Сынып сағаты Менің Тұңғыш Президентім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің тұңғыш Президентім!

Тақырыбы: Тұңғыш ұлт Көшбасшысы!
Мақсаты:1)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
3)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Лездеменің көрнекіліктері: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы презентация

Барысы: Күй. Казкенов Дастан « »

Мұғалім: - Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы» құжатқа қол қойды. Осыған сәйкес, бірінші желтоқсан еліміздің Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мейрам ретінде үстіміздегі жылы екінші рет тойланбақ.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Құттықтау сөзі мектеп директоры Б.А.Садвакасоваға беріледі:

Қазақтың ұлттық биі. 7-8 сынып қыздары.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Әнұран
1-оқушы( ): 1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.

-Осыдан 21 жыл бұрын яғни, 1991 жылдың 1 желтоқсанында тәуелсіз Қазақ мемлекетінің алғашқы президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ол сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
2-Оқушы( ):
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай Қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

3-Оқушы( ):

Өрлетті Елді, Елбасы өтті сыннан,

Өткізді аман от шарпыр өрт тұсынан.

Өткізді аман ішті-тыс өрекпіген

Сұрқияның сұмпайы соққысынан.

Айдыны кең ақылы кемерленген,

Парасаты жетілген, кемелденген.

Бәсекемен, бейбітшіл татулықпен

Баса озуды көкседі өнерлі елден.

Дана ұл болды зор іске бел байлаған,

Мойындады Алты Алаш, бүкіл ғалам.

Қадірлейік бар ісін қасиеттеп,

Пендешілік арылып күнәлардан

1-оқушы ):

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Ел тірегі - қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті Нұр-аға!

2-оқушы( ):

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ел арманы өрілген.

Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

Ел тірегі - қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті Нұр-аға

4-оқушы:

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
5-Оқушы:

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін мерекесі деп
Әнге толсын барлық қала ауылдар
Қағылсын бар барабандар, дабылдар
Елбасының мерекесін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Мұғалім: «Тұңғыш Президент күніне арнап 5 «Б»-сыныбының оқушылары сіздерге қазақ биін тарту етеді.»

Қазақ биі.

Мұғалім:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңді ешқашан ұмытпаңдар! Жас Қазақ елі жасасын!»

Ән:



© 2010-2022