Халқымыздың мәдениеті мен салты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлері


Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән,күйлерді тыңдай отырып, билерін,ою-өрнектерін,зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз, қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар, түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тән бауырмалдық,ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әрхалықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап,бірін-бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.

Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.

Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.

Келін түсіргенде орындалатын салт-дәстүрлер

Келін түсіруге байланысты орындалатын салт-дәстүр ежелден келе жатыр. Бұрынғы қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі мағыналы түрде орындалатын болған. Ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып, шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді «Мұрындық ана» деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы, үрім бұтағы өскен, елге беделді, салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен жас келінге «осы ананың жолын берсін» деген ырымды көздеген. Отау ішінің жиһаздары жиналған.

Қалыңдықты ауыл келішектері мен жастары күтіп алып, шашу шашып, құрылған шымылдықтың ішіне келген келінді кіргізеді. Шымылдықты құрғаны үшін сый алады. Абысындары басына орамал салып, тағы басқасы отқа май құйғызады. Сол қызметтері үшін енелері сыйлық сыйлайды. Орамал салғаны енді келін болды дегенді білдіреді. Жас келінді көргісі келгендер үлкен келіндеріне, немесе,жеңгелері мен апаларының біріне көрімдіктерін береді. Келіннің бөлмесіне апарып, келінмен таныстырады. Танысқан адам келінге шашу шашып, «қадамың құтты болсын!» деп тілегін айтады.

Беташар болмайынша, келін шымылдықтан шықпай,іске араласпай отырады. Келінді көруге келгендерге ол ізеттілік білдіріп, орнынан түрегеледі.

Жаңа түскен келінді туыстарымен көпшіліктің алдында таныстыратын беташар болады. Келіннің бетін ашатын ақынды дайындап қояды. Суырып салма ақын әншілер келіннің келу құрметіне арнап өлеңдер айтады. Келіннің бетін ашпас бұрын, асаба жиылған қонақты орналастырып, беташарға дайындайды.

Беташар

Жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстыру-халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дәтүрі. Келіннің бетін ақын жігіт өлеңменен ашады. «Беташар» айтар жігіт, ақындығына қоса, әншілігі де бар, әзіл-оспаққа жүйрік болғаны жөн. Беташар әр жерде әр түрлі өтеді. Кейбір жерлерде, күндіз туған-туыстарына той жасалып, барлық туыстары жиналған соң, беташар жасайды. Ақын жігіт той басқарушы мен той иелерімен ақылдаса отырып, келінге сәлем салғызатын адамдардың тізімі мен отбасындағы орындарын жазып алады. Өлеңге қосып, әрқайсысының атын шатастырмай айту үшін, дайындалып алады. Басына, бетін көрсетпей, орамал жапқан келінді екі абысыны екі жағынан сүйеп, алдын ала дайындап қойған жерге алып шығады. Екі жағында тұратын келіндер жас келінге ең жақын абысындары болуы қажет. Мұның өзі абысындарының өзінен кейінгі келінге көрсеткен өнегесі, әрі абысындар арасындағы сыйластықты бір-біріне білдіру жолы болып табылады. Өйткені «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық»деген сөздер алғаш келген келін сәлем салғанда демеген абысындарға да қатысты. Бұл кезде келінді сүйеп ұстап тұрған жас абысындары да келінмен бірге сәлем жасап, келінге үлгі көрсетеді. Бет ашуға дайын тұрған ақын, көпшілік алдында келінге және көпшілікке арнап өлең айтады. Келіннің жанұядағы орнын айта келе, жаңа түскен жеріндегі жігіттің жақын туыстарымен таныстырып, сәлем бергізеді. «Беташардың» мағынасы-енді қыздың жаңа жанұяға келіп, қызметінің өзгергенін білдіреді. Қыз күнінде жасаған қылықтарын тастап, әдепті келін болуы жайлы осы жерде айтылады. Айтылатын өлеңнің мазмұны-жалпы үлкендер алдындағы инабаттылық,әдептілік міндеттерін сипаттап, ақыл айту. «Беташар» айтатын адам, жанұяға жаңа келген келінге, осы екі жастың қуанышын тойлауға келгендердің қайсысының кім екенін, қандай туыстық жақындығы бар екендігін айту. Ата-енесімен, қайын аға,қайын апа, қайын сіңлі, қайын інісінің беделін, қадір-қасиетін таныстырады да, тізе бүктіріп сәлем салғызады. Жақын ағайындарының атын атап, оларды да таныстырады. Ата-енесінің айтқандарын екі еткізбей, құрметтеуін айтады. Туған-туыстары қонаққа келгенде, қабақшытпай, қонақжайлылық танытуын, қадірлеуін де айтып кетеді. Сәлем алған адам жас келінге беретін сыйын атайды да, сәлем салғызған ақынды да құр қол қалдырмайды.

Келіннің бетін ашқан ақын жігітке үлкендер мен келіннің ата-енелері ризашылықтарын білдіріп, сыйларын сыйлайды.Келіннің бет-жүзін отырғандар көріп, тілектерін айтып, шашу шашады.

Беті ашылған келін, енді жас келіннің қолынан шай ішкісі келген қонақтарға шай құяды.

© 2010-2022