Интеллектуалдық ойын: Жүзден жүйрік

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

/1-4кл интеллектуалдық ойын/
Ойынның мақсаты: Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, сұрақтар жинағы, тренинг
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, дүниетану, математика т.т

Әділқазы алқасы:

Қарап тұрмай, бәйгемізге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкіртке

Бәйге, бәйге, бәйге туын беріңіз!

Өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Құрметті, көрермендер бастауыш буын оқушылары арасында ұйымдастырылғалы отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

Өз-өзіңмен балашым,

Жаның тапсын жарасым,

Теңдесі жоқ ешкімге,

Бұл өмірде дарасың.

Желден жүйрік көңіл күй,

Есті сөзді ойға түй.

Жылуына бөлеген,

Жаным, жарық күнді сүй.

Тарихты біл, тілді сүй,

Төрт түлігің төлді сүй,

Орманды сүй, белді сүй,

Айдын шалқар көлді сүй.

Халықты сүй, елді сүй,

Ел басқарған ерді сүй.

Қасиетті мекенің-

Туып өскен жерді сүй...

-Бүгін, біз ойында үш топқа бөлінеміз. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек.

1 кезең: «Таныстыру»
2 кезең: «Білгенге - маржан»
3 кезең: «Тіл өнері»
4 кезең: «Кім жылдам?»
5 кезең: «Ақиқат алаңы"
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына-

Бас иіп топ алдына шығатын,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын - дегендей сайысымыздың бірінші «Таныстыру»
кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.

І кезең: «Таныстыру»

Тобымыз: «Тұлпар»
Ұранымыз: Оқу-білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

/Аманжол, Дильназ, Назия, Нұрсұлтан, Анюта/

Тобымыз: «Сұңқар»

Ұранымыз: Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

/Ұлжан, Даниэль,Нұржан,Темірлан, Жеңісгүл/

ІІ кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап беру.
«Тұлпар» тобына

1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/
2. Тірі табиғатқа нелер жатады? / адам, жануар, құстар, өсімдіктер/
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер /
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Ә.Назарбаев/

5.Қазақ алфавиті қанша әріптен тұрады? /42/

6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
7. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? /домбыра, шертер, қобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз/
8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/
9. Қазақтың ұлы ақыны кім? /Абай Құнанбаев/
10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/

«Сұңқар» тобына

1. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың сынын, сапасын білдіреді/
2. Жыл мезгілдерін ата? /жаз, қыс, көктем, қыс/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/
4. Абайдың әжесінің есімі кім? /Зере/
5. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? /12/
6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/
7. Қазақтың ұлттық тойларын ата? /шілдехана, бесіктой, тұсау кесер, ашамайға отырғызу, сүндет той,тілашар, мүшел той 13 жас, үйлену тойы/
8. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? /Р. Қошқарбаев/
9. «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы /Б.Соқпақпаев/
10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
2 кезең: «Тіл өнері»
Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Тұлпар» тобына
Еңбектің наны тәтті,... /жалқаудың жаны тәтті/
Жақсы сөз... /жарым ырыс/
Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала - сорлы бала./
Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
«Сұңқар» тобына
Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
Бірлік болмай.../тірлік болмас./
Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/

3 кезең: «Кім жылдам?»
Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілде жауап беру.
«Тұлпар» тобына
1. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор - мел/

2. Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі - еж/
3. Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ - қашады. /Жел - ветер/

4.Ашылып жабылады
Әр үйден табылады /есік - дверь/
«Сұңқар» тобына
1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам - ручка/
2. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау - звонок/
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз - лук/
4. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап - книга/
4 кезең: «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.
10 10 10
20 20 20
30 30 30
40 40 40
1 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Атақты үш биді ата? /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/
2. Ұзындық өлшеуіштерін ата / мм. см. дм. м. км./
3. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? / хабарлы, лепті, сұраулы/
4. ҚР Рәміздерінің авторларын ата?
/ Әнұран - авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.

Ту - авторы: Ниязбек Шәкен Оңласынұлы
Елтаңба - авторы: Мәлібекұлы Жандарбек, Шот - Аман Уалихан/

2 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? /қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы/
2. Қазақтың тұңғыш суретшісін ата? /Әбілхан Қастеев/
3.Әлемдегі ең кіші құсты ата? /Колибри/

4. ҚР Ұлттық валютасы /теңгесі/қай жылы айналымға енді? /12 қараша, 1993 ж/

3 - ші қатардағы ұяшықтар
1. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? /Ұзындығымен биіктігінің көбейтіндісі/
2. Республикамыздағы көмірлі қаланы ата? /Қарағанды/
3. Қазақстанның 7 кереметін ата? / /
4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/

Қорытынды:
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан түсіндік ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.


© 2010-2022