Іс-шара жоспары Шебер қолдар

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шебер қолдар» сайысы


Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Еңбекке баулу пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Түрі: сайыс, көрме

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, тақырып жазылған плакат, қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім, фломастерлер, маркерлер, шарлар.

Барысы:

-Салеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Біздің бүгінгі сайысымызға, көрмемізге қош келдіңіздер!

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салуға келіп отыр. Барлық сайыскерлерге сәттілік тілеймін.

Жарыстар өтсін алуан,

Сынасын күшін барлық жан.

Жүлдесін алып шаттасын,

Білімді, мықты әрбір жан.-деп, енді әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

І.Таныстыру

ІІ. Сұрақ-жауап

ІІІ. Құрастыру

ІҮ.Аппликация

Ү. Ойын

І.Таныстыру кезеңі:

«Бірлік» тобы: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін

«Достық» тобы: Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

ІІ кезең. Сұрақ-жауап:


  1. «Бірлік» тобына:

Қағазды қиюға арналған құрал?

Қызыл түске сары түсті араластырғанда шығатын түс

Табиғат бейнеленетін сурет?


  1. «Достық» тобына:

Жапсыру жұмыстарына арналған жабдық?

Сары түске жасыл түсті араластырғанда шығатын түс

Өлі денелерден құралған композиция?

ІІІ кезең. Құрастыру.

Берілген фигуралардан композиция құрастыру. Екі топқа да бірдей фигуралар үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш, текше сияқтылар үлестіріп беру. Соларды ақ бетке жапсыру арқылы композиция құрастыру.

Әр топ өзінің жұмысын ауызша әңгімелеп қорғауы тиіс. Көп элемент саны қолданылған және әдемі құрастырылған жұмысқа көп ұпай қойылады.

ІҮ кезең. «Аққала» аппликация жасау. Әр топқа ақ қағаз бен түрлі түсті қағаз, фломастерлер таратып беру. Соларды қолданып аққала құрастырғызу. Үздік жұмысқа жоғары ұпай.

Ү кезең: «Ғаламшар»

Әр топқа бір үрленген шар беріледі. Ол -ғаламшар. Сол ғаламшарға адамдарды салу керек. Кімнің ғаламшарында халқы көп болса, сол жеңеді. Әр ғаламшарды аты болу керек.

Сонымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз жеңімпаздарды жариялау үшін әділ-қазылар алқасына беріледі.

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді. -деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысушыларға үлкен рахмет. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.



© 2010-2022