Ашық сабақ. Қ. Аманжолов өлеңі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тексерілді»

МДОІЖО: З.Абдрасилова

Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом

Мұғалім: Г.Қойлыбаева Пәні: әдебиет Сыныбы: 5 «А»

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні: 5 наурыз 2015 ж.

Пәні: әдебиет

Сынып: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Аманжолов «Дауыл» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыру. «Дауыл» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтау

Оқыту нәтижелері:

Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен танысады. «Дауыл» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау арқылы тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Негізгі дереккөздер

оқулық,флипчарт,стикер,маркерлер,слайд,бағалау парақтары.

Сабақ барысы:

Сабақ

бөлімдері

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер

Ұйымдастыру

кезеңі

(3 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын құрғызамын,мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлемін.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден- деген өлең жолдарымен шеңбер болып тұрып,мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.

«Достық», «Еңбек», «Білім», «Ерлік» туралы мақал-мәтелдер

Үй тапсырмасын

сұрау

(10 минут)

Т.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінен үзіндісін бөлімдер бойынша мазмұндатамын.

Әңгіме мазмұнын өз сөздерімен айту арқылы тілдік нормаларды дұрыс қолдануға үйренеді.

Ой тастау

(4 минут)

Қ.Аманжолов туралы не білесіңдер? Бұрын қандай шығармасымен таныстық? сұрақтары арқылы сабаққа назар аудартамын.

Электронды оқулықтан

Қ.Аманжолов туралы аудиожазбаны тыңдайды.

Оқулық

Қолдану

(10 минут)

Оқушыларға топтық тапсырма беріп,жұмыстарын қадағалаймын,бағыт-бағдар беремін.Топбасшыларына топ мүшелерін бағалап отыруды еске саламын.

І топ - Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына постер жасайды.

ІІ топ - «Ассоциация» құрады.

ІІІ топ- «Дауыл» өлеңінің мазмұны бойынша сурет салады.

ІV топ - хронологиялық кесте жасайды.

Маркер тақталары, маркерлер

Сергіту сәті

(3 минут)

Оқушыларды интерактивті тақта арқылы бейнероликке қарап, би билетемін.

Бейнероликті көріп,мультиктегі балалардың іс-әрекетін қайталайды..

Бейнеролик

Қорытындылау

(7 минут)

«Екі жақты түсініктеме» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Жазбаша материалдарын дайындайды, жазғандарын өзара алмасып, талқылайды.

Ойларын жинақтайды

А4 парақтары,

оқулық

Бағалау

(3 минут)

«Өзін-өзі бағалау парағына» бағалау жасауын сұраймын.

Әр оқушы берілген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды.

«Өзін-өзі бағалау парағы»

Үйге тапсырма

(2 минут)

Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармалары туралы тың деректер іздеу, «Дауыл» өлеңін жаттау.Сурет салу.

Үй тапсырмасын белгілеп алады.

Интернет

Кері байланыс

(3 минут)

Смайликтер арқылы «Сабақ соңындағы көңіл-күйім» кері байланысын жасатамын.

Кері байланыс жазып, тақтаға іледі.

стикерлер













© 2010-2022