Тәрбие сағаты. Әдеттен дертке дейін

Ішімдікке салынудың алдын алу, жасөспірімдердің кез келген спирттік ішімдікке, мастық пен маскүнемдікке деген қарсы пікірін қалыптастыру адамгершілік тәрбиеге жатады. Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруі үшін не істеу керек?  Тәжірибе дәлелдегендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке қарсы жүргізілетін үгіт-насихат, алдын алу шаралары анда-санда емес, мақсат көздей отырып, жүйелі жүргізілген жағдайда ғана өз нәтижесін ( жағымды нәтижесін) береді. Бұл жұмысты жоспарла...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: "Әдеттен дертке дейін".

Мақсаты: Адам ағзасына кері әсер ететін

алкогольге қарсы көзқарасын, қарым-

қатынасын қалыптастыру.

Типі: Лекция.

Сабақтың барысы.

Жаттығу:

"Допты бер" -таныстыру. Ата-аналардың барлығын ортақ іске жұмылдыру мақсатында, олар допты біріне бірі беріп отырып, есімдерін атайды.

Ой шабуылы:

"Алкоголь дегеніміз-....." деген сөйлемді жалғастырыңыз. Әр адам қысқаша жауап береді. Жауаптар талқыланбай жазылады.

Педагогтың сөзі.

Ішімдікке салынудың алдын алу, жасөспірімдердің кез келген спирттік ішімдікке, мастық пен маскүнемдікке деген қарсы пікірін қалыптастыру адамгершілік тәрбиеге жатады. Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруі үшін не істеу керек? Тәжірибе дәлелдегендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке қарсы жүргізілетін үгіт-насихат, алдын алу шаралары анда-санда емес, мақсат көздей отырып, жүйелі жүргізілген жағдайда ғана өз нәтижесін ( жағымды нәтижесін) береді. Бұл жұмысты жоспарлаған кезде балалардың психологиялық , жас ерекшеліктерін ескеу керек. Жұмыстың ең алдымен ата-аналар арасында үгіт жүргізуден бастаған абзал.

Алкогольді қолданудың, оған салынудың алғы шарты

Әлеуметтік факторлар: микросфера (қоршаған орта), дәстүрлер, нақ осы әлеуметтік ортаның (қоғамның) спирттік ішімдіктерге деген көзқарасы, спирттік ішімдіктерді пайдалану әдеті, бос уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау, жастарға берілетін мектеп және отбасы тәрбиесінің өз деңгейінде болмауы.

Психологиялық факторлар: өзін өзі тым жоғары бағалайтын адамның тұлғалық кемшіліктерінің болуы, ашуланшақ,, бейәлеуметтік адамдар, өмірінде кездесетін проблемаларды және т.б. шеше алмайтын адамдар. Оның негізінде спирттік ішімдіктердің өтімді астары жатыр. Спиртті ішімдіктердің көп салалы психотропты әсері оның мөлшеріне байланысты. Мәселен, эйфория жағдайында болатындай, көтермелеп ынталандыратындай, серпілдетін , депрессиядан шығатындай, өзін күшті, батыр сезіну үшін деген сияқты алуан түрлі мөлшерде пайдаланудың өзі оны әмбебап "есірткіге" айналдырады.

Биологиялық факторлар : зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты. Ішімдікке салыну, маскүнем болу- сыйлық емес, дерт.

Алкаголь - созылмалы аурулардың асқынуына алып келетін қауіпті фактор ретінде.

Потологиясы:

Жүрек - тамыр аурулары, артериялы гипертензия, ми инсульті, мезгілсіз өлім, вегетативті - тамыр дистониясы.

Онкологиялық аурулар: бауыр, тамақ, ауыз қуысы, көмекей өңеш, асқазан, ішек, емшек (көкірек безі) рагы (қатерлі ісік). Орталық және шеткі

жүйке жүйесінің ауруы: ішімдік салдарынан болған ақыл-парасатының кемдігі, психиканың бұзылуы, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бейәлеуметтік мінез- құлық көрсету, әтектік (импотенция) және т.б.

Сүйек жүйесінің органикалық өзгеріске ұшырауы-остепороз

Мезгілсіз өлімнің себептері: өлтіру, өзіне өзі қол жұмсау, жарақат алу мен улану,өртке шалдығу.

Ауытқулар(кемістіктер): балалар мен жасөспірімдердің ішкі дене мүшелерінің ауруы, кемістік, жарымжандық, денесі мен ақыл-есінің кем дамуы.

Спирттік ішімдіктердің салдарынан мас болу деңгейі.

Жеңіл деңгей- көңіл көтеріледі,эйфория, бәрі жақсы,бәрі тамаша,өз- өзіңе деген сенім күшейеді, қан қысымы көтеріліп, дененің шырығуы басылады, қимыл- қозғалысының тербеліп, сөздерді айғайлап, анық айта алмау, үстірт ойлау.

Орташа деңгей- психомоторлық ширақтық айқын көрініс табады, мүмкіндіктерінің төмендеуінің салдарынан эйфория ашу- ызаға, агрессияға айнала бастайды, қажеттілігі көтеріліп, жыныстық шыдамсыздық артады.

Ауыр деңгей- спорозды-коматозды жағдайы, рефлекторлы әрекетінің қажуы өрби түседі. Бұлшық етттері әлсіреп, жүрек қағысы бәсеңдеп, қан қысымы күрт төмендейді, тынысы тарылып, сөйлесуге шамасы да болмайды .

Клиникасы:

  • бет қызарып,ісініп кетеді;

  • қызара бөрткен безеу;

  • көздің қан тамырлары сарғайып кеткен;

  • ауыздан жағымсыз иіс немесе жалбыздың иісі шығады


© 2010-2022