Сынып сағаты мың бір мақал жүз бір жұмбақ

Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу. Құрметті  оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Мақсаты: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.

1 тур. 1 - айналым.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
2 - айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт - төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала - арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)

2 - тур. 1 - айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір - біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір огқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

2 - айналым
Екі адам бір - біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса - қолыңды тый,
Ішің ауырса - ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата - анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса - хан жетім.
Хан ақылсыз болса - халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім.
Суы жоқ - құдық жетім,
Ұлы жоқ - әке жетім.
Қызы жетесіз болса - ана жетім,
Досы жоқ - жігіт жетім,
Шәкіртсіз - ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.



© 2010-2022