Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)

Сабақтың мақсаты:    білімділік – оқушылардың сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік алуы; дамытушылық - сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратып,олардың ерекшеліктерін меңгеру, іс-тәжірибеде қолдана білу, талдау машықтарын қалыптастыру, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; тәрбиелік – берілген мысалдар арқылы оқушыларға сөз қадірін білуге, тіліміздің байлығын орынды пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау Сабақтың көрнекіліг...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)Құралай Шалғымбаева,

М. Горький атындағы

орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы, Үржар ауылы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

( 8-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік алуы; дамытушылық - сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратып,олардың ерекшеліктерін меңгеру, іс-тәжірибеде қолдана білу, талдау машықтарын қалыптастыру, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; тәрбиелік - берілген мысалдар арқылы оқушыларға сөз қадірін білуге, тіліміздің байлығын орынды пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, маркер, түсті қағаздар, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

1) Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру: Сабақ басталмас бұрын оқушылардың бір-біріне тілек айтуы. Мұғалімнің оқушыларға тілегін білдіруі. Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға ашқызу.

2) Қызығушылықты ояту:

  • Оқушыларды тақырыпқа байланысты түрлі түсті қағаздар арқылы төрт шағын топқа бөлу ( 1-топ: «Бастауыш пен баяндауыш», 2-топ: «Толықтауыш», 3-топ: «Анықтауыш», 4-топ: «Пысықтауыш») Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру. Топ басшылары өзінің тобындағы оқушылардың алған бағаларын бағалау парағына жазып отырады.

3) Мағынаны тану:

а) «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісін қолдана отырып, жаңа тақырыпты топтаса отырып меңгеру. Тақырыпқа байланысты әр топтың ментальды карта жасап, қорғауы. 1-топ: бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштар; 2-топ: бірыңғай толықтауыштар; 3-топ: бірыңғай анықтауыштар; 4- топ: бірыңғай пысықтауыштар; Стикер арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы.

ә) Интерактивті тақта арқылы бірыңғай мүшелердің тыныс белгілеріне тоқталып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің ерекшеліктерін топтастыру әдісін қолдана отырып тақтаға жазғызу.(флипчартты қолдану)

Жаңа тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу:

1-тапсырма: Жұптық жұмыс: Берілген сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құрау. Дәптерге жазу, талдау. ( Адалдық, достық, арлылық; атам, әжем, бауырларыммен; салт-дәстүрді, діл мен тілді, тарихымызды; Астана мен Алматы; өз болмысымен, жан дүниесімен, жүрегімен; Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың; туған жерінен, өскен елінен, құрбы-құрдастарынан; ақылды, ұқыпты, тәртіпті; әрең, зорға;)

2-тапсырма: Берілген өлең бойынша бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілерін қойып шығу. (Интерактивті тақтаны қолдану)

Шоқпардай, кекілі бар, қамысқұлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, ьөкен қабақ.

Ауыз омыртқа, шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жоталы, болса күшті,

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей, салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.

Жер соғарлы, сіңірлі, аяғы тік,

Жауырыны етсіз біткен тақтайдай-ақ.

3-тапсырма: Жеке жұмыс: «Қос жазба күнделігін» толтыру. Әр топқа әр түрлі мәтін беріліп, тапсырманы оқушылар жеке-жеке орындайды. Мәтіннің ішінен бірыңғай сөйлем мүшелерін табу, талдау. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар жұмыстарын ауыстырып, жұптық бағалау жүргізу.

Қос жазба күнделігі

Мәтіннің мазмұны

Бірыңғай мүшелер

Ертеде қаракесек пен қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Қызыл тарланбас өзі құтты, өзі сүтті бие еді. («Шешендік шиырлары») Бұлар Қазан, Уфа, Бұхара, Ташкент, Түркістанның медреселерінде, мешіттерінде оқыған. («Қазақ әдебиеті» газетінен) Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады. Адамдардың жаман екенін ажыратушы мен емеспін. Өйткені өзім де солардың бірімін. Қаласа да, қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. (М.М.)

Қос жазба күнделігі

Мәтіннің мазмұны

Бірыңғай мүшелер

Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да айналадағы ортамен, яғни жермен, өзен-көлдермен, ауамен және айналадағы барлық тірі организмдермен үнемі байланысқа түседі. Біз өзімізге зиян келтіріп алмау үшін сол табиғи байланыстарды танып білуіміз керек. Бір кезде қасқыр, түлкі, қабан сияқты жыртқыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді, бірақ дәл қасқырдан тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға көп шалдығатын болды. Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерде кемірушілер көбейіп кеткен.

Қос жазба күнделігі

Мәтіннің мазмұны

Бірыңғай мүшелер

Тәңірі түркілерді мемлекетке ие қылды. Заманымыздың хандарын түркілерден шығарып, дәуірдің, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты: оларды адамдарға бас қылды; шындық істерде оларды қолдады; олармен бірге күрескендерді құрметтеді әрі соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады.

Тәңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ауасы таза, шұрайлы өлкелеріне орналастырған да, оларды «өз қонысым» деп санаған. Оның үстіне түркілер- көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіпейілділік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиеттерге ие.

Қос жазба күнделігі

Мәтіннің мазмұны

Бірыңғай мүшелер

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. («Шешендік сөздер»)

Бәрі де: өмір де, ғылым да, ақыл-парасат та жаңа кемелденген. Жер сұлуы Көкшетау мен Сырымбет, оқу ордасы Омбы Петербург, әскер қаласы Семей мен Верный, сауда жері Қашқар мен Ақсу, ұрыс-тартыс майданы Пішкек пен Әулиеата артта қалғанмен, ердің алдына нысана, мәре болар қырқасы да, қиясы көп жол-соқпақтар барды. (С. Бақб)

Таңертең алыстан күркіреген күндей күңгірт естілген соғыс үні енді ашық әрі жақыннан естіледі. (Ғ.М.)

4) Ой толғаныс кезеңі: Үлестірмелі қағаздар арқылы семантикалық карта толтыру, дұрыс жауабы мен бағалау шкаласын интерактивті тақта арқылы көрсетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Мысалдар

Бір. баст.

Бір. баян.

Бір. толық.

Бір. анық.

Бір. пысық.

Ұқыптылық, тұрақтылық

+


Ағаммен, ініммен

+

Жүгірді, секірді

+

Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың

+

Әрең, зорға


+

5) Кері байланыс орнату: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін түстер арқылы көрсету.

Қызыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.

Сары түс: Бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.

Жасыл түс: Сабақтан жаңа идеяларды байқадым.

6) Бағалау: Бағалау парағы бойынша топ басшыларының есебі.

Бағалау парағы

Аты-жөні

Топтық бағалау

Жұптық бағалау

Жеке бағалау

Қорытынды баға




  1. Үйге тапсырма беру: ереже жаттау, 65 - жаттығу.



Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (8-сынып)

© 2010-2022