығы: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойларын еркін айтуға, іздемпаздыққа баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру.

Тәрбиелігі: туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: ақынның портреті, кітаптары, кестелер, буклет,слайд, проектор

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығынан қайталау сұрақтары.

1.Әбділда Сәрсенбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? Ақын 1909 жылы Сыр бойында, Қызылорда шаһарында туған.

2.Ақын туындыларын жанрлық жағынан бірнеше сала, күрделі арналарға бөліп, жіктеп қарауға болады, олар? Поэзия, драматургия, ғылыми-сын еңбектер, проза

3.Ақын туралы алғаш зеттеу еңбекті кім жазды, ол еңбек қалай аталады? Мұхтар Әуезовтің «Әбділда Тәжібаев» атты мақаласы.

4.Ақын шығармашылығындағы биік кезең, қазақ лирикасы үшін оқиға болған әйгілі жинағы қалай аталады? «Аралдар» атты әйгілі жинағы.

5.Ақынның халықтық поэзия дәстүріндегі поэмалар қатарын атаңыз? «Оркестр», «Күй атасы», «Абыл», «Мерген», «Толағай», «Портреттер» т.б.

6.Ақынның ұзақ қаламгерлік сапарда дүниеге келген пьесаларын атаңыз? «Жалғыз ағаш орман емес», «Майра», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Сағынамын күн сайын» пьесалары.

7.Ә.Тәжібаев тұңғыш пьесасын кіммен бірігіп жазған? М.Әуезовпен

8Азамат соғысының аласапыран кезеңдерінен сыр шертетін, кезінде республикалық бәйге алған пьесасы? «Ақ қайың»

9.Өнер адамын арқау еткен драмалық туындысы қалай аталады? «Майра» драмасы.

10.Әбділда Тәжібаев қай жылы дүниеден озды? Ақын 1998 жылы дүниеден озды.

Тапсырма: Өлеңді жаттап алыңыз.

Сырдария

Білем сені, сүйем сені

Сырдың суы қарт анам.

Сенсің мені әлдилеген,

Туған сеннен мен балаң.

Сүйсе Гейне анам десе

Сүйген суы Рейнесін.

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын Гейнесін.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді.

Ел анасы - менің анам

Сырдың сұлу өзені.

Қуан, ана! Ақыныңның,

Келді жырлар кезегі.

Келдім бүгін көрдім сені,

Сүйсең, міне, маңдайым.

Құшағыңда отырмын мен

Көріп көзбен ел жайын.

Жасарыпсың қадірлі ана

Ақ түспепті шашыңа.

Емшегіңнен сүт кетпепті,

Жетсең-дағы жасыңа.

Қарт Днепр, ескі достың

Көремісің айбатын.

Электрі мың моторлы,

Асқан алып қайратын.

Сен де маған, жаным ана,

Днепрдей жарық бер.

Қол жетпеген көк жұлдызын,

Құшағыма алып бер.

Сол кезде де, жаным ана,

Өзіңменен тең болам.

Сырда туған Сырдың ұлы,

Жаңа Гейне мен болам.

3. Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы: «Қ.Аманжолов - ғажап ақын! Ол

жазған өлеңдерді сүйіп, қастерлеп оқыңыздар»

Сәбит Мұқанов

Ақын өмірінен бейнеролик.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл Көшен қыстауында дүниеге келген. 1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдаған соң Оралдағы педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. Касым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылады.

1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.

1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылығының елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пионина тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты әндері бүгінгі шырқалатын әндер тізімінің қатарында. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.

Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары - оның эпиктігінің дәлелі.

Қасым 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос-жарандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.

Соғыс аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалы өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді.

1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары, «Таңдамалы шығармалар жинағы» басылып шықты.

1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел - оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының 3 съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.


Өлеңдері

Поэмалары

Пьесалары

Аудармалары

«Сарыарқа»

«Дауыл» «Ағайға»

«Бикеш» «Дариға, сол қыз» және т.б.

«Досымның үйленуі» «Аңқау Жүсіп» «Бикеш» «Құпия қыз» «Ақын өлімі туралы аңыз»

«Аңқау Жүсіп» «Досымның үйленуі» және т.б.

Д.Байрон , М.Лермонтов, А.Пушкин, Н.Некрасов, Т.Шевченко, В.Маяковский, А.Твардовский, Низами

4. Жаңа сабақты бекіту.

1.Ақынның «Өзім туралы » өлеңін әнімен орындау.

2. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау:

1.Авторы: Қасым Аманжолов

2.Тақырыбы: «Өзім туралы»

3.Жанр түрі: поэма.

Поэма дегеніміз -

4.Идеясы: Өзі жайлы, өмір мен өлім туралы, ақындық, оның мақсаты, болашаққа өсиет айтады.

5.Шумақ - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең 25 шумақтан тұрады.

6.Тармақ - өлеңнің әр жолы, 100 тармақтан тұрады.

7.Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. 8 бунақты, 11-12 буынды.

8.Ұйқас түрі - қара өлең

3. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)
4. Ақын өлеңдерінен әдеби теориялық ұғымдарды табыңдар.

5. «Бес жолды өлең» әдісі.

Зат есім (1)

Сын есім (2)

Етістік (3)

Синоним (4)

5 сөзден тұратын сөйлем жаз.

6. «Топтастыру» әдісі.

«Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы» АШЫҚ САБАҚ

7. Жаңа сабақ бойынша қорытынды кесте толтыру :

Тапсырма: Сабақта алған білімдерінді кестеге толтырыңдар..

Даталар

Болған оқиғалар

Ақын шығармалары



Жинақтары:

Өлеңдері:

Поэмалары:

Пьесалары:

Аудармалары:


8. Инсерт әдісі бойынша қорытындылау

Не білдім?

Не білгім келеді?

Мен үшін жаңалық

5. Жаңа сабақты қорытындылау.

Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Алдағы уақытта ақын шығармашылығын құрметтеп, қажеттеріне жаратады деп сенемін. Ақын өлеңдерінің болашақ жастарға берері мол. Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сабақ аяқталды сау болыңыздар.
6. Үйге тапсырма: Оқулықтарыңыздан Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, қосымша мәліметтер арқылы дайындалып келу. «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау,поэтикалық тіліне талдау жасау

7. Бағалау


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым «Қазақ әдебиеті» жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2007 жыл;

  2. Ә.Мұхтарова «Қазақ әдебиеті дидактикалық материалдар» 11 сынып, Алматы «Мектеп» 2007 жыл;

  3. Республикалық, ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал «Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту» №4-5 2012 жыл


© 2010-2022