Тәуелсіздік бастауы – Ж Е Л Т О Қ С А Н

Мақсаты:Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Елін, Отанын сүюге тәрбиелеу  және сонымен қатар Егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне тағзым жасау. Көрнекілігі: Еліміздің  туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.   Кіріспе Тарихқа көз жүгіртсек қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нард...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы -

Ж Е Л Т О Қ С А Н










Сынып жетекшісі

Есенкулова Ж.Д.

Сыныбы: 9 «А»




Шамалған бекеті, 2014ж

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.

Елін, Отанын сүюге тәрбиелеу және сонымен қатар Егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне тағзым жасау.

Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.



  1. Кіріспе

Тарихқа көз жүгіртсек қазақ -нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық..

1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар!

Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты,бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпін ала келді.Ол - баршамыз бейбіт өмірде,еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі-16 желтоқсан-тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

1-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Оқушы

М. Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,

Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі - сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамырсыздың басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес -күрестердің ұлысы!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді .Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

2-жүргізуші: Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1-жүргізуші: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.1836-1838жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

2-жүргізуші:1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь»саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп,негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып,Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

1-жүргізуші:1986 жылдың желтоқсаны.

Атыраудан Алтайға,Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді.

2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды.Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.

Оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

1-жүргізуші:Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

Оқушы:

Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1мин. орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

1-жүргізуші: Би: «Қыздар биі»

2-жүргізуші:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев.

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі - бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы- байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт -Тәуелсіздік белгісі.Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

1-жүргізуші:Би: «Қаражорға»

Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.

Мұғалім: Міне егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп , небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген ПриздентімізН.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдлауы елдің тағамыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

1-жүргізуші:

Туған жерді сүю-парыз

Сүю үшін білу-парыз

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетіне тұру-парыз

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022