Внеклассный урок Тіл-халық байлығы 5-8 класс

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Тіл - халық байлығы"

Сайыстын мақсаты:

  • оқушылардың ой өрісің тереңдете отырып, білім- білік дағдыларын қалыптастыру.

  • мемлекеттік тілдің мәртебесің биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, дің, тіл ерекшеліктері болатынын түсіндіру.

  • мақал-мәтел, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеу түрің, логикалық ойлау қабілеті мен зейінің дамыту.

  • тіл туралы білімдерің жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу, туған халқының тілің қастерлейтін саналы да, парасатты азамат және де топта жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сайыстың түрі: жарыс

Сайыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, антонимдер жұбын табу, сөз құрау, ой түйіндеу.

Сайыстың көрнектілігі: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, шарлар, бағалау жұлдызшалары.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар.

Сағындырған ана тілім, армысын

Сағындырған ана тілім, бармысың.

Осы тілде бар азамат ұғысқан,

Осы тілде талай жүрек табысқан - дей отыра "Тіл- халық байлығы"- атты сайысымызға қош келдіңіздер! Мектебіміздің 5 тен 8 сынып аралығындағы оқушылар қазір алдарыңызда күш сынасып, өздерінің білім деңгейлерін көрсетпекші. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Шақырамыз, келіңіздер жарысуға

Күш, өнер, білімменнен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға.

Қанеки, кім шығады сайысуға!

(сайыскерлер ортаға шығады).

Жүргізуші: Ендігі кезекте Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Әділ қазылар алқасы: Қазақ тілі пәнәнің мұғалімі:

Орыс тілі пәненің мұғалімі:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін -дей келе құрметті оқушыларға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық! Сайысымыз бес кезеннен тұрады. бірінші кезен: «Бәйге» Қойылған сұраққа бірінші болып қол көтерген топ мүшесі дұрыс және нақты жауап беруі керек.

1) ҚР рәміздері (Ту, әнұран, елтанба)

2) Еліміздің мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

3) ҚР тұнғыш конституциясы қай жылы қабылданды (1993 жылы 28 қаңтар)

4) Абайдың неше қарасөзі бар (45)

5) Қазақстанда неше облыс бар (15)

6) Конституция сөзінің аудармасы (Құрылым, өкілім)

7) 16 желтоқсан қандай күн (Тәуелсіздік күні)

8) Қазақ ССР- інің «Тіл туралы» заңы қый жылы қабылданды (1989 жыл 22 қыркүйек)

9) Қай жыл мемлкекттік тіл жылы болып жарияланды (2007 жыл 7 ақпан)

10) Қазақстан неше елмен шектеседі (5)

11) ҚР тәуелсіздігін қашан алды (1991ж)

12) Қазақ халқының бас ақыны (Абай)

13) Қазақстандағы ең ұзын өзен (Ертіс)

14) Қазақстандағы ең ірі көл (Балқаш)

(ән орындалады)

Жүргізуші: Ана тілім - айна түсер аймағы,

Елім, жерім ұятымның аймағы.

Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп,

Жеткізетің мәні, нәрі, қаймағы- дей келе енді 2-кезеңге өтеміз. 2-кезең: «Кім шапшаң» антонимдер жұбын табу.

Таза- Алыс- Көп- Ақ-

Ашық- Күн- Надан- Арық-

Жылы- Жақсы- Түзу- Дос-

Жүргізуші: Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілің білмесен сен егерде,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығын.

3-кезең «Мақал-мәтелдер» сайысы: Әр топ мақал-мәтелдің жалғасын табады, бір-бірлеріне мақал-мәтел бастап айтып келесі топ жалғастырады. (мақал-мәтел жасырып жалғасын табады).

(ән орындалады)

Жүргізуші: 4-кезең «Адасқан әріптер» сайысы. Әр топ адасқан әріптерден мақал-мәтел құрастырып, қай топ бірінші және дұрыс аяқтаса, сол топқа ұпай қосылады. (мақал-мәтел құрастыру)

1.БАЛ ТАМҒАН ТІЛДЕН У ТАМҒАН

2. ӨНЕР АЛДЫ ҚЫЗЫЛ ТІЛ.

3. ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІНДІ ҚҰРМЕТТЕ.

4. БАСҚА ПӘЛЕ ТІЛДЕН

Жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміз мақал-мәтел құрастырғанша көрермендер келесі фразеологизмдер мағынасын түсіндір:

  1. Шаш етек -көп,мол

  2. Сүт пісірім -тез

  3. Үш қайнаса сорпасы қосылмайды- ұқсамайды

  4. Ит өлген жер- алыс

  5. Қас пен көздің арасы- тез

  6. Инемен құдық қазғандай- қиын

  7. Қамшынын сабындай -қысқа

  8. Айы онынан туды- жолы болды

  9. Аузына құм құйылды -сөз таба алмау

  10. Ат ізін суытпау- жиі қарым-қатынаста болу

  11. Ана сүті аузынан кетпеген -жас

  12. Тақиясын көкке лақтыру -қуану

  13. Жағасын ұстады -таң қалды

  14. Ауызға үріп салғандай- өте әдемі

  15. Тонның ішкі бауындай- тату достар

  16. Шөп басын сындырмау- түк істемеу

(мақал-мәтелдер жауабын сынау)

(ән орындалады)

Жүргізуші: 5-кезең «Орыс тіліне аудар» сайысы. Топ басшылары кезекпен тандап алып, топпен ақылдасып төмендегі орыс тіліндегі сөздердің аудармасы қандай қазақ есімдерің білдіретінің атайды. (қағаз алу, жауап)

6-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Бұл кезеңде әр топ басшысы әріп таңдайды. Бізге берілген мына әріптер: А,Ш,С,Қ

Сұрақ берілгенде, жауабы алған әріптерінен басталуы керек.

  1. Қай қалада тұрасын?

  2. Сенің сүйікті әншің?

  3. Қандай тағамды ұнатасын?

  4. Сыныптағы досынның аты?

  5. Мінез-құлқын қандай?

  6. Қандай мамандықты таңдайсын?

  7. Кімге ұқсағын келеді?

  8. Жазғы демалысынды қайда өткіздің?

  9. Қандай гүлді ұнатасын?

  10. Мектепке немен келесің?

  11. Күзде ауарайы қандай?

(ән орындалады)

Жүргізуші: Жарысытың соңғы сәті таяп қалды

Демеңдер білімдерің аяп қалды

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Женімпаздар кім болып сарапталды.

(Әділ қазылардың қорытынды сөзі) (Жеңімпаздарды марапаттау).



© 2010-2022