Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушыларға Ұлы отан соғысындағы жауынгерлердің ерен  ерліктерін паш  ету , сонымен қатар, соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан ардагерлеріміздің жеңіске деген құштарлығын сипаттай отырып, ақын жазушылардың олар туралы жазған өлеңдерімен таныстыру, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін  жас ұрпаққа үлгі ете отырып, оларды патриоттыққа,  отансүйгіштікке және ұлтж... Жүргізуші: Ия, осыдан 70 жыл бұрын Ұлы Отан Соғысы осылай басталған еді. Биыл Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланып жатыр. Бүгінгі бейбіт күн оңайлықпен келмеді.  Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда  Ұлы Жеңіспен аяқталды.  Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін ж... Жүргізуші: Ұлы Отан Соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. 1 оқушы: Сонау жылы Жер көкті, Соғыс бұлты торлаған. Сонда Мәншүк апамыз, Жаудан елді қорғаған Қош айтып, оқу - ойынға, Әжесін тастап қария. Қол бұлғап туған ауылға, Майданға кетті Әлия. Соғыс жалмап аға, іні, бауырды, Зар жылатты, тыныш жатқан ауылды. Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда, Көрген жоқпыз сол қырғын дауылды. 2 оқушы: Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы, Бірақ біздер өздер... III.  Презентация. Жүргізуші: Осындай майдангерлердің бірі Какимов Жантолы атамыз еді.Тәрбие сағатымызға осы атамыздың ұрпағы Какимова Балғаным Жантолықызын шақырған болатынбыз. Қош келдіңіз! Сізге сөз кезегін береміз! А).Ұлы Отан соғысының ардагері Какимов Жантолының өмірбаянымен таныстыру В). Ардагер ұрпағы Б.Ж. Какимовамен сұхбат. Сұрақтар: 1.Әкеңізбен болған қызықты оқиға айтып берсеңіз? 2.Әкеңіз қандай жақсы қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады деп ойлайсыз? 3.Сіздің әкеңіз Ұлы Отан соғыс... Жүргізуші: Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. 1-оқушы:          «Мен соғысқа бармадым» Мен соғысқа бармадым, мен соғысты көрмедім, Бірақ көрдім солдаттың үйіне кеп өлгенін. Құмарлана құша алмай сағынышын жеңгемнің, Құшағының үйге кеп өз көзіммен көргенмін. Мен соғысқа бармадым, мен соғыста болмадым, Жүрді бірақ майданда мен жіберген қолғабым. Көрдік бірақ құрбы қыз толмай жатып солғанын, Жібітк... VI. Қорытынды. Жүргізуші:  Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанда ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін ардагерлерімізге рахмет айтқымыз келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға тиіспіз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл бізд... Жүргізуші:  Ұмыт болып, ұмыт қалған жоқ ешкім,                       Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,                       Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін                       Ардагерлер – естелігі соғыстың.   Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген Оқ даусы мәңгілік жойылсын Бомбаның орнын тегістеген Күректер музейге койылсын  Қ-сы Кел достарым Ән бастайық Көтеріп жаңғыртып Даласын дана Баласын ана Жоқтамасын мәңгілік Көктесін жас ағаш одан әрі Өткен к... Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, көңіл қойып тыңдағандарыңызға, рахмет! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!  
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатыЖеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

© 2010-2022