Тәрбие сағаты Табиғатым - тал бесігім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатым - тал бесігім.

Мақсаты:

1) Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.

2) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру

3) Туған жердің табиғатын аялаулауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер

Барысы:

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: « Табиғатым- тал бесігім». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

1- оқушы:

Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетімін

Биікке самғап жетемін.

2-оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

3-оқушы:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

Тигізетін пайдасы зор адамға

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Болсын тек ауа таза , тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

Мұғалім: Табиғат аясы- адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген

сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою өрнектерден де

көруге болады. Мысалы: Түс киіздердегі ою- өрнектерде даланың хош иісті гүлдері,

өзен- көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары

мен қанаттары салынған.

4- оқушы:

Мен сүйем ерікті еркін құсын

Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.

Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,

Сүйемін табиғаттың барлық күшін.

5-оқушы:

Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.

Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.

Су- тіршіліктің көзі.

Ауа- өмір тынысы.

Мұғалім: Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға,

жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті - аққуға,

мөлдірлікті,тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған.

Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп

қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл

мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы

адамдарға тарту- таралғы жасаған.

Көрініс:

Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп

батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем

сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал

қойыпты.

Райымбек: ( оқушы )

Жер дегенім немене?

Ел дегенім немене?

Жер сәні деген немене?

Ел сәні деген немене?

Жер құты деген немене?

Жерді не көтереді?

Елді кім көтереді?

Төле би: (оқушы)

Жер дегенің- тіршілік,

Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған

шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты - қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

Мұғалім: Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы.

Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер

қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық,

батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.

6-оқушы:

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан - жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың

7-оқушы:

Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген

аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті

үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының

қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!

8-оқушы:

Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!»

Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен

жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза

ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға

жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен

саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым

лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты?

Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада

өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн

көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.

9-оқушы:

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дана қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны.

10- оқушы:

Табиғат, Жер -Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Қорытынды: Табиғатты қорғау үшін қандай іс-шаралар өткізу керек?( балалар өз ойларын ортаға салады).

Мұғалім: Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің,

Айың анау, күнің анау, жерің мынау

Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

Асырайды ол сені , мені, елді де!



© 2010-2022