Тәрбие сағаты: Наурыз -жыл басы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Наурызым берекем-Наурызым мерекем»

Жүргізуші:

Қош келіпсіздер құрметті қонақтар,мен ауыл тұрғындары!

Бүгін сіздермен бірге өткізгелі отырған,Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған -«Наурызым берекем-Наурызым мерекем»атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұхсат етіңіздер!!

Жүргізуші:

Халықтың пейілінен жаралғандай

Сұлу күн шуағынан табылғандай

Ел мен жер елжірескен қуанысқанНаурызда ажар қандай,арай қандай

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен

Мейірім танысын деп тасып өткен

Наурыз-сән -салтанат ұлттық рух.

Бақытты наурызы бар халқым неткен.

«Наурызым берекем,Наурызым мерекем» атты мерекелік іс-шарамызды ашып беруге Ауыл биі Жақсыбаев Мейрамбек ағамыз бен Тасқұдық негізгі орта мектебінің директоры Бекбаева Эльвира апайымызға береміз.

Жүргізуші:

Ауылда қариясы бардың қазынасы бар дейді халқымыз, олай болса ортаға Қасым атамызды шақырып,Наурыз тойға бата сұрасақ,қане келіңіз ата мына ұлыстың ұлы күнінде батаңызды беріңіз.

Жүргізуші:

Көңілдерде күй тасуда

Той туған, ел қырқасында

Билеп, ән сап қуанамыз

Наурыз тойы қарсаңында

Қуаныш Жанардың орындауында «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Елтеміз жыр мен сазыңа

Қарамай жол мен азыңа

Өн бойы шаттық, ән мен күй

Наурызым ұлттық қазына -дей келе мектептің жанынан ашылған «Нүргүл» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің өнерлерін қабыл алыңыздар.

«Жаяу» биі

«Көбелек» биі

«Көкпар» биі

«Қамажай» биі


Жүргізуші:

Наурыз тойды береді,халықты жинап ауылдан

Дастарханы кең достар,ақ тілегін айта сап

Қонаққа да құт қой деп жібереді той жасап

Қыран құстай қалықтап, кету үшін көңілің

Наурыз тойдай шарықтап, өту үшін өмірің

Болашаққа біржола, беку үшін сенімің

Алғысын ал,қазыналы қарттардың

Ниеттерің қабыл боп,көргенің болсын алтын той-дей келе жақсы дәстүрді бастап отырған 1979 жылғыларға арнап Ағабек Табиғат пен Қуаныш Жанардың орындауында «Армандостар» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Тасқұдық ауылының салт-дәстүрді бойына сіңірген,барыс бейнелі болашағымызға жеткізер ұрпақ тәрбиелеп отырған келіндер бар қаншама, яғни «Келіндер» сайысын бастаймыз!

Жүргізуші:

Тақырыбы: « Қазақтың келіндері - ай» атты сайыс (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата - ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі өткелі отырған:

« Қазақтың келіндері - ай» атты сайысына қош келдіңіздер.


Жүргізуші:

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін - деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
1 - ші «Ару ана» тобының келіндері:
2 - ші «Ақ босаға»тобының келіндері
3 - ші «Ақжаулықты келіндер»тобының келіндері


Жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.

Жүргізуші:

Кезекті әділ - қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1

2

3

4

5


Жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса « Қазақтың келіндері - ай» атты сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.


Жүргізуші:

Сайыстың барысы
I Қане таныс болайық топты таныстыру
II Өнерлі өрге жүзер өз өнері
III Қазақтың ырымдары - тиымдар(сұрақ - жауап)
IV Көрніс (салт - дәстүрге байланысты)

V Қамыр елеу,жайу - кесу

Жүргізуші:

Өлең қуып келіндер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген 3 топтың келіндері кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

I Кезекті «Қане, таныс болайық» таныстыру кезеңіне береміз.

Әділ қазы алқалары таныстыру кезеңінің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші:

Армысың, жиылған жұрт, асыл халқым,
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр - салтын
Ынтымағын, елдігін биік ұстап,
Шығарған талай жерде қазақ атын

Кезекті «Өнерлі өрге жүзер» өз өнері кезеңіне береміз.
Әділ қазы алқалары өз өнері кезеңінің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға
Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда
Қазақтың салт-дәстүрлері(сұрақ - жауап) кезеңіне береміз.Әр топқа 2 сұрақтан беріледі (сайыскерлеріміз әділ қазы алқасының алдында тұрған сұрақты алып топпен ақылдасып жауап береді)
Әділ қазы алқалары сұрақ-жауап кезеңінің бағасын берсеңіздер.

Жүргізуші:

Наурыз - салт, Наурыз - дәстүр, Наурыз дінің
Жыл басы, Ұлыс күні, жаңа жылың
Көктем көк көл - көсір боп жердің жүзі
Көк басар туған жердің бар адырын.
Кезекті көрніс кезеңіне береміз салт-дәстүр бойынша

Әділ қазы алқалары көрніс кезеңінің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші:

Бұзбаған дәстүр менен әдет - салтын
Келіндер бар сұлулықты егіз қылып
Іскерлік бар сұлулықты егіз қылып
Ерекше жаратыпты әйел затын -
деп ендігі кезекте « Кім жылдам?» мұнда келіндер берілген уақыт ішінде қамыр елеп оны жаю,кесу керек.( ортаға келіндерді шақырайық әр топтан бір келін.)

Ән:



Жүргізуші:

Сонымен сөз кезегін әділ - қазыларымызға береміз.


Қорытынды


Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі

«Қазақтың келіндері - ай» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!



«Көктем аруы»


5 - 9 сынып оқушылары арасындағы байқау.


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Жүргізуші:

Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!
Осы байқау 5 - 9 сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің директоры Бекбаева Эльвира апайымызға сөз берейік.

Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бекбаева Э - мектеп директоры
2. Нариков Е - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Бейсенбеков Қ - Психолог маман
4.

5.
Жүргізуші:

Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!


1 - Тур. «Өзін - өзі таныстыру» - деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - Тур. «Өз өнері», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 - Тур. «Сұрақ - жауап» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 - Тур. «Уй тапсырмасы». Арулар өздерінің үйден жасап келген
қолөнерлерін көрсетеді.
5 - Тур. «Сән үлгісі»


1 - Жүргізуші:

Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым. - деп қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ шығар сірә. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын - бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас - ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызға қошемет көрсетіп отырайық.


1 - Тур. «Өзін - өзі таныстыру» - деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.

1

2

3

4

5


2 - Жүргізуші.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

2 - Тур. «Өз өнері», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).

1

2

3

4

5



1 - Жүргізуші:

Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!

3 - Тур. «Сұрақ - жауап» әртүрлі сұрақтар беріледі.
1

2

3

4

5

2 - Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!
4 - Тур. «Уй тапсырмасы». Арулар өздерінің үйден жасап келген
қолөнерлерін көрсетеді.
1

2

3

4

5
5 - Тур. «Сән үлгісі»

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
1

2

3

4

5

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!


© 2010-2022