Классный час «Тәуелсіз Қазақстан»

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»                               Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.              Тәрбие сағатының көрнекілігі:1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.            Тәрби...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

-Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 20 жыл!

Осыған орай «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.

Оқушы 1 :

Қазақстан республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Оқушы 2:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы 3:

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.

Халқымның мақтанышы - алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Оқушы 4:

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

Оқушы 5:

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

Оқушы 6:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімніңбар Президенті.

Оқушы 7:

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан - алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

Оқушы 8:

Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз,

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

Оқушы 9:

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Оқушы10 :

Отаным - Қазақстан туған жерім,

Мұнаймен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім

Оқушы 11:

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Оқушы 12:

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім

Самғап жүрсек бостандықта биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Оқушы 13:

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Оқушы14

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Мұғалім:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс - ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

Оқушы15:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

Оқушы16:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Мұғалім:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Оқушы17:

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып - ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

Оқушы18:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам

Мұғалім:

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

Оқушы18:

Енді бүгін өлген туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ Орданың төрінде

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым -

Мың қайталап айтам мұны.

Әнұран орындалады (хор)

Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Мақал-мәтелдер сайысы.

«Жалғастыр»

1. Еңбек түбі береке,

(Көптің түбі мереке)

2. Елінен безген - ер оңбас,

(Көлінен безген - қаз оңбас)

3. Ер бір рет өледі,

(Қорқақ мың рет өледі)

4. Сөз атасы - құлақ,

Жол атасы - тұяқ,

(Су атасы - бұлақ)

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

  • 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

  • 16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

  • 2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

  • 1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

  • 1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

  • 1992 ,1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

  • 1998 жылы ҚР астанасы Астана қаласы болып тағайындалды.

Оқушы

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Қорытынды:

Раушан:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

Мұғалім:

деп отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!


© 2010-2022