Баяндама Ақпараттық технологияны қолдану

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Баяндаманың тақырыбы:

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілі мен

әдебиетін оқытудағы тұрақты мотивацияларды қалыптастыру.









Қазіргі заманда қоғамның барлық салалары ақпараттандырулыда.Ал білімнің ақпараттаандырлуы -білім ордаларында компьютер орнату және оларды Интернетке қосу ғана емес, бұл болашақта ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүретін және жұмыс жасайтын оқушылардың білім алуының мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формаларын өзгертетін ұзақ та күрделі үрдіс.

Білім ордаларында оқу-тәрбие үрдісін басқару мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету - үлкен жұмыс. Мұндай жағдайда мынандай мүмкіндітер туады.

1.Мәлімет алмасу үшін тиімді кеіңстік қалыптасады.

2.Мекеме және оқу-тәрбие жұмысының барысы туралы оқу үрдісіне қатысушылардың бәріне-оқушыларға, ата-аналарға, психологтерге,әлеуметтік және медициналық қызметкерлерге , оқу орны басшыларына. Қажетті ақпаратты керек уақытында , қажет көлемінде алуға болады.

3.Экономикалық тиімді.

4.Қағаздық нұсқаумен жұмысты тоқтатады.

5.Аттестациялық қорытынды бағаны, есепті автоматты түрде компьютер өзі шығарады, ал бұл оқушының білім алудағы жауапкершілігін арттырады.

6.Бұл мәліметтер қорына бөтен адам ене алмайды, өйткені , ол парольмен сақталады, сондықтан тек шектеулі адамдар ғана онымен жұмыс істей алады.

Л.Луцевич « оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратты өңдеудің, тасымалдаудың, таратудың машиналық технологиясы, информатиканың есептеу және бағдарламалық орталары» деген анықтама берген.

Студенттердің оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды атауға болады

-дербес компьютерлер

-Интернет

-Интерактивтік тақта

-Электрондық тақталар

-Мультимедиялық сабақтар

-Бағдарлама-әдістемелік кешендер

-Оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер,

Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану-оқу үрдісін белсендіраге,оқытуды жекешелендіруге,оқушының өзін-өзі бақылауға мүмкіндік тұғызады. Сонымен қатар, бұл кезде оқытудың мынандай психологиясының аспектісінің маңызы зор екендігін қажет-

-студенттер бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді,

-компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі ме,н ықыласын көтереді.

Ақпараттық оқыту технологиясы мынандай төрт мақсатты көздейді

-білім деңгейін тексеру бағытында қолдану

-оқытушылық мақсатта пайдалану

-компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану

-электрондық оқулықтар, интернетті пайдалану.

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану оқушының оқу материалдарының мазмұн мағынасын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, оқу үрдісіндегі есептеуіш техника құралдарының рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқушылар мен еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды дамуын, адамды толық мәнді өмірге даярлауды ақпараттық қоғамның қажеттіліктерінің негізгі шарттары ретінде жан-жақты және осыған байланысты қажетті материалдық-техникалық базаны дамытуды, педагогикалық еңбектің жаңа мәдениетінің қалыптасуын, озық ғылыми-әдістемелік қызметтерді құруды талап етеді.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау кекрек және ол студентің іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Осы айтылғандарды жасайтын болсақ, оқытушы қолына оқытудың жаңа қуатты құрылымын беріп қана қоймай, білімнің тереңіне бойлай аламыз әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береміз. Бұл оқу пәнін оқытудың әдістемесіне де әсер етпей қоймайды. Ең бастысы, ақпараттық технологияларды жаратылыстану және математика пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі де дамыта түсуіміз керек-ақ.

Компьютерлік

Білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары - ақпаратты студентке компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.

Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.

Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім санасына енуі педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертугі мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:

-«тереңдетілген» технология ретінде «компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

-негізгі технология ретінде (белгелі бір бөлімді оқытқанда қолданатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану);

-монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді;

-ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;

-«ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын жайындау;

-берілетін оқу мактериалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;

-зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.

Қонцептуалды ұстанымдар төмендегідей:

-оқыту - бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

-компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;

-оқытудың диалог түрінде болуы;

-басқарылуы: мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

-оқушы мен компьютердің өзара байланысы бар\лық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.

-Жеке және топпен жұмыстарын үйлесуі;

-Студенттің компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуаның демеу.

Компьютер оқу материалан беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканыңы барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кеө келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрселіп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсыарманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыналады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Студенттер белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы - барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсенділік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш-жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі, біреулерінежаңа материал түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгін таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлға тәселдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модулдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен эұмыс істеу әрбір оқушының өзқ мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.

Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

-кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

-жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

-гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындаула мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

-электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосыша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

-электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;

-белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

«Бәрі өтеді, бәрі өзгереді». Қоғам, оның бағалықтары өзгереді, адам мен оның қажеттіліктері, сондай-ақ адамға деген талаптар да өзгереді. Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де қазіргі қоғам мүшесі үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Ендеше қазіргі кезде үлкен ақпарат ағынын басқаруда мәліметтер қорын құрудың маңызы зор.







© 2010-2022