ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ.



Қостанай педагогикалық колледжі

Нурумова Г.Ж.

Боханова А.Б


Кез-келген мамандықтағы шеберлікке жылдар өте келе қол жеткізіледі. Бұл тұрғыда мұғалім мамандығы да ескеріледі. Педагог-шебердің ең басты ерекшелігі-еңбектің,кәсіптегі өмірдің,педагог қызметінің маңыздылығын терең түсінуде жатыр.

Бұл тұрғыда кез-келген мұғалім үшін педагогикалық өзін-өзі дамытуға деген қабілет маңызды болып табылады.

Философиялық энциклопедиялық сөздікте қабілеттілік түсінігіне келесідей анықтама беріледі: қабілеттілік - белгілі бір қызмет саласын табысты іске асырудың субъективті шарттары болып табылатын тұлғаның индивидуалды ерекшеліктері. Қабілет индивид бойындағы білім, дағды, іскелікпен өлшенбейді. Олар, ең алдымен, белгілі қызмет түрінің тәсілдерін меңгеру сапалылығымен және шапшаңдығымен анықталады және ішкі психикалық реттеуіш болып табылады.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, дамыған педагогикалық қабілетті келесілер құрайды: ұстаздыққа деген қызығушылық, педагогикалық қабілеттілік, балаларға деген сүйіспеншілік және мейірімділік, ұстаздық парыз және жауапкершілік, жанкештілік.

Үлкен заманауи энциклопедияда тұлғаның өзін-өзі дамыту түсінігі - бұл адамның түрлі мақсатты қызметі барысында қызмет қабілеті мен өзге де жеке қасиеттерінің толығу үрдісі.

Бұған қоса, өзін-өзі дамыту деп адамның өзін-өзі өзгерту, танылу, рухани қажеттіліктерін, шығармашылығын, толықтай жеке потенциалын толықтыру барысындағы жеке белсенділігі түсіндіріледі. Канттың көзқарасы бойынша, өзін-өзі дамыту - бұл «жеке күш-қуатынан кеңес алу».

Кәсіби өзін-өзі дамыту деп педагогикалық қызметте кәсіби маңызды жеке қасиеттер мен қабілеттердің, кәсіби білім мен іскерліктің өсімі, қалыптасуы, интеграциясы және іске асырылуын, адамның өз ішкі дүниесін белсенді түрде сапалы өзгертуін айтады.

Ұстаздың өз-өзін кәсіби дамытудың кезеңдерін бөлуде көптеген көзқарастар бар. Негізінде үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең жеке кәсіби мәселелерді қарастырумен сипатталады. Өзі туралы профессионал ретінде көзқарас қалыптасады,маман ретінде өзін-өзі тану қажеттілігі туындайды.Екінші кезең мұғалімнің өзіні кәсіби қызметіне деген назарымен сипатталады. Үшінші кезең шығармашылық қажеттіліктің өсуімен сипатталады. Өзі және педагогикалық қызмет туралы көзқарас жалпылауды және талдауды қажет етеді, мұғалімнің зерттеушілік қызметін ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Аталған этаптардың қайсысында мұғалімге ғылыми-әдістемелік көмек, өзін-өзі дамытуда қолдау қажет? Сөзсіз, әдістемелік қызмет барлық педагогтерге педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда көмек беруге және қолдау көрсетуге міндетті, алайда жас мұғалімдерге қатысты бұдан да нақтырақ әрекет ету керек.

Елбасы жолдауында заманауи білім беру жүйесінің приоритетті бағыттарының бірі болып педагогтің профессионалды компетенттілігі және білім беру сапасын жоғарылату міндеті табылады. Мамандарды дайындау сапасы, олардың білімі мен тәжірибесі, сөзсіз, педагогтердің прфессионалдығына байланысты. Орта арнайы білім беру мекемелеріндегі прфессионалды шеберлік тиімді әдістемелік көмекке тәуелді.

Педагогикалық сөздікте «Әдістемелік жұмыс» терминіне «мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және олардың әдістемелік біліктіліктілігін көтеру» деген анықтама беріледі. Жоспарлы әдістемелік жұмыс мұғалімдердің профессионалды шеберлігінің жүйелі өсіміне септігін тигізеді.

Қостанай педагогикалық колледжінде ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі келесідей өзара байланысты элементтерді кіріктіреді:

- әдістемелік кеңестер өткізу;

- ғылыми-әдістемелік форумдарға қатысу (конференциялар, педагогикалық оқулар, семинарлар, конкурстар);

- ғылыми-әдістемелі журналдарда жариялану;

- әдістемелік құрал және ұсыныс жасау, жариялау және лицензиялау;

- студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасау;

- колледж мұғалімдерінің квалификациясын көтеру бойынша курстар;

- әріптестердің педагогикалық тәжірибесімен танысу;

- студенттердің педагогикалық тәжірибесіне жетекшілік ету;

- педагогикалық шеберлік конкурстарын өткізу;

- ұстаздарды аттестациялау, педагогикалық шеберлікті көтеру;

- «Жас педагог мектебі» сабақтары;

- психологиялық семинар-тренингтер;

- халықаралық серіктестік.

Аталған жүйеде жас мұғалімдермен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді, себебі профессионалды қызметінің басында жас маман бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келеді. Сабақ уақытын дәл есептемеу, сабақты жүргізу тәртібін құрастыра алмау, материалды түсіндіру кезінде, сабақты талдау барысында, әріптестермен тілдесу кезінде қиындыққа тап болу - бұл жас мұғалім өз қызметін бастаған кезде бетпе-бет келетін қиындықтырдың бір шеті ғана.

Олар үшін біздің колледжде үнемі «Жас педагог мектебі» қызмет етеді. «Жас педагогтермен» жұмыс жасау жүйесі келесідей құжаттармен рәсімделеді: жас педагогтер мектебі туралы Ереже және жұмыс жоспары. Жұмыс мақсаты: өзін-өзі дамытуға, педагогикалық қызметке қажет тәжірибе жинақтауға, бейімделуге және жас педагогтердің ұжымға сінісіп кетуіне жағдай жасау.

Оқу жылы бойы, жоспарға сәйкес, сабақтар жүргізіледі. Сабақтарда Қазақстан Республикасында білім берудің нормативті-құқықтық құжаттары, колледждің ішкі орналастыру құжаттары, оқу-тәрбиелік процестің ерекшеліктері, оқу-әдістемелік кешенді жасап шығару, сабақты талдау, білім берудің заманауи технологиялары, ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері, авторлық бағдарламаларды жасау және қорғау, өзін-өзі дамыту жоспары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қарастырылады.

Колледж мәселелері шеңберінде өзін-өзі дамыту жоспарында педагог өзінің әдістемелік тақырыбын және педагогикалқ қызмет міндеттерін анықтайды. Жоспар келесідей бағыттардан тұрады: ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық жұмыс. Өзін-өзі дамыту жоспарын іске асыруда жас мамандарға колледж әкімшілігі, жетекшілер, бірінші және жоғары біліктілік дәрежесі бар ұстаздар, колледжің психологиялық қызметі тиімді және жан-жақты көмек көрсетеді. Өз жетекшілерінің басшылығымен жас педагогтер оқу-әдістемелік кешендер жасайды, ашық сабақтар даярлайды, педагогикалық оқуларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысу үшін тезистер жазады, ғылыми-әдістемелік журналдар беттеріне өз еңбектерін жариялайды, жобалар жасайды, өз жетістіктерінің нәтижелерін көрсете отыра, конкурстарға қатысады.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың басты формалары жас педагогтің профессионалды компетенттілігін, интеллектуалды мәдениеті мен өзін-өзі дамыту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Әдістемелік көмек көрсетудің маңызды формаларының бірі болып ашық сабақтар және мастер-класс есептеледі. Оларды өткізу барысында тәжірибелі ұстаз өз алдына жас мұғалімдерге ұстаздық шеберлікті меңгеруге әдістемелік көмек көрсету міндетін қояды. Мұндай тәжірибе алмасу, серіктестік жас педагогтер бойында жағымды мотивацияның, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктің қалыптасуына септігін тигізеді.

Біздің пікірімізше, жас педагогтің профессионалды қалыптасуы мен оның жеке қасиеттерінің дамуында Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Б.Утетлеуов, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Көбеев, В.Е.Шалабаев сынды әйгілі педагогтердің гуманизм идеялары маңызды рөл атқарады. Олардың бай педагогикалық тәжірибесі ұстаздарға өзін-өзі дамытуына, яғни өзін, өз мүмкіндіктерін тануға, өз әрекеттерін сараптауға, сабырлыққа және мейірімділікке баулуға әсер етеді. Олардың ұстаздық қызметінің негізін мектепке, балаларға деген сүйіспеншілік құрайды. Сөзсіз, өткен уақыт тәжірибесімен таныса отыра, жас педагогтер өзінің заманауи тәжірибесін қалыптастырады.

Бүгінде жас мұғалімнің өзін-өзі дамытуының маңызды критериі болып келесілер табылады: білім беру, талдау, өзге ұстаздармен тәжірибе алмасу технологиялары мен әдістерін меңгеру, оны шығармашылық өңдеп, өз жұмысында қолдана білу, педагогикалық үдерісті бақылап, зерттеу, ғылыми педагогикалық әдебиетпен жұмыс жасау. Бұл үшін колледжде он жылдан артық ғылыми-зерттеу лабороториясы жұмыс істеп келеді, мұнда жас педагогтер өз зерттеулеін одан әрі шындайды.

Колледжде жыл сайын мұғалімдердің профессионалды өсім мониторингі жасалады. Ұстаздардың өсуінің даму динамикасы мониторингтік қызмет мүшелері арқылы бақыланып және сарапталып отырады. Оқу жылының аяғында ұстаздар кеңесінде қорытынды жасалады. Ұстаздар кеңесі бекіткен ережеге сәйкес жинақталған рейтингтік ұпайлар бойынша ұстаздардың болашақ өсіміне ынталандыру жасайтын, алға қойылған мақсатқа, яғни білім беру үдерісінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін басқармашылық шешімдер қабылданады.


Әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауы

Философиялық энциклопедиялық сөздік. М., 1989 ж.

Үлкен заманауи сөздік Минск, 2005 ж

Қазақстанның педагогикалық ойларының антологиясы. Құрастырған:Қ.Жарықбаев,С.Қ.Қалиев Алматы, 1995 ж.

Резюме

Статья посвящена роли методической службы в саморазвитии личности молодого педагога. Раскрывается понятие и сущность развитых способностей к педагогическому саморазвитию. Рассматриваются подходы к классификации стадий профессионального саморазвития учителя и система работы методической службы в Костанайском педагогическом колледже.

4

© 2010-2022