«Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағаты

1-жүргізуші: Ұлы күшке сенген күн                           Фашистерді женген күн.                           Ағаларға ерген күн, Бақыт гүлін терген күн-деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады) Немересі: -          Бүгін меннен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі) Әжесі: -         Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады). Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сойлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді. (Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады). Немересі: - Әже, соғыс, соғыс басталды! (әжесін құшақтап жылайды) Радио: тыңдаңыздар! Тыңдаңыздыр! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, Жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаңыздар.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаты







Бақыт гүлін терген күн





Тәрбиеші: Сыздыкова Ж.К





Петропавл қаласы

1-жүргізуші: Ұлы күшке сенген күн

Фашистерді женген күн.

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн-деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн» атты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:

  • Бүгін меннен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:

  • Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сойлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:

- Әже, соғыс, соғыс басталды! (әжесін құшақтап жылайды)

Радио: тыңдаңыздар! Тыңдаңыздыр! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, Жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаңыздар.

Немересі:

- Аттан!-деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесін.

Кеудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:

-(әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің,

Барлығы саған аманат.

Әжесі:

-Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

Келін:

-(қалтаға салынған топырақты берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

1-жүргізуші: Отан ана жылағанды шер сеніп,

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

2-жүргізуші: Бұлт торлады аспанды,

Қара жер қанға ластанды.

Зеңбірек атып жан-жақтан,

Осылай соғыс басталды.

(Соғыс туралы документалды фильм)

Монтаж: 1-оқушы:

Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің,құлдың да,

Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да.

Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,

Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.

2-оқушы:Қиылды,

Қанаты тәтті арманның.

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның.

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте,

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3-оқушы: Жабады,

Дала төсін нала,қайғы.

Шын қайғы жас кәріге қарамайды.

Қып-қызыл көлдің бетін

Сұңқылдаған,

Аққулар қанатымен сабалайды.

Долданып,

Лайланып тасқын әні

Сай-сайды тастарымен бастырады.

Селкілдеп,

Желкілдеген қамыс құрақ.

Өкіріп,

Өзен басын тасқа ұрады.

4-оқушы:

Күннің де жүзі қызыл күндегіден,

Иттердің ұлуы көп үргенінен.

Қан шапшып,қауызынан райханның,

Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.

Жас бала дір-дір етіп мұны көріп,

Жіберді төгіп төгіп,мұңын өрік.

Қоштасу,

Жылау,

Тілеу,

Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

5-оқушы:

Найзағай жиі-жиі шақпақталып,

Майданға азаматтар жатты аттанып.

Ежелден біздің елдің рухы асқақ,

Сенімін қалды сонда сақтап халық.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».

Шығамыз

Соңғы күшпен,

Соңғы айбынмен.

Қорғаймыз байтақ елді,

Өйткені оны

Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Хор

1 жүргізуші:1941жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүргізуші: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамына шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан міңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал:

-Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан:

-Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал:

-Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасырасқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан:

-Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал:

-Капитан Момышұлы, сізге батальоныныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан:

-Құп болады жолдас генерал.

1-жүргізуші: Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

2-жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысып, кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Оқушы:

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар таптады.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия,Мәншүк,Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия»

І жүрг.: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 69 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

ІІ жүрг.: «Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес». Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,-деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған елдеріміз ешқашан естен шықпыйды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, оныі сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз.

(Бір минут үнсіздік)

І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға созылған қан төгіс аяқталды. 9мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала ікесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

ІІ жүрг.: Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне- 69жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, беібітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде - 69жыл.

69жыл- бейбіт көктем таң атқалы,

69жыл- шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек қрпақ олар жайлы айтады әнді.

69жыл- жауыздықтың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән

Қазақ биі

Шашу шашылды

І жүрг.:

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - қазақ елім.

ІІ жүрг.:

Желбіре, көгілідір Ту, көк аспанды,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбарың айтсын сөзді адасқанға.

Ән: «Қазақстаным»


© 2010-2022