Елбасы жолдауы халықтың қолдауы

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ

Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Аудиториясы: 9 кл

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, аудиозапись, жалаушалар,кітап - журналдар т.б

Барысы:

(Жолдаудан үзінді тыңдалады)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім алушылар. Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Өз кезегінде бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау - мемлекеттің тағдыры.

2-жүргізуші: Осыған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Елбасының жалау еткен жолдауы» тақырыбында болып отыр. Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты - оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін биылғы 2014 жылы 17 қаңтардағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке айналды.

2-жүргізуші: 1998 ж 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы Астана қаласы болып аталды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. 1998 ж 10 шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Қазақстан Астанасының жаңарған келбеті қазір дүние жүзіне сәтті таныстырылды.

Әсем: 1991 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н. Ә.Назарбаев ҚР-ның Президенті болып сайланды. Әрине, ел басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес.

Демеу: Егер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері көп қырлы бейбітсүйгіш сыртқы саясаты тұрғысынан қарасақ ғасырлық аңсаған арманындай көгілдір түске бөленген көк байрағы халықаралық аренада желбірейді. Елбасының саясаты нәтижесінде ұлтаралық кикілжіңдер орнығуы мүмкін мекеннен сан ұлттың достығы жарасқан елге айналдық.

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын: Ұзақов Берікбол

1-жүргізуші: Елбасының халыққа алғашқы стратегиялық жолдауы қай жылы, қандай атпен жолданды?

Жауап: 1997ж қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді.

Ақнұр: «Отан» өлең оқу

Мақсат: Елбасы жолдауы - қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда Қазақстан нық қадаммен елеулі даму әлеуетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды. Жолдаудың әр бір сөйлемі бұқара халықтың қамы үшін жазылған мәселелер. Бұл - қазақстандық көшбасшылыққа қадам басу, бұл- жаңа кезең бастауы, бұл - жаңа жоспарлар.

1-жүргізуші:1997 жылдан 2013 жылға дейін Елбасы халыққа 18 жолдау жолдапты. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіре кеткеніміз жөн болар.

  1. 2008 ж - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».

  2. 2009 ж - «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».

  3. 2010 ж - «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

  4. 2011 ж - «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»

  5. 2012ж 14 желтоқсан - «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,

  6. 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»

2-жүргізуші:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деп аталады. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.

1 жүргізуші: Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

Ақмарал: «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы саналады. Елбасының Жолдауындағы

Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

  1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу ;

  2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру;

  3. Ғылыми қамтымды экономика құру;

  4. Инфрақұрылымдық үштаған - агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек;

  5. Шағын және орта бизнесті дамыту;

  6. Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау;

  7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

Бағылан: Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Аружан: Олар қазақ үшін қасиет саналған киелі жеті құндылықтар

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Жанат: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы - деді Елбасымыз

Әлішер: Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Қазақ биі «Тақия»

Таңшолпан : Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет ұрдық. Біз осылайша аз жылда алапаты артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Осының бәрі ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасының арқасында.

1-жүргізуші: Ашық тәрбие сағатын Елбасының Жолдаудағы жалынды сөзімен аяқтаймыз.

Хормен: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!


Қазақстан жолы - 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР - ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Ақтөбе қаласындағы №32 орта мектеп - гимназия мұғалімдері де тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда. 2013 - 2014 оқу жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді.

e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Тағы бір жайт - тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.
Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ гимназиясы қазақ тілін дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге зор міндеттер қойып отыр. Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.
Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы - балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы - ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық - зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.


Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

І. Ой қозғау.
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың?
- Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесің?

  • Тарихыңды білесің бе?

  • Біздің тұңғыш президентіміз кім?

  • 11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

ІІ. Мұғалім сөзі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» - деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу.

  • Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?

 Жақында шыққан жолдауы қалай аталады?

 Жолдаудағы негізгі идея не?

 «Мәңгілік ел» туралы не білдік?

 2015 жылы қандай мерейтойлар бар?

 Қазақтың қандай хандарын білесің?

 Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің керек?

ІV.Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ……»(жол)
2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан)
3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
4. Бес қарудың бірі. (Садақ)
5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин)

  1. Мемлекеттік рәміз? (ту)

V.Бекіту. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ассоциация құру.

Кемел келешек кілті - білімде

«Кемел келешек кілті - білімде" атты дарынды оқушыларды марапаттау кешінің әзірлемесі

І - жүргізуші:
Мектеп деген - киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай - талай азамат.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті - білімде»
атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші:
Школьный мир неповторим!
Детство, юность вместе с ним
Нас растят и жизни учат,
Открывают наши души
Милосердию, добру,
Дарят каждому звезду!
Уважаемые родители, учителя, учащиеся! Мы рады Вас приветствовать на празднике
посвященное чествованию одаренных учащихся школы.

І - жүргізуші:
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз мектебімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау үшін жиналып отырмыз.



«Бір халық - бір ел - бір тағдыр» тәрбие сағаты
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сынып: 7,8 сынып
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.ӘНазарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы:
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші:
І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!
Біздің «Бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
1. Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз. Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.
«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш», - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Осының барлығы егеменді еліміздің халыққа деген ыстық ықыласы мен көзқарасының арқасында.
2-жүргізуші
Қайран, қазақ елі. Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама.
1-жүргізуші:
5. Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың кең жаһан далада өмір сүрді, не жойылып кету қауіпі тұрған еді.

2-жүргізуші
Өткен ХV ғасырда Қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлкеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан-қаперсіз жатқан еліміздің Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалық жұртты қан жалатты.

1-жүргізуші:
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіттерді бермейміз деп қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырауынан, адамдардың ашаршылыққа душар болуына 950 млн қазақ. Яғни халқымыздың 19 пайызы апат болып, 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

2-жүргізуші
1923-1933 ж. Болған адам айтқысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, тағы да жалаңаштық, тағы да өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 518 мың.

1-жүргізуші:
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын-сүргінге ұшырап, елім деп жүріп - халық жауы атанды. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

2-жүргізуші
1941-1945 ж. Аралығында азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизммен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Бұл қасіретті соғыста құрбан болған 27 млн адамның 350 мыңнан астамы қазақтар еді.

1-жүргізуші:
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі - біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әртүрлі жазалар берілді.

2-жүргізуші
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені Желтоқсан оқиғасы көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.

1-жүргізуші:
Кең жазира құтты мекен - гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам - өзің, туған жер.
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан.

2-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз - егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті.

1-жүргізуші:
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл - барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл - біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

© 2010-2022