Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу - ақ! тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу.

Мақсаты: оқушылардың адам құқығы оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту: әрбір адам өз құқығы біліп, өзгенің құқығы бұзбауға үйрету: баланың бойында еліне. Халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Конституция және Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы заңдар бүктемелері, Абай, үш кемеңгер, рәміздер бүктемесі, заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, баптар жазылған парақшалар.

  1. Азамат жолы - ар жолы.

  2. Бес түрлі қылмыс жасаған адам қанша садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды.

  3. біреудің нәрсесін ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі.

  4. Тәрбиелі - тәртіптің құлы

Тәртіпті - елдің құлы

  1. Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.

  2. Заң адамды бағындырады.

Барысы.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар , қонақтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттің сенімді қорғаны, бірлік және келісімкепілі бейбіт болашағы - Конституция күнімен құтықтаймын!

Достық - біздің негізгі игілігіміз. Адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығы Конституцияда мемлекетіміздің болашағына деген сенімін нығайтатын ең бағалы қазынасы ретінде жарқын көрінісін тапты. Әлеуметтік, эканомикалық, қоғамдық - саяси, мәдени - рухани дамуы және гүлденуі оған дәлел.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына орасан зор үлесі қосқан және Қазақстанның мемлекетілігін құрудың басында тұрған біздің бірінші Президентіміз - Ұлт Көштің осы күнгі қазақстан Мемлекеттілігінің тарихындағы рөлі маңызды екендігін атап өту қажет.

Конституцияға қатаң еру - бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Біздін міндетіміз - оған құттап қарау өз елімізді, тарихымызды, жетістіктерімізді құрметтегендей оны да құрметтеу.

Заң - дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Ата - Заңымыз - еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция - бұл ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу,құрметтеу - біздің парызымыз » деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзықшылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін, еліміздің Ата - Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оныАта Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астан - кестеңі шығып, былық - шылық, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді.. Сан иындаған ж жылдар бұрын адамзар пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «адам не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.

Б.з.д. Рим құқғы ІХ - VІІ ғасырда.

Б.з.д. V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде.

Шығыс ханы «Ұлы жасысы», Қасым ханның «Қасақ жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы билер жиналысындаұлы Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізу, бейбітшілік, тыныштықты сақтайтын нормаларжиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға, әдет - ғұрпының сақталуына, қалыптасуына зор үлес қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, балалар, адамның шыр етіп дерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жыды 10- желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей деклорациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары Деклорациясы», міне осы деклорациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20- қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» заң қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвеция дегеніміз - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9- тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көді біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.

Халқым күткен Елбасының Жолдауын

Елбасымыз күткен Елдің қолдауын.

Бізге керек түсіністік, парасат -

Бәрі осы бүгін айтар толғауым.

Елбасының ойлайтыны - ел қамы,

Зиялы елді тебіренту толғамы

Қазақ дегенелге керек әрдайым

Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны.

Перзентімен тербелісте жер бесік,

Бұл заманда күрес керек бел шешіп.

Елбасының Жолдауында жыл сайын

Бір жаңалық көтерді еңсесін

Тәуелсіздік сақтау үшін не керек,

Ана тілін ақтау үшін не керек,

Туған елі қалай, қайтіп ел болар,

Туған жері қалай, қайтып көгерег?!

Бар қасиет, барлық шындық бар мұнда,

Сайын дала, асқар тауым, шалғын да,

Бәрін айтып тебіренеді Елбасы,

Тура айтып Туған Елі алдында!

Жалғыз Отан! Қазақ деген жұрт барда,

Жүрегімен ұғынатын ұлт барда.

Жаны ауырып, ақтарлып жүрекпен

Ел алдында шындық өзі шықты алға!

Қазақ едік түскен сансыз азапқа

Еңсердік те жеттік бүгін ғажапқа.

Есігінен сығылатпас Еуропа

Төрін өзі сыйлайды Қазаққа!

Өз қолында Елдің Ел боп орнауы,

Өз қолында тілдің тіл болып толғауы.

Халқымызды ойға салар тағы да

Елдің қамы - Елбасының Жолдауы!...

Тыйылғанда дағдарыс та, дауыл да,

Жылағандай қаһарлы қыс, қарың да.

Елбасының елге арнаған Жолдауы

Әр жүрекке үміт отын жағуда

Алда асатын асу қандай, шың қандай

Жалғасатын жарқын, жаңа күн қандай.

Елбасының елге арнаған Жолдауы

Жанымызға нұр құйғандай.

Жаңа кезең, жаңа онжылдықбасында,

Бізге өсу, даму жолын ашуда.

Елбасының елге арнаған Жолдауы -

Сара бағыт сан жылдарға, ғасырға.

Тауларымның аласартпай биігін,

Көлдерімнің бұзбай мөлдір тұнығын,

Елбасының елге арнаған Жолдауы

Асқақтатты Тәуелсіздік Тұғырын

Тербелдірмей теңізімнің тереңін

Теңселдірмей әр бұта, тал терегін,

Елбасының елге арнаған жолдауы

Көкке биік көтерді ел мерейін.

Жанымыздан ашылғандай тың тыныс,

Жата алмайсын жайбарақат, бір тыныш

Елбасының елге арнаған Жолдауы

Бойға сенім, қуат пен күш. Құлшыныс.

Бұл Жолдау басқалардан бөлек екен,

Ел үшін ескергені ерек екен.

Халықтып қамын ойлап

Көмек берер,

Азамат қай кезде де керек екен.

БұлЖолдау жалпақелді демегендей,

Өзгеге үлгі болар демегендей

Үстіне ауыр жүкті тиеп алып,

Тайпалаған беті қайтпас кемелердей.

Болса да жарыпөтіп толқын қандай,

Кездескен кемістікті толтырғандай

Оны да ескереді, қош көреді

Келтіріп ретіне олқың қандай?!

Қолдаған ардақ тұтып аталарды,

Қолдаған болашағым - Аналарды.

Тек қана қолдап қоймай қамқорлыққа

Елбасы алып отыр балаларды.

Жолдаудың осы жолғы жөні бөлек

Қолдайтын ел - жұртымды сенім керек

Бастайтын биіктерге туған елді

Дананың дара салған жолы керек.

Беріспей дауылға да, жауынға да,

Көркейді күннен күнге ауыл, дала

Тартамыз дос көңілімен, туыстықпен

Баласын барлық ұлттың бауырға да.

Бұл Жолдау бастап бізді биіктерге

Ұнап тұр ұлағаты сүйікті елге

Халықтың ақыл, білі, парасаты

Тұрғандай тыныштық боп ұйып төрде.

Бұл Жолдау оқығанда жанға жақын,

Қаққандай қия - шыңға ән қанатын

Астана - ертегідей алып қала

Елімнің ерлігіне таңданатын.

«Нұр Отан» ел - жұртыма бағыт берер,

Бұл Жолдау оқығанда шабыт берер

Он жылдық жоспарыма - іске сәттік

Дүние Қазақ елін танып көрер?

Елбасы атын бүгін әлем білген,

Таппадым өр Тұлғаны теңер кіммен?

Қуанып елімен бірге,

Шын жүректен

Жолдадым ойларымды өлең - жырмен?

Сәулесі түскен есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есінде.

Астанам, саған табынам,

Аңсаймын, сағынамын.

Таңдарын қандай жарқын,

Жандарын қандай алтын

Бақытқа бастаған Астанам.

Биікте болсынбайрағың,

Мақтаным, айбарым.

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнағын.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.

Тудым өстім Отан үшін,

Отан үшін - қуат күшім,

Жыр жазамын бір тынбастан.

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның -

Мақтанышым Астанам.

Қарыштап алға басқадам.

Отанымның жүрегі,

Елорда - менің Астанам.

Ән хормен: «Қазақстан».

Астанам - бағы биік асқармысың,

Астанам - мәңгі жарық аспанымсың

Астанам - пейш қала, ел арманы.

Астанам -қайда жүрсем мақтанышым.

Астанам шапағаттың шуағындай,

Астанам махаббаттың тұрғандай.

Астанам - періштелер мекенісің,

Астанам Қазақстан тұмарындай.

Астана қаласы,

Астана - Бәйтерек,

Астанаға қайтар өрлеп,

Қияға самғағандай.

Қанатын кең сермеп,

Қаланы ән тербеп

Әлемді шарлағандай.

Астана қаласы,

Аспан жер арасы,

Жұлдызбен жалғанғандай

Сарыарқа даласы.

Есілдің жағасы,

Көрген жан таңғалғандай.

Ақ сәуле нұр болып тарайды,

Күндіздей жарық айнала

Жымиып көктен қарайды,

Аспанда жүрген ай ғана

Астана сазды үнімен

Сызылтып әңге салады.

Кірпігін ілмей түнімен

Ақ таңды қарсы алады.

Астана - арман қала

Шалқыған асқақ дала

Тұрады ол жап - жас болып

Мен өскен нұрлы қала

Жайнаған Астана,

Самал желдей жас қала

Жарқырай бер мәңгі, Астана

Күлімдеген жас қала.

Астана

Сарыарқаның төсінде,

Төне түсіп Есілге,

Бой көтеріп Астана

Ілесті өмір көшіне...

Туып тыңнан текті жол,

Сағат сайын өсті ол

Әлемді жалт қаратып,

Шуақ нұрын төкті мол...

Ел тілегі бұрынғы

Астана болып тірілді.

Көне Отырар, Сауранның

Көзіндей ол бүгін

Тасқа қашап текті өлең

Арпаласқан өртпенен

Күлтегіннің -

Астана

Ақ арманыькөксеген.

Еркін елдің - қызыры

Қызығы да:

Қыз, ұлы!

Гүл жайнаған Астана -

Тәуелсіздік тұғыры!

Тұғырлы ел ғұмырлы!

Ойын: Әріптер сөйлейді.

Қортындылау;


© 2010-2022