Классный час на тему Мен мүшел жастамын

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кештің тақырыбы:Мен мүшел жастамын

Кештің мақсаты:оқушылардың алғашқы мүшел жасын мектеп көлемінде мерекелеу,

Кештің көрнекілігі :интертақта,шармен безендірілген 13-мүшел жас және нақыл сөздер Кештің жүрісі:

Жүргізуші-1.Айдын:

Армысыздар тойға келген қонақтар

Ойнап күліп , шат көңілді мол ақтар!

Жүргізуші-2.Жазира:

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Ізгілікпен биіктерге жол бастар!

Айдын: Қазақ халқы көне дәуірдегі жыл санау дәстүрінде адамның әрбір 12 жыл толып 13 жылға аяқ басқан жасын мүшел деген. Оқушының алғашқы мүшелі мектеп табалдырығында өтеді.Олай болса, «Мен мүшел жастамын» атты кешімізге хош келдіңіздер!

Жазира:Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ

Айдын: «13-те отауға ие» деген қазақ

Балиғатқа бас болған балдырған шақ.

Жазира:Олай болса, бүгінгі мүшел жас иелерін қошеметпен ортамызға шақырайық.

Айдын: Қыста туып, қыста бастау алғандар

Қардай суық ,қыстай қатты болмаңдар, деп қыс мезгілінде дүниеге келген ұландарымызды ортаға шақырайық.

Жазира: Көктемде туып, көкте өскен

Жүректерінде нұр көктем

Өшірмей мәңгі сақтаңдар

Кездерінде мынау ер жеткен

Шуаққа шомып жандарын

Ақ жауындайын селдеткен, деп көктем мезгілінде дүниеге келген өрендерімізді ортаға шақырайық.

Айдын: Жазда тусаң жаның сенің жайдарлы

Бұзылмаған ақ ниеттің қаймағы

Жаз күніндей ұзақ болар ғұмырың

Асыл сезім асыр салып бойдағы

Келешегім сенсің деген ел үшін

Есер болмай есті болсаң болғаны , деп жайдары жаздың мүшел иелерін ортаға шақырайық.

Жазира: Сарғайып сағыныштар тұнған шақта

Жапырақтар сарғайған күзгі бақта

Шыр етіп дүниеге сендер келдің

Күз береке тасыған мол бір уақта

Ағыл тегіл жүретін мінездерің

Түсіреді есіңе ырысты күз кездерін , деп берекелі күз айында тіршілік табалдырығын аттаған өрендерді шақырайық.

Айдын:Тілектер жалғасады бүгін анық

Жүреміз әрбір сөзін ұғып алып

Ұстаздарым ақтарсын ақ тілегін

Тойымыздың төріне шығып алып-, дей келе сөз кезегін мектеп директоры Бибігүл Лесбайқызына беріледі.

Альдинаның орындауында ән

Жазира:Көктем келді жасыл желек жамылып

Ару қыздай бар асылын тағынып

Табиғаттаттың ерекше бір мезгілі

Қалыппыз-ау барлығымыз сағынып

Көктемдегі өрендеріміздің өнерін тамашалайық

Кинодан үзінді «Тақиялы періште»

Айдын:Жадырап келді жай лы , жайнаған жаз

Еңбекпен өмір қызып , қайнаған жаз,- деп жайдарлы жазда дүниеге өрендеріміздің өнерін тамашалайық.

Би«Попурри» Айдын: Өнерсіздік бас айып,

Ән мен күйге басайық

Арасында тағы бір

Нысанада ойнайық ,- дей келе күз айының өрендерінің өнерін тамашалайық.

Жазира: Егемен елдің төсінде

Шуағын шашсын арай күн

Мәнерлеп өлең арнарсың

Қызыға жұрттар қарайтын

Айдын, Абылай, Абылай, Берікбол «композиция»

Айдын: Ұстаз ана ақыл -білім панасы

Ұстаз ана болашақтың анасы

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде

Әр шәкірттің оянады санасы

Сөз кезегін алғашқы ұстаздарға береміз : Дәмеш апай, Бақтыгүл апай, Ұлмекен апайларды ортаға шақырамыз.

«Адай қыз» биімен Жазира, Альдина , Гүлжайнаны ортаға шақырамыз.

Жазира: Дәм жазса талай тойға кез боламыз,

Күн сайын өркендейміз,өзгереміз .

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Алдымызда отырған сөз береміз.

Ортаға әжелерімізді және кенже ұлдардың анасы Рахат апай,Қарлыға апай, қос ұлдың анасы Сәлима апайларды ортаға шақырайық.

Пародия «Кеш you» тобы

Айдын: Күй нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа жамиғат,ал енді

Биге кезек берейік

7»б» сыныбының бишілер тобын ортаға шақырамыз.

Жазира: Көңіл толы нұр ағыс

Менде шаттық жайдамын

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын мейрамың,- дей келе мүшел жас иелерінің сән үлгілерімен ортаға шақырайық

Айдын: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толсын,

Қане ,достар,күлкімен орта толсын!

КВН

Ата-аналармен 1. «Менің елім» сайысы (ата-аналармен)

«Әріп таңдау» ойыны( мектебіміздегі ұстаз аналарымызды қатыстырамыз)

Айдын :Шоқтығын кештің көтерді

Өнерлі өрен бүгінгі

Мүшелден мүшел ауысып,

Тойлай бер туған күніңді

Жазира: Сөз кезегін сынып жетекшілеріміз Мағила , Ақсән апайларымызға береміз

Кешімізді «Он үште ұлансың» әнімен қорытындылаймыз

© 2010-2022