Конспект классного часа Адамның жанын жылытар мейірім - отбасында

Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімінде оқушылар кәмпит түсін таңдау төрт топқа бөлініп, "Бумба - юмба" тайпасы сергіту сәтінен кейін, оқушылар флипчартпен жұмыстанды. Әрбір топтан төрт көшбасшы шығып, жұмыстарын қорғады. Топтар өзара бірін - бірі қолпаштау арқылы бағалады. Және гүл кестелеріне үйлерінде қалай еркелететін жазды. Сабақ соңында "Жақсы тілек, менен" рефлексия парағын толтырды. Әр оқушы көбелекке сабақтың ұнағанын не ұнамағанын жазып, тақтадағы гүлге қондырды. Рефлексия парақтарынан ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8а

Уақыты: 25.04.14ж Сынып жетекшісі: Утегенова Айнур Туреахметқызы

Сабақтың тақырыбы:

«Адамның жанын жылытар мейірім - отбасында»

Мақсаты:

Оқушыларға «Отбасы» құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы қарызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі.

  • Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді , ой түйіндейді.

  • Өзін және сыныптарын бағалайды.

Түйінді түсінік:

Отбасы, адамзат, қоғам.

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, таныстырылым, флипчарт, смайликтер, гүлдің және көбелектің суреттері, стикерлер, рефлексия парағы.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер:

«Ана жүрегі» видеоклип әсерін жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үзіліс кезінде оқушыларды тәттілердің түстері арқылы 4 топқа бөлу. Сыныпқа қызыл, жасыл, сары, көк түсті тәттілер алып келемін.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын

барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Жаттығу:«Бумба -Юмба» тайпасы

Мақсаты: топ арасында амандасып, жағымды көңіл -күй сыйлау

Нұсқау: барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалыппыз. Бұл жердің салты біздің салтымыздан өзгеше. Осы тайпаның салты бойынша амандасайық.

1 /қолымды бір шапалақтағанда/ - маңдай түйістіреміз

2 /шапалақтағанда/ - құлақ

3 /шапалақтағанда/ - шынтақ

4 /шапалақтағанда/ - арқа

5 /шапалақтағанда / - тізе

Оқушылар тәттілердің түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді.




Тұсаукесер

Тыныштық сәті: «Гүлдің оянуы»

Көзімізді жүмып, терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер! Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз жап - жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі - түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүл ортасыңдағы дөңгелек бұл сізсіз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі. Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды. Ал енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

«Еркелету» жылулық гүлі. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін гүл келтелеріне жазып, тақтаға жапсыру). Жанұяда қандай жылы сөздер жиі естисіз?

Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.





- ойланады;

- естеріне түсіреді

-мысалдар келтіреді

Әрбір топтан 1 оқушы шығып, топтағы еркелету гүлін қорғайды.

Негізгі бөлім

«Ана жүрегі» атты видеоклип қосылады. Әсерін сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді. 4 топқа 4 сұрақ.

Отбасы татулығы

(Аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін растығын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы-ақ па?

  • Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Әр топ «бақыт отбасы» постер жасайды. Ал, енді балалар осы тақырыпты ашу үшін қазір әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.

Әрбір топтан шыққан 4 көшбасшыны күнделіктеріне смайликтер жабыстыру арқылы бағалаймын.

Оқушылар сұраққа өз пікірлерін білдіреді. Сөзталас орын алуы да мүмкін. «Дұрыс емес» деген жауап болмайды, әр оқушының жауабы дәлелді болса, қабылданады.





Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысы, таймкипер сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 4 көшбасшыны қошеметтеу арқылы бағалайды.

Қорытынды

«Жақсы тілек - менен» әр адам көбелекке тілек жазып, тақтадағы гүлге қондырады.

Оқушылар көбелекке ата - аналарына тілектері немесе шығарған өлеңдерімен, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.



© 2010-2022