Тәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізі

Мұғалім сөзі. Табиғат-тәрбие көзі. Судың сылдырын, таудың асқақтығын, құстың  шуылын естіп, көріп өспеген адам, әдемілікті түсіне алмас еді, ой-өрісі тар, қиял -сезімі қанатсыз болар еді.  Бүгінде көптеген себептермен табиғи сұлулық жойылып бара жатыр. Экономикамыз бен индустриямызды өркендетеміз деп жүріп, адамдардың ойланбай жасаған іс-әрекетінің себебінен табиғатқа қастандық жасадық.  Бұл мемлекетіміз үшін үлкен проблема болып отыр. Халқымыздың  бүгіні мен ертеңіне қауіп төніп тұр. 
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cынып сағаты. 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат-тіршілік негізі

Сабақтың мақсаты: табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру,

оқушылардың экология туралы білімін тереңдету;

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды экология туралы өзінше ой

түюге баулу.

Тәрбиелік мақсаты: туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті

қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, табиғат,

экология туралы слайд.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой қозғау.

Сабақтың түрі: түсініктерін тереңдету, іскерлік дағдыны жетілдіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, биология

Күтілетін нәтиже: экологиялық проблемалардың туындауына тікелей

адамдардың қатысы барын түсінеді, табиғатқа қатысты

жат әрекеттен бойын аулақ салады.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

І. Қызығушылықты ояту.

Мен оның күнін сүйем , түнін сүйем.

Орман, дала ,тау, тасын , гүлін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

М.Мақатаев

  • Балалар, өлеңнің не туралы екенін байқадыңдар?

- Отан…

- Өлеңдегі күн, түн, орман, тау, тас, гүл ұғымдарын бір сөзбен қалай

атауға болады?

- Табиғат.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: " Табиғат-тіршілік негізі "деп аталады.

-Ал осы табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

(Топпен жұмыс) Әр оқушы өз дәптерлеріне жазады. Топтан бір оқушы оқиды.

Тәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізіТәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізі(Слайд-1)

Табиғат

Тәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізіТәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізі

Тәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізіТәрбие сағаты Табиғат - тіршілік негізі

ІІ. Мағынаны тану.

Табиғат адам үшін жаралыпты

Бар қызық табиғаттан таралыпты,-деп ақындарымыз жырлаған.

-Иә , балалар, табиғат-күллі тіршілік атаулының қоныс-мекені, үйі.

Табиғат -асыраушымыз, қамқоршымыз. Ата-бабаларымыз сондықтан да "Жер -қазына, су-алтын, мал-байлық" деп тегін айтпаған.

(Слайд-2 ) - Қандай табиғатты көріп тұрсыңдар?

- Таза, әдемі табиғат .

- Ластанған табиғат.

Мұғалім сөзі. Табиғат-тәрбие көзі. Судың сылдырын, таудың асқақтығын, құстың шуылын естіп, көріп өспеген адам, әдемілікті түсіне алмас еді, ой-өрісі тар, қиял -сезімі қанатсыз болар еді. Бүгінде көптеген себептермен табиғи сұлулық жойылып бара жатыр. Экономикамыз бен индустриямызды өркендетеміз деп жүріп, адамдардың ойланбай жасаған іс-әрекетінің себебінен табиғатқа қастандық жасадық. Бұл мемлекетіміз үшін үлкен проблема болып отыр. Халқымыздың бүгіні мен ертеңіне қауіп төніп тұр.

"Үш бөлімді күнделік" (әр топ өздері орындайды)

Проблема қандай?

Критерий . Әсері не?

Туындайтын сұрақ

Не істеу керек?

Ағаштар азайды, су ластанды,т.б.

Ауа таза емес, денсаулық бұзылады. т.б.

- Апаттарды болдырмау үшін , табиғатты сақтап қалу үшін

мемлекетіміз қандай шаралар істеп жатыр?

(Оқушылар топпен жұмыстанады , өз ойларын айтады)

(Слайд-4 )

- 5 маусым- Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні.

- "Жасыл ел" бағдарламасы

- 1889жылы "Невада-Семей"қозғалысы ұйымдастырылды.

О. Сүлейменов

- 1991 жылы сынақ полигоны жабылды.

- Табиғат байлықтарын қорғап қалу үшін қорықтар ашылды.

- 1978 жылы "Қызыл кітап" басылып шығарылды.

- Жыл сайын елімізде сенбіліктер өтеді.т.б.

ІІІ. Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс (деңгейлік тапсырма)

І топ

Адам- табиғатсыз өмір сүре ала ма?..

ІІ топ

Ал табиғатта барлығы бір-бірімен тығыз байланыста ма?..

ІІІ топ

Табиғат мәңгілік пе?..

- Жоқ...

- Күнделікті оқып отырған кітабымыз, киген киіміміз, ішер асымыз, тыныс алар ауамыз- бәрі табиғат сыйы.

- Табиғатта барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болады - Су болмаса, көк өспейді. Көк жоқ жерде таза ауа да болмайды.

-Жоқ.

- Табиғат та адам секілді, туады, өседі, өледі , жоғалады, таусылады. -Оны сақтауымыз керек.

*1.«Табиғат- өз үйім» 2.мақал-мәтел, 3 . " Туған өлкем.

шағын шығарма, өлең тыйым сөз неткен көркем!"

жазу сурет салу

(оқушыларды тыңдау) . . .

* «Мен табиғат үшін, қоршаған орта үшін не істер едім? Егер…»

1.Табиғатты қорғау 2. Эколог болсам... 3.Суретші, ақын болсам...

министрі болсам...

Қорытынды: (ауызша)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «2030-дың Қазақстаны суы мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті елге айналады» деген болатын. Осы мақсатқа жету үшін әр қазақ өз үлесін қосу керек. Ал сендер қандай үлес қоса аласыңдар? -

Табиғат -біздің алтын бесігіміз, асыраушы анамыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, қоршаған ортаны солай сүйе білейік. Ал біздің үлесіміз -мектебіміз бен ауылымызды таза ұстау, суымызды ластамау...

Ендеше, балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік?

Барлығы: -Таза болса Табиғат,

Аман болар адамзат!

Камкиева Айгүл Қабылқайырқызы

Круглоозерный ОЖББМ


© 2010-2022