Қыз тәрбиесі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 56 орта мектептің математика пәні мұғалімі – Маханова Венера.Тәрбие сағаты: Қыз тәрбиесі. Қыз тәрбиесі — халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше қараған. Кішкентай кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, жаман әдеттерден аулақтатып, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. «Шешесін көр де, қызын ал» демекші, ең бі...
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 56 орта мектептің математика пәні мұғалімі - Маханова Венера.

Тәрбие сағаты: Қыз тәрбиесі.

Қыз тәрбиесі - халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты десек те, біз оған неге мән бермейміз?

Қай заманда болмасын халқымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше қараған. Кішкентай кезінен бастап, «қызға қырық үйден тыйым» дегендей, жаман әдеттерден аулақтатып, өзін көргенді жердің қызы деген атаққа ие болатындай етіп өсірген. «Шешесін көр де, қызын ал» демекші, ең бірінші ретте анасының жүріс-тұрысы, мінез-құлқына ел арасындағы өзін-өзі ұстауына ерекше мән беріп қараған. Үлкендер жағы көбінесе, «біздің заманымызда қыз бала ақырын күліп, жай сөйлейтін» деген әңгімелерінің астарынан-ақ сол заманғы тәрбиенің қандай деңгейде болғанын аңғару қиын емес. Қыз баланың тәрбиесі ұлттық болмысымызды көрсетіп, халқымыздың шырайы, ұлтымыздың ұяты болғаны белгілі.

Иә, шындығына келер болсақ, бұл жағдайларға адамдардың көзқарастарының өзгергені кінәлі шығар, бәлкім? Бір танысымның үйінде өзім осындай оқиғаға куә болдым. Қызы ызаланып, анасына бүгінгі көшеде бір апайға жол бермегені үшін ұрыс естігенін айтып, әңгіме қылып отырды. Осы кезде анасының қызына «иә, сенің оның дұрыс болмапты» деп ақыл айтудың орнына, «неге үндемей қалдың, орнына қоймадың ба? Адамда мінез болу керек, әйтпесе олардың бәрі ойларына келгенді айтады» дегенін естігенде, не айтарымды да білмей қалдым. Осы сынды ананың тәрбиесін көрген қыз бала қандай бағытта көзқарасы дамитындығы белгілі. Мүмкін, қазір жаһандану заманының талабы осы ма екен? Бірақ дамыған елдердің қай-қайсысына барсаңыз да мәдениетті адамдар емес пе? Соларға қызығып, соларға еліктеп жүрміз ғой. Қай мемлекет болмасын үлкенді үлкен, кішіні кіші деп сыйлайды емес пе? Ал осы дамыған елдердің қатарына кіреміз деп ұмтылып жүргенімізде қарагөз қыздарымыздың тәрбиесі жайлы ойлансақ болар еді. Ең алдымен аруларымыздың өздері осы тараптан ойланса жақсы болар еді.Қазіргі кезде қоғамдық орындарда қыз балаларымыздың дөрекі қылықтары, темекі шегіп, балағат сөздерді айтып, үлкен кісі отырса да қымсынбай қандай тақырыптағы әңгіме болсын ашық айтып отыратынын да талай рет көрген шығарсыздар. Тіптен, жігіттерімен құшақтасып, адамды ұялтар қылық жасап оты-ратыны да бар. Осыған шыдамаған үлкендер қауымы үнсіз тұрып кетіп жатады. Кейбірі қыз бала ғой деп ақыл айтып, қылығының орынсыз екенін түсіндіріп жатса да, «ой, қойшы соны, қай заманда қалып қалған, қазір ХХІ ғасыр» деп жататынына да куә болып жүрміз. Сонда ХХІ ғасыр талабы осындай ма? Үлкенді сыйламай, тіпті қоғамды сыйламай өмір сүр деп үйретеді ме? Жоқ, әрине. Бұл жай ғана өз ісіне айтар сылтаулары шығар.Қыз балалардың қылығы өзгеріп, дөрекіленіп бара жатыр. Кімнің қыз, кімнің ұл екенін де кей кездері ажырата алмай жатамыз. Шаштары қысқа, үстіндегі киімдері ұл балалардікі сияқты, сөздері балағатқа толы, ауыздарында сағыз. Ала көзденіп, айналасындағы адамдарға менсінбеушілік танытып, бәрі соған қызмет ететіндей сыңай танытып тұрады. Сонда қыз балаларға арналған киім жоқ болғаны ма? Мүмкін, бұл ерекшеленудің бір түрі шығар? Біздің қазақи болмысымызға жат мұндай қылықтар қайдан келді? Мұның астарында не жатыр деген сынды сұрақтар көкейімнен кетер емес.

© 2010-2022