Ұстаз - ұлы тұлға сынып сағаты (6-сынып)

Ұлы ойшыл Әл-Фараби "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" дегеніндей, біздің ұстаздық қызметімізде бірінші міндет тәрбие екені бесенеден белгілі. Сондықтан сынып жетекшісі ретінде сынып сағаттарын түрлендіріп ұйымдастырамын. Төменде сондай бір сынып сағатының жоспары берілді. Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған сынып сағатының мақсаты пән мұғалімдерінің оқушылар алдындағы мәртебесін, орны...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз ұлы тұлға!

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі «Ұстаз ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Әр жанұяға береке,бірлік, табыс тілей отырып, тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


  1. жүргізуші:

Қош келіпсіздер, қадірменді ұстаздар.


  1. жүргізуші:

Жүректеріңіз жырға, құшақтарыңыз гүлге толсын.


  1. Жүргізуші:

Есігін ашып сырлы әлемнің айқара,

Таланттарды өзің ғана байқа да.

Білім беріп жалықпастан балаға,

Жүре берші, гүлдей болып жайқала.


  1. жүргізуші:

О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,

Сая тапсын, ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

(би - ұлдар)


  1. жүргізуші:

Мұалім-ұстазысың балалардың;

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

2-жүргізуші:

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді

Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана

(ән Шәкен А.)

1-жүргізуші:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып журген атын еркін.

Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,

Жүректің алғысымен рақметін.


  1. жүргізуші:

Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын шалдықпайтын тәйірі.

(Қойылым математика пәнінен)

1-жүргізуші:

Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашқан,

Өмірінің өр шақтарын қиғандар.

2-жүргізуші:

«Ұстазым» деген ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалімөұстаз бола алса.

Баланың көп қой данасы.

(би Ақбота )

1-жүргізуші:

Мөлдір бұлақ сәнденеді,

Армандардың шулап жатыр нуымен.

Ал баланың тәрбиесін беретін,

Мерекенің шалықтаған күнімен!

2- жүргізуші:

Аманат жүгін көтерген

Ұстаздық оңай іс емес

Шаршауын шәкірт өтеген

Ұстаздар осал күш емес.

(қойылым орыс тілінен)


1-жүргізуші:

Ұстаздың

Көзінде жылылық бар

Сөзінде ұлылық бар

Мінезін осы бастан ұғынып қал!

Жай ғана күлгені

Ойлана біл дегені

Сыйламай, ренжітіп жүрме оны!

2-жүргізуші:

Сені ұстазың

Ұялтып терлеткенде

Бетіне жел боп келме

Өйткені ұстазыңды

Сағына еске аларсың

Ер жеткенде!!!

(барлығы қосылып ән айтады «Ұстазым», сыйлық таратылады!)

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Ұстаз ұлы тұлға атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөлгендеріңізге көп рахмет!!!

Қиындыққа мойымай, аман есен болыңыздар!


© 2010-2022