Доссыз өмір - тұзсыз ас

І. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Доссыз өмір – тұзсыз ас» (сайыс)ІІ. Мақсаты: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғымыз емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ой...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І. Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Доссыз өмір - тұзсыз ас» (сайыс)

ІІ. Мақсаты:

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғымыз емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекіліктер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журнал үзінділері.

ІІІ. Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. «Доссыз өмір - тұзсыз ас»

  1. «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз? »

Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме

Достық - адамдардың бірін-бірі жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсағыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық - адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Ф.Франклин

айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі - достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Дос қандай болу керек?

Доссыз өмір - тұзсыз ас

ІҮ. «Бақытты сәт» ойыны.

«Жарысты жалғастыр»: мақал-мәтелден тек бір-екі сөз ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

  1. «Кемшіліксіз ..................... адам ...................»

  2. «Дұшпан ...................., дос .....................»

  3. «Жаңылмайтын .........................., ........... тұяқ .........»

  4. «....................... жақсы, .............. көнесі ..............»

  5. «................ ақшаң ............., .............. досың ..............»

  6. «Досы ...........................,

....................... көппен ...................»

  1. «Досы ..............., өзі де .....................»

  2. «................. басқа .............................

..................... аяққа ..........................»

Жауаптары:

  1. Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады.

  2. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

  3. Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.

  4. Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы.

  5. Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын.

  6. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Досы жақсының өзі де жақсы.

  2. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Ү. «Жалғасын тап» ойыны.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1-ші топ дос туралы әннің бір шумағын айтады (әнсіз), екінші топ жалғастырады.

ҮІ. Сынып өміріндегі түрлі сәттерді талдау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Нені білдім? Нені игердім?



© 2010-2022