Аналар - асыл жандар

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АНА АНА

Солғанша гүлім көзде тұнып

Ана деп ән салам

Жүрейін мейлі жүзге толып

Бөбекпін мен саған

Ана--ана--ана

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана ана

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Сол үшін ана есіміңмен

Ел ана деп адам

Тербеледі бесігіңмен

Жер ана деп адам

Ана--ана--ана

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана ана

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Қарызбын әжім, ақ шашыңа

Көзіңнің жасына

Өзіңсің бақыт бақшасы да

Өмірдің басы да

Ана--ана--ана

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана ана

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Ана мәңгі дос сен ғана

Ана деп ән салам

Анашым жан анам

Ана--ана--ана

Мәңгі дос сен ғана

Абзал ана ана

Көңілің кең дала

Дарасың сен маған

Данасың сен маған

Мақтанатын, мархабатым, махаббатым

Мархабатым, махаббатым



Анаға сәлем

Анаға сәлем
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
Қ-сы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың
Қ-сы:
Аялап алақан
Әлпештен өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Қ-сы:
Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Қ-сы:





Ару ғұмыр

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-деген - әдемі, әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім,
Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!

Жайқалады гүлзары көнілімнің,
Мен қазақтың қызымын, келінімін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кеудесе жан ашуын,
Күлкісі - күн, тәні - нұр, санасы - мұн, менмін.
Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым ғайып түнін,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.



КЕШІР АНА

Еркелеп өстік бала да болдық ,қуалап ойын далада қондық
Ананың сөзін құлаққа ілмей, кей-кезде көсем,дана да болдық.

Есейдік енді аптықты беріп
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп
Қуантсам деймін өзіңмен бірге
Ырысым менен бақытты бөліп.

Піспеген әлі шала шығармын, үйретті ме екен нағашыларым
Балалық та бар, қателік те бар ,кешіре көрші, анашым бәрін.

Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.

Тағдырым білем қояды сұрақ жаппасын қатты есігін бірақ,
Басымды иіп отырмын мұңды барлығы үшін кешірім сұрап.

Есейдік енді аптықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуантсам деймін өзіңмен бірге,
Ырысым менен бақытты бөліп.

© 2010-2022