Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау (сынып сағаты)

Жанбибі: Армысыздар,құрметті қонақтар, бізді 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы,киелі қара шаңырақ атанған мектеп ұжымы,аяулы ата-аналар,жаңа өмірге қадам басушы «ХХІХ жас түлектер» және осыдан 10,20 жыл бұрынғы мектеп қабырғасынан ұшқан түлектер! Бүгінгі "Құлақтан «үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатына қош келдіңіздер! Хадиша: Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз.Бұл күн біздер үшін қимастық пен алаңдаушылық қатар тұрған ерекше сәт.Кеше ғана тұлымдары ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанбибі: Армысыздар,құрметті қонақтар, бізді 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы,киелі қара шаңырақ атанған мектеп ұжымы,аяулы ата-аналар,жаңа өмірге қадам басушы «ХХІХ жас түлектер» және осыдан 10,20 жыл бұрынғы мектеп қабырғасынан ұшқан түлектер! Бүгінгі "Құлақтан «үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатына қош келдіңіздер!

Хадиша: Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз.Бұл күн біздер үшін қимастық пен алаңдаушылық қатар тұрған ерекше сәт.Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған кішкене балапандар едік.Енді, міне 11 жылды артқа тастап, 11 жыл бойы білімін бізден аямаған алтын ұя мектебімізбен,аяулы ұстаздарымызбен қош айтысқалы тұрмыз.

Жанбибі:Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.

Хадиша: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар,Ұстаздарым қымбатты!

Жанбибі: Армысың сен,алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән: «Мектебім» орындайтын Алданова Жанбибі

Сымбат:Мектеп- сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп- сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп-сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

Үміт:Мектеп,мектеп-менің жарқын көңілім,
Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім.
Мектеп,мектеп-әнім болып төгілдің,
Мектеп,мектеп-анам боп та көріндің.

Раушан: Мектеп деген-білім кені,жер кені,
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.


Хор: Мектебім

Светлана: Тәуелсіз ел-Қазақстан арайлы,
Бүгін саған әлем түгел қарайды.
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның,
Бейбітшілік таңы әркез арайлы.

Толғанай: Туған жердің жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті,кемелді,
Жайна,мәңгі-Қазақстан,Гүлстан!

Хадиша:Олай болса,мерейі үстем Қазқстанымызға шашу ретінде «Жаса мәңгі Қазақстан!» әнін Сейсенғали Айсараның орындауында қабыл алыңыздар.

Жанбибі: Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салып,мал бағып,терін төккен шаруа да,көкті шарлаған ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім үйреніп,тәлім алған.Ұлағатты ұстаздар!Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Гүлзауза:Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі-сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар.

Нұржамал:Туған анаң болмаса,ойнамас ең,күлмес ең,
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,
Мәні менен мағынасын білмес ең.

Ақбөбек: Ұстаз ана-болашақтың анасы,
Ұстаз ана-ақыл-білім данасы.
Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.

Хор: Ұстазым

Ұлжан: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын,шалдықпайтын тәйірі.

Айсара:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қуғандар.

Әйгерім: Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген-анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Жазира:Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Камшат: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой,ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Би: «Әнші құс» Орындайтын Қостұрғанова Светлана

Раушан:Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген-ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иерлік мәгілік!

Ақбөбек: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық бар,
Жүрегімде маздаған жылылық бар.

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым,

Ұстаздағы сан сырды ұғынып қал.

Сымбат:Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған,

Құдіретіңе бас имей қалған ба адам?

Мінезіңе байсалды ғашық болып,

Менде өзіңдей болуды армандағам.

Хадиша:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Жанбибі:Ана десем сезім білер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ән: «Анашым» әні орындайтын Айтыманова Гүлзауза

Хадиша: Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп,таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! Біз бүгінгі күні осыдан 6 жыл бұрын өзімізбен тай құлындай тебісіп бірге ойнаған сыныптасымыз Бесікбаева Жұлдызайды еске алмай кете алмаймыз.Көзі тірі болғанда сыныптастарының ортасында,ата-анасының көз қуанышына айналып,алтын ұя мектебімен қоштасып,соңғы қоңырау үнін бізбен бірге естір еді.Біз бүгін Жұлдызайды қайғыра да сағынып еске аламыз.

Жанбибі:Қымбатты сыныптастарым! Бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан, «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те,қайда болсақ та,қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғырта жүрейік.Өйткені,туған жеріміз ортақ,тіліміз,дініміз ортақ,оқыған мектебіміз,ұстаздарымыз ортақ,заманымыз,қоғамымыз ортақ,ең бастысы алтын шаңырақты,күміс уықты,киелі керегелі еліміз,арман-тілегіміз ортақ.Сондықтан қадірлі достар,Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын,қара тауымыз бүгілмесін,аққан дариямыз сарқылмасын,Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер,сыныптас достар біздің бойтұмарымыз болып,алдағы ҰБТ-ден жоғары балл алып ұстаздарымыздың мақтанышы болуға жазсын!

Ән: «Бала махаббат» Орындайтындар Сейсенғали Айсара мен Алданова Жанбибі

Хадиша:Қымбатты 1-сынып оқушылары! Біз сіздерді жаңа өмірге қадам басуларыңмен құттықтап,алдағы қадамдарыңызға ақ жол тілей отырып,келесі сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Жанбибі:Білім-ол үлкен қазына ,үлкен сарай,сол сарайды кілтімен ашып,оның әрбір қырын,оның әрбір бұрышын аралап ізденіп шығу керек.10-сынып оқушылары,қабыл алыңыздар... Біз сіздерге білімнің алтын кілтін ұсынамыз.

Раушан:Білімнің мына өмірде жеңгені көп,

Білім қалар халқымның сенгені көп.

Білім кілтін сендерге тапсырамыз,

Қабыл ал,ақ ниетпен бергені деп.

Жанбибі:Ақыл құйған санама,

Жеткізер ол данаға.

Білім берген біздерге,

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»

Хадиша:Шәкірттерін баптаған,

Ұстазыма мақтанам.

Тәрбие берген біздерге,

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»

Жанбибі:Ұлы жолға аттанғалы тұрмыз біз,

Ұстазымыз батаңызды беріңіз.

Үміт артса,әлпештеген еліміз,

Борышымыз ақталды деп сеніңіз!

Хадиша:Келесі сөз кезегін алғаш қолымызға қалам ұстатып,әріптерді үйреткен алғашқы ұстазымыз Диханова Райхан апай мен анамыздай әлпештеп,білім мен тәрбиені қатар берген,ыстығымызға төзіп,суығымызға тоңған,қателігімізді кешірген ардақты ұстазымыз Жарылғасова Шолпан апайға береміз.

Жанбибі: Міне, осы соңғы сағаттар,соңғы секундтар:Алдымыздағы үлкен мақсат: Ұлттық біріңғай тестіні ойдағыдай тапсырып өзіміз ойлағандай жоғарғы оқу орнына түсу.

Хадиша: Осындай үлкен жауапкершілік алдында тұрғанда егеменді еліміздің туын тік ұстап,еліне адал қызмет көрсететін жас жеткіншектерді тәрбиелеп жатқан мектебіміздің ұстаздар қауымына және осы сәттерде әрқашанда қасымызда қолдап,қорғап жүрген ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз.

Жанбибі:Қош бол,Мектеп! Қош бол,аяулы ұстаздар! Қош ХХІХ түлек! Сәт сапар!

Хадиша: Осымен 11-сыныптың «Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау!» атты мектеппен қоштасу салтанатын аяқтаймыз.

Хор: Сыңғырла,соңғы қоңырау



Құланды орта мектебі мемлекеттік мекемесі
















Құлақтан үнің кетпестей,

сыңғырла, соңғы қоңырау






















2013/2014 оқу жылы

© 2010-2022