Қазақстан Республикасы. 4 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы. 4 сынып.

Рудный қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі

Ашық сабақ


Қазақстан Республикасы. 4 сынып.

Мұғалім: Успанова С.Т.

Рудный қаласы

2014жыл


Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» КММ

Мұғалім: Успанова С.Т.

Пән: қазақ тілі

Сынып: 4 «Б»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін толықтыра отырып, бір жүйеге келтіру, таным дүниесін кеңейту, лексикалық тақырыптарын жан-жақты жетілдіру.

2. Дамытушылық: тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын дамыту, өз пікірін айтуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелілік: Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу, өз еліне, жеріне деген отаншылдық сезімдерін ояту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: бағалау, сын тұрғысынан ойлау, ой қозғау, топпен жұмыс.

Бастапқы идеясы: Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру, пән аралық байланыстарды көрсету, өз білімдерін нығайту, топта жұмыс жасай алу, өз пікірлерін айта білуге үйрету.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, карточкалар, пламастерлер, суреттер, үйлестірмелі материалдар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі сабақта Қазақстан Республикасы тақырыбы бойынша білімдерімізді толықтырамыз. Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырайық.

Шаттық шеңбері.

Жақсы ойлау үшін басымызды сипаймыз, жақсы есту үшін құлағымызды сипаймыз, жақсы көру үшін көзімізді сипаймыз, жақсы баға алу үшін алақанымызды сипаймыз. Ал оқушылар, бүгін сіздерге сәттілік тілеймін!

Оқушыларды топқа бөлу. Мына кәмпиттерді таңдап аламыз.

Енді біз сіздермен мына кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлінеміз.

1-топ қызыл кәмпит таңдаған топқа Қазақстан деп ат қоямыз.Ақ кәмпит таңдаған топтың аты Астана.

(3минут )

Оқушылар енді әр топтан көшбасшы сайлаймыз. Топ басшысының алдында бағалау парағы бар. Әр топ мүшесін көшбасшы бағалайды.



Бағалау парағы.

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Мәтінмен жұмыс

Сұрақ-жауап

Бейне көрініс

Грамматикалық тапсырма

1.


2.


3.


4.


5.


Оқушылар мен сіздерді мына смайлик арқылы бағалаймын. Егер бұл ашуланып тұрған смайлик қай топқа түссе сол топтың бағасы төмендейді.

(1 минут )

Үй жұмысын сұрау кезеңі.

Сүт тағамдарын сұрау және дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталату.

(5минут)

Сөздікпен жұмыс.

Отан - Родина

Ту - Флаг

Елтаңба - Герб

Әнұран - Гимн

(2 минут)

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқы, айт.

Қазақстан

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласы. Астана - жас қала. Қазақстан - үлкен мемлекет. Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. Қазақстанда 14 облыс бар. Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті, дамыған ел.

(Мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар жарты дауыспен оқиды, тізбектеп оқиды, аударады.)

Дыбыстық талдау

Елтаңбасы, Әнұраны, көп ұлтты, егеменді, білімді, мәдениетті.

(13 минут)

Мәтін бойынша әр топ постер құрап, түсіндіреді.

(5минут)

Көшбасшылар тобын бағалайды.


2-тапсырма. Сұрақ-жауап.

Қазақстан Республикасының астанасы қандай?

Қазақстан Президенті кім?

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстанда неше облыс бар?

Сен қай облыста тұрасың?

Облыс орталығы қай қала?

Әр топ 3сұраққа жауап береді.

(3минут)

3-тапсырма. Интербелсенді тақтадан слайд, Қазақстан Республикасына қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар не білді, не көрді, оқушылар ойларын айтады.

(3 минут)

Сергіту сәті:

Түрлі түсті қағаздарды оқушыларға таратамыз, оқушылар қағазға жақсы тілектер жазып, парақты бүктеп басқа топтарға лақтырады. Қай қағаз кімге түссе сол оқушы оқиды. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.

(3минут)

Грамматикалық тапсырма.

4-тапсырма. Фонетикалық талдау.

Қала

Отан

( 3 минут )

Рефлекция.

5-тапсырма. Тренинг.

Оқушылар бүгінгі сабақ ұнадыма? Енді мына ағашқа қолдарыңдағы жапырақтарға сабақтың қалай өткенін, ұнаған, ұнамағанын жазып қыстыруларыңа болады.

(2 минут)

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма: «Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазу.

(2 минут)

Сау болыңдар!



Қазақстан Республикасы. 4 сынып.Қазақстан Республикасы. 4 сынып.Қазақстан Республикасы. 4 сынып.


Қазақстан Республикасы. 4 сынып.Қазақстан Республикасы. 4 сынып.




© 2010-2022