«Әр жорықтың бастауы бар. .. »

üОқушылардың әскери тарих жөнінде білімдерін арттыру; üҰлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; üОтанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу; üОқушылардың есте сақтау, ауызекі сөйлеу, көркем-музыкалық қабілеттерін дамыту. Түрі: саяхат-сабақ Ойынның жүргізілу тәртібі: Ойын аялдамаларға саяхаттау түрінде өтеді. Әр аялдамада оқушылар ойынның тапсырмаларын орындайды. Жеңімпаздар әр аялдамада жинаған ұпай саны бойынша анықталады. Ойынды бағалау үшін әділқазы алқасы сайланады. Көрнекілігі: жол жүру парақтары, карта, суреттер, үлестірмелі қағаздар.  
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА

Тақырыбы: «Әр жорықтың бастауы бар...»

Мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылардың әскери тарих жөнінде білімдерін арттыру;

  • Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу;

  • Оқушылардың есте сақтау, ауызекі сөйлеу, көркем-музыкалық қабілеттерін дамыту.

Түрі: саяхат-сабақ

Ойынның жүргізілу тәртібі:

Ойын аялдамаларға саяхаттау түрінде өтеді. Әр аялдамада оқушылар ойынның тапсырмаларын орындайды. Жеңімпаздар әр аялдамада жинаған ұпай саны бойынша анықталады.

Ойынды бағалау үшін әділқазы алқасы сайланады.

Көрнекілігі: жол жүру парақтары, карта, суреттер, үлестірмелі қағаздар.

Шараның барысы

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме балалар! 9 мамыр күні еліміз Ұлы Жеңістің - 70 жылдығын атап өтпекші. Бұл Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Жеңіс күні адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды. Солардың қатарында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған аға-апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Олардың есімі еліміздің мәңгі есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

Сонымен бүгінгі «Әр жорықтың өз бастауы бар...» атты саяхат-сабағымызды осы ұлы күнге арнаймыз.

Аялдамаларда әртүрлі сынақтардан өтуге тура келеді, яғни ынта-жігерлеріңді , мергендіктеріңді, әскери өнер жайында қабілеттеріңді байқатасыңдар. Сынып оқушылары 2 топқа алдын-ала бөлінген болатын. Енді сол топтармен таныс болайық.

1-ші топ: «Ерлік»

2-ші топ: «Батыр»

Ал енді дайын болсаңыздар саяхатымызды бастайық. Бірінші аялдамамыз «Әскери құпия» деп аталады. Бұл турда әр топқа сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа - 2 ұпай, толақ емес жауапқа - 1 ұпай, ал жауаптарың дұрыс болмаса - 0 ұпай қойылады.

І. «Әскери құпия»

1. Фашистік Германияны жеңгенімізге неше жыл болды?

(70 жыл)

2. Әскери қару-жарақ сақтайтын жер. (қару қоймасы)

3. Әскердің жауға қарсы шапшаң басқыншылығы. (шабуыл)

4. Өткен соғысқа қатысқан тәжірибелі жауынгер (ардагер)

5. Кеңес Одағының батыры, ұшқыш капитан. Кезекті ұрыста оның ұшағының жанармай сақтайтын багі тесіліп, өртенеді. Бірақ ұшқыш ұшағынан парашютпен секірмей өртеніп жатқан ұшақты жау танкілеріне қарсы бағыттаған. Кейін бұл адамның ерлігін бірнеше батыр - ұшқыштар қайталаған. Ол кім? (Гастелло Николай Францевич)

6. Әскери қызметкерлерді тұтқынға алып ұстайтын жер (абақты)

7. Әскери қызметкерлерге дәрігерлік қызмет көрсету және оларды емдеуге арналған әскери-дәрігерлік мекеме (госпиталь)

8. Жарылғыш снаряд (граната)

9. Жауынгерлік әрекеттерді жүргізу үшін дұшпан аумағына түсірілетін әскер (десант)

10. Кеңестік атқыш қару конструкторы, Социалистік Еңбек Ері, жаңа үлгідегі автомат пен автоматты пулеметті жасап шығарған біздің жерлесіміз (Калашников Михаил Тимофеевич)

11. Әскери қатардағы ең жоғары атақ (маршал)

12. Зор еңбектің, оның ішінде әскери істе берілетін мемлекеттік награда.

13. Жаттағып ату үшін арналған зат (нысана)

14. Құпия шартты сөз немесе сөйлем, қарауыл қызметте өз адамын тану үшін қолданылады (пароль \ құпия сөз)

15. Жоғары қарай ауаға ұшатын, әскери мақсатта және айналаны жарықтандыруға қолданылатын зат (ракета)

16. Ауызша және жазбаша баяндама (рапорт)

17. Дұшпан туралы мәлімет жинақтап зерттеуші (барлаушы)

18. Салтанатты құттықтау. Қарумен немесе артериялық қарудан ату (салют)

19. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық азаматтарды ата.

20. Әскети мамандықты ата. (ұшқыш, дәрігер, танкшы, радист, барлаушы, жаяу әскер)

21. Кемі 3 әскери атақты ата (сержант, ефрейтор, лейтенант, генерал, адмирал)

22. Кемі 5 батыр қаланы ата (Брест, Ленинград, Мәскеу, Курск, Одесса, Керчь)

23. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418 күн, 3 жыл 10 ай 18 күн)

24. Қай қолбасшыға халық Маршал атағын берді? (Георгий Жуков)

25. Неміс әскерінің бірінші соққысын қабыл алған қамалды ата (Брест)

26. Фашистік неміс басқыншыларын талқандауда үлкен роль атқарған әйел есімімен байланыстырылған зымыран (Катюша)

ІІ. Келесі аялдама «Мерген» деп аталады

Бұл ойында сіздердің мергендіктеріңіз және

қырағылықтарыңыз анықталады.

ІІІ. Үшінші аялдама «Ерлік туралы нақыл сөздер».

Мұнда сіздердің тапқырлықтарыңыз анықталады. Берілген әріптерден құпия мәлімдемені немесе мақалды табуларың керек.

1. Ерлік білекте емес, жүректе.

Е.Л.К

БІ.Е.ТЕ

Е.ЕС

.ҮР.КТЕ

2. Нар тәуекел - ер ісі.

Н.Р

.ӘУ.К.Л

І.І

3. Батырға оқ дарымайды

Батылға жау жоламайды.

БА.Ы..А

ДАР.М.ЙД.

БА.ЫЛ.А

Ж.У

ЖОЛ.М.ЙДЫ

4. Ерді - намыс өлтіреді,

Қоянда қамыс өлтіреді.

Е.Д.

НА.ЫС

ӨЛ.І.ЕД.

ҚО.Н.Ы

Қ.М.С

ӨЛ.І.ЕД.

5. Айлалы батыр алдырмас.

А.ЛА.

Б.Т.Р

АЛ.Ы.МА.

6. Ер - елімен жақсы.

Е.І.Е.

Ж.Қ.Ы

ІҮ. Ал төртінші аялдама «Сергіту сәті» деп аталады.

Бұл аялдамада сіздер білетін әскери әндерді орындауларың керек.

«Батыр» тобы - «Журавли»

«Ерлік» тобы - «Три танкиста»

Ү. Қорытынды.

Сөз әділқазы алқасына беріледі. Марапаттау.

Мұғалім: Қаһарман халқымыз адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандақтарға төзіп, Жеңіс тұғырына шықты.Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмытылмайды, мәңгі есте сақталады!

1

© 2010-2022